Уақыты: | Қазақ тілі:
|
| Сынып: |
Сабақ тақырыбы: | Азаматтың арманы |
Жалпы мақсат: | Қазақ тілі туралы түсінік. Берілген мәтінмен жұмыс жасау барысында жаңа сөздерді үйрену. |
Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі Үлестірме материалдары |
Оқу нәтижесі: | Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, Тақырыпты меңгеріп шығуына жағдай жасау. |
Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта, постер, фломастер |
Оқыту әдістері: | Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, топтастыру, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. |
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Интербелсенді тақтадан «Серікбайдың өмірі» видеоролигін көрсету.
Екі түсті кәмпит арқылы топқа бөлінеді.
Психологиялық тренинг
«Досыма тілек» тренингі. Бір- біріне бүгінгі қазақ тілі сабағы, бүгінгі күн бойынша тілектер тілейді.
Талдау,жинақтау,қорыту
Жаңа тақырып
Азаматтың арманы
СТО: Сен анаңды қалай жақсы көресің?
Венн диаграмма
Топтарға тапсырма:
1-топ
1- тапсырма. Ана туралы өлеңді оқып, сөздіктің көмегімен аудару.
2-топ
9-бет, Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аударуға нұсқау беру.
Сөздікпен жұмыс: 9-беттегі жаңа сөздерді оқып, сөз тіркестерін жасау.
Азамат- ақылды, білімді, төзімді,әдепті, қамқор, жүрегі таза бала.
Сергіту сәті
«Қағып ал» ойыны біреуі допты лақтырып, әженің мінезі жайлы сөз айтады, екінші қағып алған бала қазақшасын айтады да келесі балаға лақтырады. Бабушка-әже- ақылды- умный т.б
Оқушылар сергіп, демалады
Шығармашылық жұмыс
Диалогтік оқыту:
Ана туралы өлең жазып, мәнерлеп оқу.
Жұптасып, Азамат мәтіні бойынша диалог құрастырады.
10-бет,4- тапсырма. Мәтіннен алынған мына сөздерге тәуелдік және ілік септік жалғауын жалғап байланыстырыңдар.Олардын сөйлем құраңдар.
Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды
Үйге тапсырмасын беру
9-бет,Сұраққа жауап беріңдер.
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
Бағалау
Формативті бағалау
Топтардың бірін-бірі бағалауы
Рефлексия
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру
«Екі жұлдыз, бір тілек »