5-сыныптағы қазақ әдебиеті пәні бойынша сабақ жоспары
Тақырыбы: Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Пән мұғалімі : Увалиева Гүлзипа Мүбаракқызы
Білімділік: оқушылардың Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының “Ұшқан ұя» романының үзіндісі «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісінің мазмұнымен танысулары, түсінік қалыптастырулары бойынша іс-әрекеттерін ұйымдастыру. Дамытушылық: оқушылардың мәтінді мәнерлеп түсініп оқу, әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы және жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді айыра отырып, ертегінің идеясын түсінуге ықпал ету. Ізденімпаздық, қисынды ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды қазақтың ұлы тұлғаларын құрметтеуге, шығармаларын оқуға, әділдіктің зұлымдықты жеңетіндігіне сенімді болуға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері:
Оқушылардың тапсырмаларды түсіне отырып, сыни тұрғыдан ойланып, саналы орындау, сұрақтарға сауатты жауап беру, әңгімелеу дағдылары қалыптасып келеді.
Түйінді идеялар:
Оқушылар топтық жұмыс кезінде сабаққа белсене қатысады. Жауаптары сапалы, қисынды.
Сабақтың әдіс-тәсілдері
Сұрақ-жауап, оқу, жазу, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
а) амандасу, түгендеу;
ә) сынып тазалығына көңіл бөлу;
б) сыныптың ахуалын қалыптастыру.
Оқушылар алдын ала дайындалған қима қағаздар арқылы «Арыстан», «Жолбарыс», «Қыран» деп үш топқа бөлінеді.
Әр топтан 1 оқушы сыныпқа арнап тілектер арнайды.
- Бүгін сендердің жауаптарыңды мына қоржындағы асықтар арқылы бағалаймын. Толық, нақты жауап үшін 2 асық, толық емес жауапқа 1 асық беріледі. Ең көп асық жинаған топ жеңімпаз болады.
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару мақсатында тілдік орта қалыптастыру. Блиц-турнир:
Әдебиет дегеніміз не?
Әдебиеттің қандай түрлері бар?
Ауыз әдебиетінің қандай негізгі түрлері бар?
Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы кім?
Ал, бүгін біз неліктен «Арыстан», «Жолбарыс», «Қыран» деп бөліндік? Ендеше осы Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген өлеңінің бірінші шумағын бәріміз бірігіп айтайықшы.
1-әрекет. Үй тапсырмасын сұрау - Б.Момышұлы туралы әңгімелеу. Слайд арқылы бекіту.
Бауыржан Момышұлы кім?
даңқты жауынгер халық қаһарманы
Кеңес Одағының Батыры
жазушы
ақын әскери педагог
2-әрекет. Жаңа сабаққа көшу. Мағынаны тану. Бауыржан Момышұлының “Ұшқан ұя» романының үзіндісі «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі бойынша әр түрлі тапсырмалар орындаймыз.
1) Ол үшін осы ертегінің мультфильмдегі нұсқасын тамашалайық.
2) Алдын ала 140-беттегі ертегіні оқып келуге тапсырма берілген.
Осы мультфильм мен оқулықтағы ертегінің кейпкерлерінің арасында қандай айырмашылық бар? (Оқулықтағы ертегіде Сүлеймен патша бар, жылан, мультфильмде Сүлеймен патша жоқ, жыланның орнында үш басты айдаһар).
3-әрекет. Жазылым. Біліктілік дағдыларын қалыптастыру.
1) Ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді табу, оқулыққа сүйене отырып сипаттау (басты кейіпкерлердің суреттері).
2) Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.
«Арыстан» тобы:
1. Сүлеймен деген кім? Ол қандай адам болған?
2. Жауды жеңген не? Ол жауды қалай жеңді?
3. Жылан патшаға қандай тілек айтты?
«Жолбарыс» тобы:
1. Хабаршы масаны не алдымен көрді?
2. Маса қарлығашқа қандай хабар айтты?
3. Қарлығаш не істеді?
«Қыран» тобы:
1. Қарлығаш Сүлеймен патшаға қандай жауап айтты?
2. Жылан не істеді?
3. Неліктен қарлығаштың құйрығы айыр екен?
3) Әр топқа суреттер (басы жоқ жылан, құйрығы жоқ қарлығаш, тұмсығы жоқ масаның суреттері) беріледі, сол суреттерде жетпей тұрған жерлерін салып, не істегендерін әңгімелейді.
4) Әр топқа абзацты оқуға тапсырма беріледі, соңынан оқулықты жауып қойып, осы абзацты қиылған сөйлемдерден құру керек.
«Арыстан» тобы:
Күндердің күнінде Сүлейменнің патшалығына жау шауып, әлек салғанда жау бетін у себелеп қайтарған жылан екен.
Бұл баға жетпес ерлікке риза болған Сүлеймен патша жыланға:
- Қалауыңды айт, не тілесең, соны берем,-депті.
-Мен және менің ұрпақтарым жер бетінде ең тәтті қанды сорып өтсе деп тілеймін,-депті жылан.
«Жолбарыс» тобы:
Содан патша ине тұмсық шаққыш жәндіктерді шақырыпты да, дүниенің төрт
бұрышына жұмсапты. Ұшып жүріп, жан-жануарды шағып, қанын сорасыңдар,
сонан кімнің қаны тәтті екенін анықтап қайтасыңдар деп жарлық етіпті.
Патша жарлығын бұлжытпай орындауға шабармандар ұша жөнеледі.
«Қыран» тобы:
- Адамның қанынан тәттісі жоқ. Тілімнен дәмі әлі кетер емес...
- Кәне, тіліңді көрсетші!
Ақымақ маса тілін шығара бергенде қарлығаш оның тілін көмейімен жұлып алыпты.
- Өтірік айтқаннаң тілі осылай кесіледі! –деп қарлығаш қуаныштан сайрап жіберген екен.
Сергіту сәті. «Ойлан тап» ойыны.
4-әрекет. Ой қозғау. Сабақты бекіту: Ертегі мен мультипликациялық фильмдегі кейіпкерлер.
5-әрекет. Сабақты бағалау: оқушылар жинаған асықтар санына қарай бағаланады.
6-әрекет. Үй тапсырмасын беру: 146-беттегі №6 тапсырманы орындау.
Рефлексия
[pic]