Интеллектуальный конкурс по казахской литературе

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Әдебиет білгірі»

(интеллектуалдық сайыс)

Мақсаты:

1. Оқушылардың қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру. Қазақ әдебиетін құрметтуге, оны сүйіп оқуға баулу.

2. Берілген тапсырмалар арқылы оқушыны адами ізгі қасиеттерге, арлы-ожданды болуға, елге деген парызын ұмытпауға, намысты жастан сақтауға баулу.

3. Дүниетанымын кеңейтуге, логикалық ойлау, шапшаңдық ізденпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, өз пікірін еркін, дәлелді жеткізе білуге дағдыландыру.

Түрі: сайыс

Сайыстың барысы:

Мұғалім: Әдебиет – халық айнасы. Себебі ол халықтың бар болмысын, тұрмыс-тіршілігін бейнелейді. Әдебиет - сөз өнері, әсемдіктің әлемі. Әдебиет - «адамтану құралы», «адамды тәрбиелеу құралы». Олай болса бүгінгі сабағымызда қазақ әдебиетін сүйіп оқитын «әдебиет білгірін» анықтамақпыз.

Ендеше «Әдебиет білгірі» атты сайысымызды бастайық. Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлеріміз бен бүгінгі сайысымызда әділ бағасын беретін әділқазы алқасымен танысайық. (Ортаға сайыскерлер шығып, олар таныстырылады.)

  • 1-кезең. «Сұрақ – бізден, жауап – сізден» деп аталады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай, сұраққа бірінші болып қол көтерген оқушы жауап береді. Бұл кезеңде ұпай саны аз қатысушы алты оқушының бірі ойынды тоқтатады.

  1. Жыршы дегеніміз кім? / ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, батырлық, тарихи, ғашықтық жырларды айтып таратушы.

  2. М.Әуезов ертегілердің неше түрін атап көрсетеді? /3

  3. Ж.Аймауытовтың туған жылы мен туып-өскен жері? / 1889-1931 Павлодар обл. Баянауыл ауданы

  4. М.Әуезовтың тұңғыш көркемдік туындысын атаңыз. / «Еңлік – Кебек»

  5. Жамбыл өзінің пірі ретінде санаған ақынды табыңыз. / Сүйінбай

  6. С.Торайғыровтың Тройцк қаласына бару мақсатын анықтаңыз. / Оқуды армандаған

  7. М.Жұмабаевтың өмір сүрген жылдары. / 1893-1938жж.

  8. І.Жансүгіровтың «Күйші» поэмасының басты кейіпкерінің есімін атаңыз. / Күйші дейді, аты аталмайды

  9. І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы Құлагер тағдыры қандай болады? / Құлагер өледі

  10. ааба үлгідегі өлең ұйқасы? / Қара өлең ұйқасы

  11. «Қамар сұлу» романының авторы? /С.Торайғыров

  12. Жамбылдың өзінің ұлына арнаған өлеңі. / «Алғадай туралы әрбір ой»

  13. Ж.Аймауытовтың прозалық шығармаларын атаңыз. / !ақбілек», «Қартқожақ», «Әнші», т.б.

  14. Ж.Жабаевтың дастандарын атаңыз. / «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр»

  15. М.Әуезов білім алған оқу орындарын атаңыз.

/ 1908ж. Семейдегі бес жылдық орыс училищесі,

1919ж Семейдегі мұғалімдер семинариясы.

1928ж. Ленинград университеті.

1930ж. Ташкенттегі Орта Азия университетінің аспирантурасын бітіреді.

  1. М.Әуезовтың прозалық шығармаларын атаңыз.

  2. ХХ ғ. басындағы әдебиет және тарихи-әлеуметтік жағдай

  3. Мағжан лирикасының тақырыптарын атаңыз. /табиғат, туған жер, махаббат, т.б.

  4. «Қамар сұлу» романында көтерілген мәселе. /Әйел теңсіздігі

  5. аааа үлгідегі өлең ұйқасы? / шұбыртпалы

    • 2-кезең. 2 минутта тест сұрақтарына жауап беру. Әр дұрыс жауапқа – 5 ұпай. Ұпайы аз тағы бір ойыншы ойынды тоқтатады.

  1. Ж.Жабаевтың 1941 ж. жарық көрген атақты өлеңі.

  1. «Зілді бұйрық»

  2. «Өстөпкеде»

  3. «Туған жер»

  4. «Ленинградтық өренім»

  1. Қамарды зорлықпен тоқалдыққа алған ұнамсыз бейне.

    1. Ахмет

    2. Оспан би

    3. Жорға нұрым

    4. Қалтан қажы

  2. М.Жұмабаевтың әнімен халық арасына кең тараған өлеңі.

    1. «З-ға»

    2. «Сен сұлу»

    3. «Сағындым»

    4. «Гүлсімге»

  3. І.Жансүгіровтың қай шығармасында Ақан сері туралы айтылады?

