Сутбаев Абубакир
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№17 орта мектеп
Мақсаты:
білімділік – Оқшау сөздер туралы оқушылар білімін нығайту,
дамытушылық – топтық жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, сын тұрғысынан ойлауға, салыстырмалы талдау жасауға үйрету,
тәрбиелік – ұжымдасып өзара көмек көрсете білуге баулу, топтық жұмыстағы өзара сыйластыққа үйрету,
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Сабақтың түрі
Топтық түрдегі сабақ
Көрнекілік
Үлестірмелі материал: маркер, ашық сұрақ парағы, бағалау критерийлерінің парағы.
Әдіс-тәсіл:
Топтастыру, сын тұрғысынан ойлау, өзара бағалау, диалогтік тәсіл.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар өз ойларын жеткізеді, бір-бірін мұқият тыңдау арқылы өзара сыйластық ахуалды қалыптасады, бағалау критерийлері берілгендіктен оқушылар талапты алдын-ала біледі, ортақ қорытынды шығарады.
Тапсырмалар
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру
2. Қызығушылығын ояту:
қызықтыру әдісімен сұрақтар
3. Жаттығулар орындау:
4 Ережелер сөйлейді
Жаттығумен жұмыс
Үй жұмысы
Қалай орындау керектігін түсіндіру
1.Топқа бөлінеді
2. «Миға шабуыл» (сұраққа жауап беру арқылы тақырыпқа назары ауады
3 Жаттығуды орындауды (сөйлемде оқшау сөзді табады)
4 Ережелердің анықтамасын айтады
5 Жаттығу жұмысын жасау.
.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: 1. Сәлемдесу 2. Оқушыларды түгендеу
3. оқушыларды 4 топқа бөлу, топ атауын құрастыру, топ басшысын анықтау.
Үй жұмысын сұрау:
Үйге берілген 65 -жаттығуды сұрау
«Миға шабуыл» әдісі:
1. Жалпылауыш мүше дегеніміз не?
2. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?
3. Қосарлы айқындауыш дегеніміз не?
Айқындауыштың қандай түрлері бар?
Жаңа тақырып:
Балалар «оқшау» деген сөздің мағысынқалай түсінесің.
Сөйлемнің құрамында өзге сөздермен байланысқа түспейтін, сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайтын сөзер мен сөз тіркесін оқшау сөздер деп атаймыз.
Мысалдар құрылысы
Менің ойымның үстінен түстің,Ботагөз.
Қаратпа сөз
Бәсе, солай болады деп айтып едім ғой.
Қыстырма сөз
Алақай,біз бүгін жеңіп кеттік.
Одағай
Оқшау сөздер сөйлемде үтір арқылы оқшауланып тұрады.
І топ.Сәйкестендіру.
1.пәлі,шіркін, бәрекелді, шөре шөре а)қыстырма
2.қарағым, айналайын, балам б) одағай
3.әрине,сөйтіп, шынында в) қаратпа
ІІ топ. Оқшау сөзге сөйлем құрау.
1........................ , ақсақал,
2. ......................, қап,
3. .....................,сірә, ................ .
ІІІ топ. Оқшау сөздерді қатыстырып, «Егін даласында» тақырыбына мәтін жазу.
Топтық жұмыс. 66-жаттығу. Қыстырма сөздерге сөйлем құрастырыңдар.
«Адасқан сөздер».
1.сынақ ертең оқушылар болады.
2.келмейтін сірә бүгін ол шығар.
3.шіркіннің па дауысын ай.
Талдау табыс кілті.(сөйлем талдау)
І топ.
1.Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау.Түс ауа үйге Рахат келді.
2.Сәуле атайдың айтқанынжазып алды.
3.Жолдастар келер ұрпақ жыр етерұлы науқанды бастағалы тұр.
ІІ топ.қыстырма сөзді тиісті орнына қою.
1. ....,темір жолға тікетартқан жөн бе деймін.
2. ... Шеген хатты сирек жазады.
3.Бүгін, ...,қоймаға он жеті арба тары кетті.
ІІІ топ. Берілген сөйлемнен одағайлар астын сыз, тыныс белгісін қой.
Пәлі.Ақын ғой мынауың деді Қоржынбай. Туу сізде шақпақ барын ұмытып кеткем екем ғой.Әттеген ай оғы құрғыр да жоқ болды ау деді Қатар назаланып.
Кітаппен жұмыс 67-жаттығуды орындату
Мәтіннен оқшау сөздерді тауып, қай түрі екенін табу.
Бекіту тапсырмасы: оқшау сөздер қай сөз табына жата ма?
Оқшау сөздер қандай түрге бөлінеді?
Қаратпа сөзге мысал айт ?
Одағай сөзге мысал айт.
Топтық жұмыс.68-жаттығу. Мына сөйлем мүшелеріне талдау..
Үйге тапсырма 69- жаттығу. Мәтіндегі сөйлемдерден оқшау сөздерді тауып, ерекшеліктерін анықтау
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау :
Әр оқушы өзін бағалайды.
Бүгінгі тақырып бойынша өзін қаншалықты білгенін бағалау. Оған жұбы көмектесуге болады.
Жақсы білемін.
Орташа білемін
Нашар білемін
Сабақ соңында рефлексия