Сабақтың тақырыбы: Еңбек түбі – береке
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды мақал - мәтелдердің мағынасын түсінуге, оларды айта білуге үйрету.
2. Тілдерін ұштау, шешендікке баулу.
3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілік:
Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер: «Жақсы жұмыс – жанға тыныс», «Еңбек түбі – зейнет», «Еңбексіз өмір – сөнген өмір», жұмбақтар.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: «Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз, сөздің көркі – мақал», – дейді халық. Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі – мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі. Олай болса, балалар бүгінгі сынып сағатымызда мақалдар айтып, бір-бірімізбен жарысайық. Сыныпта 24 оқушы болғандықтан 4 топқа бөлінеміз.
І. Әр топ кезектесіп еңбек туралы мақал айтады және мағынасын түсіндіреді.
І топ
Кәусар:
Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер
Мансұр: Айгүл:
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
Аян:
Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
ІІ топ
Аруай:
Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.
Анель:
Ерінбесең, еңбегің өнеді.
Т.Бекарыс:
Еңбексіз мал дәметкен – қайыршылық.
К.Мерей:
Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады.
ІІІ топ
Алинұр:
Еңбек ет те мақтан,
Ойнап күл де шаттан.
Рушана:
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Әсемгүл:
Ердің атын еңбек шығарар.
Ақжол:
Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
Мәжид:
Ерінбесең еңбегің өнеді.
ІV топ
Көмек:
Еңбек етпеген азады..
Гүлжанат:
Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.
Марина:
Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.
Келесі айналым: Мен мақалдың алғашқы жолын оқимын, ал сіздер әрі қарай жалғастырасыздар. (барлық топтар қол көтеріп жауап береді)
1. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті болар).
2. Еңбек түбі – береке,…(көптің түбі – береке).
3. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы).
4. Отынды шапқанға жақтыр,…(малды тапқанға бақтыр).
5. Ексең егін,…(ішерсің тегін).
6. Етік тіге алмаған,…(біз таңдайды).
7. Көсеуі қысқаның,…(қолы күйер).
8. Берген – алар,…(еккен – орар).
9. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).
Мұғалім: Сонымен оқушылар, мақалдың өміршеңдігі мен қолдану аясының кеңдігінің сыры неде? Әрине, тілдің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде. Аз сөзбен көп мағына беретіндігінде. Осымен «Еңбек түбі – береке» атты сынып сағатымыз аяқталды.