(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген азық-түлік атауларларын аударады. Тапсырмада берілген азық-түлік атауларын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін осы тапсырмадағы сөйлесу үлгісі түсіндіріледі. Үлгі: -Сен не аласың? -Мен нан аламын. Берілген сөйлесу үлгісі бойынша оқушылар нан сөзін басқа азық-түлік атауларымен алмастырып қолдануға жаттығады. (МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар екі үстелдің үстіндегі азық-түлік атауларын атайды. Оқушылар «Үстелде не бар?» деген сұраққа әр үстел бойынша (бірінші, екінші) жауап береді. (МК, Ж) 3-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Ең алдымен мұғалім оқушыларға аламын сөзінің болымсыз түрін түсіндіреді (аламын-алмаймын). Содан кейін оқушылар тапсырмада берілген үлгі бойынша сөйлеседі. Үлгі: -Сен қайда барасың? -Мен дүкенге барамын. -Сен не аласың? -Мен нан аламын. Берілген сөйлесу үлгісі бойынша оқушылар дүкенге баратындарын және не алатындарын айтады. (М,Ұ) 4-тапсырмада берілген сөйлемді берілген суреттер бойынша толықтырып айту арқылы (Мен ... аламын ... алмаймын) азық-түлік атаулары және аламын, алмаймын етістігі бекітіле түседі. Тапсырманы орындау үшін суреттің қасындағы белгіге назар аудару керек. Мысалы: Мен сүт аламын, қант алмаймын т.с.с. Оқулықта көрсетілген белгілердің тиістісі қойылады. (МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады. |