    1. Ақан сері-Ақтоты

    2. Күйші

    3. Құлагер

    4. Көкшетау

  4. Қамарды Нұрымға беруге қарсы шыққан, көзі ашық, мейірімді әке.

    1. Оспан би

    2. Омар

    3. Итбай

    4. Ахмет

  5. «Қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейін десең, әйелдің халін түзе» деген пікірдің авторы кім?

    1. М. Жұмабаев

    2. Ы. Алтынсарин

    3. М. Әуезов

    4. І. Жансүгіров

  6. Жамбылдың қазақ байларының жағымпаздық қылықтарын шенеп шығарған өлеңі.

    1. «Шағым»

    2. «Зілді бұйрық»

    3. «Кедей күйі»

    4. «Өстөпкеде»

  7. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы суреттелетін оқиға?

    1. 1941ж. соғыс

    2. 1917ж. көтеріліс

    3. қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік

    4. 1916ж. көтеріліс

      • 3-кезең. «ХХ ғасыр басындағы әдебиет» тақырыбындағы кроссворд. Оқушыларға ортақ бір тапсырма беріледі, өз жауаптарын жауап парағына жазып әділқазылаға тапсырады. Берілетін уақыт – 3 минут. Ұпайы аз бір ойыншымен қоштасамыз.


Сұрақтары

    1. Адалдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт, - деп Жамбыл кімге айтқан? / Құлмамбет/

    1. «Қамар сұлу» романындағы Жорға Нұрымның жақтасы. /Оспан би/

    2. Ақан сері өмірінен жазылған І.Жансүгіровтың поэмасы. /Құлагер/

    3. І.Жансүгіров қай өлкенің перзенті? /Жетісу/

    4. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» шығармасы қай жанрға жатады? /Роман/

    5. Жамбылдың 15-19 жасында шығарған өлеңі. /Шағым/

    6. М.Жұмабаевтың алғашқы жинағы қалай аталады?/Шолпан/

    7. Алғадай деген ұлына жоқтау жыр арнаған ақын. /Жабаев/

    8. «-дай», «-дей» жұрнағы арқылы жасалатын көркемдік-стилистикалық құрал. /Теңеу/

    9. М.Әуезовтың «Еңлік –Кебек» пьесасындағы халық даналығының символы кім?/Абыз/

      • 4-кезең. «Бұл қай кейіпкер?» кезеңінде сайыскерлер оқылған сұрақ пен үзіндіден кейіпкер мен оның қай шығармадан алынғанын анықтау керек. Әр дұрыс жауапқа – 10 ұпай. Бұл кезеңде де ұпай саны аз сайыскер ойынды тоқтатады.

1. – Қайран тектім-ай!... Алпамсадай арысым едің... Қаңбақтай жеп-жеңіл боп қаусап қалғаның-ау! Қолыма салмағың білінсеші, - леп, ауру жігітті қолына көтерген ағасы енді төсекті жайғап салған әйелі Қатшаның қасына алып келді.

Үзіндідегі ауруға шалдыққан қай кейіпкер жөнінде сөз болып отыр? ( М.Әуезов «Қараш-қараш оқиғасындағы» - Тектіғұл)

2. ...Сауыры жалпиған шексіз даланың ішке бүккен бүйрегіндей дөңгеленген Қараойда жалғыз үй отырғанына үш айдың жүзі. Үстінен құс ұшпайтын шөл ойпаң көлденең көзден таса. Дүрбі де тарта алмайды. Бағы заманда Батыйдың жер қайыстырған қалың қолы жұртты түгел тонағанда, осы Қараойдағы ауылдарды көрмей өтіп кетіпті-міс.

Үзіндідегі Қараойдағы жалғыз үйдің йесі кім? (Т.Әлімқұловтың «Қара ой» әңгімесіндегі Махамбет)

3. Ағатай болдым ғашық мұрыныңа,

Көк бұрыл иектегі құрымыңа.

Кірпідей аяқ-қолы жиырылған

Қосылар күн болар ма тұлыбыма, -

деп сықақтап Жорға Нұрымға сөз сөйлеген кім? (С.Торайғыров «Қамар сұлу» романындағы Қамар)

  • 5-кезең. «Ауыз әдебиеті - көркем ойлау мен көркем сөздің озық үлгісі» тақырыбында ой-толғау. Сайыскерлер осы тақырыпта өз пікірлерін ортаға салады. Бұл шешуші кезеңде оқушының шешендік өнері, сөз байлығы, сөйлеу мәдениеті, өз пікірін дәлелдей алуы бағаланады. Ұпай саны – 50, дайындыққа – 2 минут.

Сайыскерлердің жалпы ұпай саны мен жеңімпазды анықтау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

Мұғалім: Осымен біздің бүгінгі «Әдебиет білгірі» сайысы аяқталды. Әдебиетті сүйіп оқитын жас әдебиетшілеріміз өз білімдерін көрсетті. Қатысқан барлық сайыскерлерге алғысымызды айта отырып, өздеріңізге білімдеріңіз арта берсін демекпіз.