Түсінік хат
Көркем жазу(грек.kalliqraqhi ара,.хүсни-хат-сұлулық,әдемілік,көркемдік,жақсы сапа)-анық,әдемі жазу өнері. Ислам діні елдерінде көркем жазу өнеріне үлкен көңіл бөлінген.Құран үшін,мемлекеттік мәні бар жазбалар үшін арнайы әшекейлі жазу түрі қолданылған.VII ғасырдан бастап ол куфи деп аталатын.Араб жазуының насхи,насталик жазуы да(Х-ХVғғ.)кең тарап,әдеби,ғылым текстерді көшіруші ірі каллиграфтар шыққан.Араб мәдениеті тарихында атақты шаирлардың кітаптарын көшіріп,халыққа қолжазба күйінде таратушы-хүсни-хатшылардың (полиграфтардың) қызметі де жоғары бағаланған. Кейінгі ғасырларда кітап басу ісінің еркендеуіне байланысты Көркем жазу өнері фафика,көркемдеу салаларында ғана шектеліп қалды.Кейіннен бастауыш мектепте пән ретінде қалыптасты.Қазіргі кезеңде Көркем жазу елімізде бастауыш сыныптарда оқытылатын қазақ тілі бағдарламасына арнаулы курс ретінде еніп отыр.Көркем жазу қағидалары әсіресе грамматика мен емлені оқытуда басшылыққа алынады.Жазудың графикалық жақтарын үйретудегі мақсат дыбысты әріппен белгілей білу,жазудың сыртқы түрін,әріптердің әдемілігі мен тіркесу жолдарын игеру,әріп элементтерін сақтай жазу,шапшаң жазу,көшіріп жазу,естіп жазу,санаумен жазу,сөйлемді тұтас тексті дұрыс,анық,таза жаза білу,ойын бірте-бірте жазба түрде баяндай білу секілді дағдыларды меңгеру болып табылады.Жазу процесінде оқушы дұрыс отыру керек,қаламсапты дұрыс ұстауы керек,дәптерді партаға орналастыру,осының әрі баланың көзіне,жазуына жұмыс қабілетіне әсерін тигізеді.Отырғанда орындық партаға кіріп тұруы керек,сол қол дәптерді басып тұрады,ал оң қолдың басы дәптер де жатады.Бала мен партаның арасында жұдырық сиятындай болуы керек.Көз бен дәптердің арасы 30см болуы шарт.Жарық сол жақтан түсуі керек. Жазу ұзақтығы 1 сыныпты 5 минут,2 сыныпта 8 минут,3 сыныпта 12 минут,4 сыныпта 15 минут.Одан ұзақ жазу баланы шаршатады.Арасында балдарды демалдырып,сергіту жаттығуларын жасаған жөн.Мектепке алғаш келген оқушының жетекшісі әрекеті ойын,ал штрихтау ойыны түрінде жүргізіледі.Әр түрлі зат бейнесін,геомертриялық фигураларды штрихтау баланың қолын жаттықтырмайды,оның сөйлеуі мен ойлауын дамытады.Штрихтау арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн.Штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балалар заттардың пішінін,құрылысын жазықта қалпын еркін қабылдап,оң,сол,шеті,жоғары,төмен,түзу,қисық,дөңгелек т.б ұғымдарды меңгереді.
«Көркем жазу» пәні барлығы 32 сағат, аптасына 1 сағаттан.
ІІ тоқсан
9
«С» әрпі
1
9.11
10
«У» әрпі
1
16
11
«Ы» әрпі
1
23
12
«Д» әрпі
1
30
13
«Т» әрпі
1
7.12
14
«М» әрпі
1
14
15
«Н», «Ң» әріптері
1
21
16
«Г», «Ғ» әріптері
1
28
ІІІ тоқсан
17
«Ж» әрпі
1
11.01
18
«І» әрпі
1
18
19
«Ә» әрпі
1
25
20
«К», «Қ» әріптері
1
8.02
21
«Е», «Ё» әріптері
1
15
22
«Б» әрпі
1
22
23
«И», «Й» әріптері
1
8.03
24
«З» әрпі
1
15
ІҮ тоқсан
25
«Ү», «Ұ» әріптері
1
5.04
26
«П» әрпі
1
12
27
«Я» әрпі
1
19
28
«Ю әрпі
1
26
29
«Х» , «Һ» әріптері
1
3.05
30
«В», «Ф» әріптері
1
10
31
«Э», «Ч» әріптері
1
17
32
«Ь» , «»Ъ» әріптері
1
24
Мақсаты:
- Оқушыларды көркем жазуға дағдыландыру;
- Таза жазуға бейімдеу;
- Жазу шапшаңдығын арттыру ;
Міндеттері:
- Әріп элементін дұрыс жазуға дағдыландыру ;
- Таза жазуга үйрету ;
- Сөздердің ара қашықтығын сақтап жазуға үйрету ;
- Әріп элементтерін дәл көлбеу жазуға үйрету ;
- Көркем жазу дағдыларын қалыптастыру ;
- Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, әдемілікке тәрбиелеу ;
Қолданылған әдебиеттер тізбегі :
«Көркем жазу» дәптері. С.В Трофимова. - Алматы ; 2016 ж
Келісемін: Бекітемін:
«Маңғыстау аудандық «С.Жаңғабылов атындағы
білім үйлестіру орталығы» орта мектеп»
ММ директоры: ММ директоры:
С.Т.Бусаханова Б.Л. Себепбай
-------------------------- -----------------------------
«------» --------------- «------» ------------------
Көркем жазу
( үйірме )
1 «Б» сынып
Рысбаева Е
С.Жаңғабылов атындағы орта мектеп
2016 -2017 оқу жылы