Тақырыбы: Ғажайып күз
Мақсаты:
Мектепте «Ғажайып күз» мерекесін ұйымшылдықпен ұйымдастыра отырып, белсенділікпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке,күз-молшылық,күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу.
Түрі: сайыс
Көрнекіліктері: шарлар, нақыл сөздер, сахнада күз көріністері
1-жүргізуші: Қош келдіңіз, көрермен,
«Күзгі бал» сын-кешіне
Отырыңыз қол соғып
Шат күлкіге бөлене.
2-жүргізуші: Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар жанкүйер,әз-қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық.
1-жүргізуші: Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отырайық
Ұмыттырар күні бойғы шаршағанды.
2-жүргізуші: Екінші айы бұл күздің
Ән салып, би билейміз.
«Күзгі балын» мектептің,
Қазан айында тойлаймыз.
1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Ғажайып күз»
атты байқауға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:Құрметті қатысушылар бүгінгі сайысымыздың әділ баға беретін әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар:
1-жүргізуші:Құрметті байқауға қатысушылар! «Ғажайып күз» мерекесінің кезеңдерімен таныс болыңыздар:
1-кезең. «Кел, танысайық!» кезеңі. Әр топ өздерін таныстырады.
2-кезең. «Ұқсап көр». Яғни күз туралы әнге пародия.
3-кезең. «Күз-береке,күз-байлық». Күзгі дастарқан және экибана
4-кезең. «Кім керемет билейді?» . алдын ала берілген ттапсырма бойынша әр ұлттың биін билеу.
5-кезең. Күзгі сән үлгісі.
1-кезең. Олай болса,1-кезең Таныстыруды бастаймыз.
1-жүргізуші: Салқын тартып тұр демі,
Білдіреді күз нені?
Шым еткізер жүректі
Тырналардың тізбегі,- дей келе, ортаға бірінші топты
шақырамыз. Ортада «шие» тобы.
2-жүргізуші: Ызғырықты жел өтіне
Шыдап баққан тербетіле,
Ағаш біткен шашып жатыр.
Алтын теңге жер бетіне,-дей келе, ортаға «Алмалар» тобын
шақырамыз.
1-жүргізуші: Тұратұғын құлап көктен,
Күн де салқын қыратты өткен.
Момақансып, сылдыр қақпай.
Жылтырайды бұлақ біткен. Келесі топ шақырамыз.
2-жүргізуші: Құлақ түрсең аңдай қағып,
Күз кеткендей әнге айналып.
Жел сыңсытса қобыз тартып,
Қыр тыңдайды таңдай қағып. Төртінші топ кезек берейік.
1-жүргізуші: Әділқазы алқаларынан 1-кезеңнің бағасын сұраймыз.
2-кезең . 2-жүргізуші: 2-кезең «Ұқсап көр» кезеңін бастаймыз. Ортаға қатысушы сыныптарды шақырамыз. Әділқазы алқаларынан 2-кезеңнің бағасын сұраймыз.
3-кезең. 1-жүргізуші: Ас дәмденер түрленіп,
Пиязды біз бір делік.
2-жүргізуші: Екі дейік шалқанды,
Буға піссе ол дәмді.
1-жүргізуші: Қызылшаны үш деп қой,
Сондай тәтті тістеп көр.
2-жүргізуші: Картопты аттап өтпелік,
Саусағыңды тұрт деп бүк.
1-жүргізуші: Күнде жейтін кәдімгі,
Бес дейік біз сәбізді.
2-жүргізуші:Олай болса, «Күз- байлық, күз-молшылық, күз-береке» демекші,
3-кезеңіміз «Күзгі дастархан мәзірі». Ортаға қатысушы сыныптарды шақырамыз.
Әділқазы алқаларынан 3-кезеңнің бағасын сұраймыз.
Ойын.
Құрметті қонақтар, оқушылар! Қатысушы сыныптар келесі кезеңге дайындалғанша біз сіздермен ойын ойнайық. Ойын шартымен таныс болыңыздар.
4-кезең 1-жүргізуші:
Ерке өсіп, ең жайланған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап, жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем әнді,
Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз,-демекші , келесі 4-кезеңіміз «Кім керемет билейді?» . Ортаға қатысушы сыныптарды шақырамыз. Әділқазы алқаларынан 4-кезеңнің бағасын сұраймыз
5-кезең 1-жүргізуші: «Күз –қуаныш, күз-шаттық» дегендей, назарларыңызда Күзгі сән үлгілері.
2-жүргізуші: Адам көркі-шүберек, Ағаш көркі-жапырақ,-демекші күз белгісін бейнелеген сәнді сән үлгілерін тамашалайық. Ортаға қатысушы сыныптарды шақырамыз 1-жүргізуші:
Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,
Өмір –күрес,жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң оны ұғатын.
2 -жүргізуші: «Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнеріңді шыңдай бер, қалыспаңдар.
Көрермендер көбейсін күннен-күнге,
Келе берсін қонақтар ғарыштан да, -дей келе, осымен сайысымызды аяқтаймыз. Сайыс қорытындысын жариялау үшін сөз кезегін әділқазы алқаларына береміз.
Қорытынды. Қатысушыларды марапаттау.