Қазақстан, Батыс Қазақстан , Орал қаласы, Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Пәні: Қазақ әдебиеті
Мұғалімі: Болатова Эльмира Муратовна
Сыныбы: 7 б
Сабақтың тақырыбы: Абайдың 29-қарасөзі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Абайдың шығармашылығы мен қара сөздерін талдата отырып, білімдерін тереңдету. Әр түрлі тапсырмалар арқылы қара сөзін талдату және еркін сөйлей білуге, ойларын еркін жеткізе білуге дағдылау;
Дамытушылық: Еркін сөйлеп, іздемпаздыққа, алғырлық пен білімділікке шақыра отырып, қара сөз мағынасын терең түсіне білуге дағдылау;
Тәрбиелік: Сөз мағынасын түсіне білуге, тілді құрметтеуге, Отансүйгіштік пен тапқырлыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі:
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сыни тұрғысынан ойлау
Пәнаралық байланыс: Музыка, философия
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру сынып оқушыларын 4 топқа бөлу
Жұлдызды сәт
“Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа” (мәнерлеп жатқа айту 5 шумақ
Үй тапсырмасын бағалау.
Критерий-лер Білім жетістігінің
деңгейі /ұпайы/
Дискрипторлар
3
Өлең оқу кезінде дауыс ырғаың сақтай отырып, образға ене білуі, орфоэпиялық нормаларды сақтау қабілеті, өлеңді кідіріссіз жатқа айта білу. 100 пайыз
2
Өлеңді жатқа айта білді. Дауыс ырғағын сақтауда кемшіліктер болды. Образға енуге талпынды. 75 пайыз
1
Өлеңді жатқа айту кезінде іркіліс болды.Интонация сақталмады. 50 төмен пайыз қатысты.
Қызығушылық ояту
А) Абай – дана, Абай – дара қазақта (видео мәлімет)
Б) Жүрегімнің түбіне терең бойла
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.-деп жырлаған кім ?
- Абай.
- Мына өлеңнен қай тармаққа ерекше назар аударар едіңдер?
- Мен жұмбақ адаммын
- Ендеше бүгінгі сабақ мақсаты осы Абай жұмбағын шешу.
- Абай әдебиетке қандай жаңалық енгізді? Абай өлеңдерінен үзінді оқу
Мағынаны тану
Тақырыптық мәлімет
Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған.
Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді:
«Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».
Абайдың қара сөздерінің саны 46. Бірақ біз 46-ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз.
Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы.
Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады:
Ар-ұят, адамгершілік: 5, 9, 11, 18, 24, 40
Еңбек: 2, 4, 25, 42
Қазақ мақалдары: 5, 6, 29, 37, 39
Дүниенің тылсым сырларын тану:7, 19, 31, 38, 43
Надандық, жалқаулық т.б. сынау: 3, 6, 8, 11, 18, 44
Ғылым, білім, өнер: 25, 32, 33, 45
Қазақтардың мінез-құлқы: 4,10, 12, 15, 22, 24, 35,38
Жиырма тоғызыншы қарасөзін тыңдау
Топтық тапсырма:
І топқа: «Екі жақты күнделік».
ІІ топқа: Қарасөз дегенді қалай түсінесің?. (Топтастыру әдісі арқылы)
ІІІ топқа: Сәйкестендіру әдісі
ІV топқа: 29-қарасөздегі негізгі ой қандай? (Алтын қағида , стикерлер арқылы тақтаға іледі).
Ой толғаныс Абайша менде жырлайын... (жеке тапсырма)
1-топқа: Жарлы болсаң, арлы болма дегенге
Көкірегі ояу қазақ, сірә, сенер ме?...
2-топқа:”Шықпаса атың,-деген бар ғой жер өрте,
Мәні неткен бұл мақалдың тым ерте...
3-топқа: Ата-анадан мал тәтті
Алтын үйден жан тәтті...
4-топқа: Қос ғасырлық орындалды арман-қиял,
Алтын көрсе періште жолдан таяр...
Орындалуы.
1-топқа: Жарлы болсаң, арлы болма дегенге
Көкірегі ояу қазақ, сірә, сенер ме?
Ардан безген бес күн фәни тірлігің,
Ақрет болып көрінеді өлерде.
2-топқа:”Шықпаса атың,-деген бар ғой жер өрте,
Мәні неткен бұл мақалдың тым ерте
Жерді өртеп атанғанша бір бұзық
Сыйыншайшы кетпен менен күрекке.
3-топқа: Ата-анадан мал тәтті
Алтын үйден жан тәтті
Бағалай біл шәкіртім
Алтын менен қымбатты
4-топқа: Қос ғасырлық орындалды арман-қиял,
Алтын көрсе періште жолдан таяр
Айтындаршы Абайша ұландарым,
Бұл мақалда қаншалық ғибрат барын.
Үйге тапсырма: