№ 1 билет.
1.
- Сәлем!
- Сәлем!
- Сен отбасыңды жақсы көресің бе?
- Ия, ал сен отбасыңды жақсы көресің бе?
- Ия, отбасыңдағы сен үшін асыл адамдар туралы айтып берші!
- Менің отбасымда барлығы асыл адамдар анам мен әкем, мен, ағам мен әпкем барлығы асыл адамдар!
- Мен үшін де барлығы асыл адамдар, өйткені барлығы асыл істерді көп істейді!
- Жақсы, сау бол!
- Сау бол.
2. Астана мәтіні
Қай елдің болса да, астанасының аты оның мемлекеттік рәмізі сияқты. Мысалы, Мәскеу десе — Ресей, Пекин десе — Қытай, Лондон десе — Англия мемелекеттерін көз алдымызға елестетеміз. Біздің мемлекетіміздің бас қаласы — Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір-талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Тарихшылардың айтуы бойынша, өткен ғасырларда осы күнгі Астана тұрған орын ғұндардың батыстағы бір ордасы болған. Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады. Астана — болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр. Ол-әлемдегі көрікті қалалардың бірі.
3. «Қарт пен бала әңгімесі» мәтінін мәнерлеп оқы, аудар
«Қарт пен бала әңгімесі»
Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып:-
-Ата, мені де ала кетесіз бе?- дейді.
- Балам, мен мектепте болғалы жатқан «Ардақта ата - анаңды» атты тәрбие сағатына бара жатырмын. Сен әлі жассың, - дей бергенде:
- Ата маған сұрақ қойыңызшы, - деді бала.
-Балам, үйдің алтын қазығы кім?
- Ата, үйдің алтын қазығы – бала.
- Жоқ балам, үйдің алтын қазығы – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, аға қорғанышың, інің сүйенішің, қарыңдасың қанатың екенін ұмытпа.
- Балам жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін – мейрімді әке.
-Жоқ балам, әке қанша мейрімді болса да ананың жөні бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін – ана.
Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет?
- Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.
- Жоқ балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірге жалын береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз өмірдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін келтіреді. Адамға ақыл беретін – ата - ана, ұстаз, досың. Ата - ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.
4. Мәтіннің ішінен асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
№2 билет
1. - Сәлеметсіз бе? . Мен "Қазақтың дәстүрлері" атты журналдан келіп отырмын? Сізден қысқаша сұхбат алсам болады ма?
- Сәлеметсіз бе? Әрине, болады
.- Сіздің отбасыңызда ұрпақтан ұрпаққа берілетін дәстүрлер бар ма? Олар қандай? .
- Иә, әр қазақтың отбасында ондай дәстүрлер баршылық. Оларды айтатын болсақ: тұсау кесер, беташар, шілдехана, ат қою, кіндік шеше және т.б
.- Сіздің отбасыңызда ұрпақтан ұрпаққа берілетін дәстүрлер бар ма? Олар қандай?
- Менің ойымша, отбасында әдет-ғұрыптарды және салт-дәстүрлерді сақтау үлкен рөл атқарады. Және оның болашақ ұрпаққа деген тәрбиелік маңызы зор.
Ал Сіз өзіңіз отбасында қандай дәстүр қалыптастырдыңыз?
Мен отбасыммен әр жылда алғашқы қар жауғанда "аққала" жасауға шығамыз, ал шілденің бірінші күнінде отбасымызбен көлге шомылуға барамыз.
.- Сұхбатыңызға үлкен рахмет!
Сау болыңыз!
2. Мемлекеттік Рәміздер – [link]