Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
Мектеп: Күні: 9.12.2015ж № 12
Тақырып: «Бауырмалдылық және кеңпейілділік»
Құндылық : сүйіспеншілік
Қасиеттер: жағымды қарым-қатынас сыйластық,бауырмалдылық, татулық, кеңпейілділік
Мұғалiм: Сілеумұханова Н.Ж . Сынып: 6 « ә» Оқушылар саны: 12
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жалпыадамзаттық сүйіспеншілік құндылығы туралы түсінігін кеңейту.
Міндеттері:
1.Оқушылардың бір-бірін жақсы көру, бауырмалдылық татулық түсініктерін кеңейту;
2.Өзгенің қайғысын сезіну, бар нәрсемен бөлісе білу, өзгеге көмек көрсету қатынастарын дамыту;
3. Ізгілікке, аянбай қызмет етуге тәрбиелеу.
. Ресурстар: слайд, үн таспа,стикерлер, ақ парақшалар, түрлі түсті қарындаштар,
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
5 «Т» ережесін еске түсіру:
Тәртіп
Талап
Тазалық
Татулық
Тыныштық
Сабақ барысын талдау
2. Тыныштық сәті
Тыныс алуға зейін қою.
Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз.,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)
Балалар осы табиғатқа, адамдарға деген сүйіспеншілік сезімдеріңізді, қуаныштарыңызды күні бойы сақтауға тырысыңыздар.
Үй тапсырмасын тексеру.
1.Әдептілік дегеніміз не ?
2.Әдепті бала арлы бала ,әдепсіз бала сорлы бала” мақалының мағынасын қалай түсінесің?
Балалар біз өткен сабақтарымызда әдептілік, сыпайылық және сонымен қатар адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы қарастырған едік. Қазақ жерінде қазіргі таңда 136-дан астам ұлт өкілдері тұрады, олар елімізде тату – тәтті, достықта, бірлікте, бір аспан астында өмір сүруде - «Кең болсаң, кем болмайсың», «Кекшіл болма, көпшіл бол» деп бұл қазақ халқының бауырмал, басқа адамдарды жанына жақын қабылдай білетін жомарт халық екендігін сипаттайды. «Ағасы бардың – жағасы бар, інісі бардың – тынысы бар» дейді халқымыз.
Ал, бүгінгі сабағымызда сол тақырыптардың жалғасы ретінде «Бауырмалдық және кеңпейілділік» деген тақырыпты қарастырамыз.
тақтамен жұмыс
---Балалар бұл сабақта «Кеңпейілділік», «Бауырмалдық»сөздерінің мағыналарын ашып, жан - жақты тиянақтап түсінуге күш саламыз. «Кеңпейілділік»,»Бауырмалдылық» сөздерінің мағыналарын анықтауда синонимдік тәсіл тиімді болады. Яғни қарастырылып отырған сөздің синонимдерін табу немесе ұқсас сөздерді табу.
Мысалы: Бауырмалдық, кеңпейілділік, туысшылдық. Бұл әдіс алынып отырған құндылықты терең және жан - жақты түсінуге тиімді.
--Бүгінгі сабақта талқыланып отырған түсініктің мағыналарын үстемелей анықтап, аша түсу үшін - антонимдік тәсілді де пайдаланады. Яғни оқушыларға қарастырылып, отырған сөздің антонимдерін немесе қарама - қарсы сөздерді табуды тапсырады. Мысалы: Бауырмалдық, тасбауыр және т. б.
Мұғалім сыйы : Көк ту және достар
бұл көріністен байқағанымыздай қазақ халқының бар ұлттың өкілдерін бөліп жармай, бауырына басып бауырмалдылық, кеңпейілділік таңытқанын көруге болады. Риясыз таза сүйіспеншілікке жүректері толы адамдарға ғана басқаларды жатсынбай өз бауырындай көре алады. Ал бауыр дегеніміз қазақ үшін ең жақын, ең қатты жақсы көретін адамдары, туғандары.
1) Бейнебаянда не туралы баяндалған?
2) Бауырмалдылықты қалай түсінесіңдер?
3) Өздеріңнің бауырмалдылық, кеңпейілділік танытқан кездеріңді естеріңе түсіріп, мысалмен айтып беріңіздер.
Дәйексөз «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп».
Абай Құнанбаев
Жекелей Топқа бөліп Хормен оқыту.
Дәптерге жаздыру.
Нақыл сөзден түйген ойларыңыз?
Оқушылардың өз пікірлерін жүйелі айтуы үшін дәйексөзді көзқарас, себеп, мысал, жалпылау бірізділігін сақтай отырып талқылау.
Көзқарас. Оқушы өз көзқарасын айтады. « Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық - ақ жүректен шығады» .
Себебі. Оқушы өзінің бұлай ойлау себептерін көрсетеді. « адал, пейілі кең, ниеті адал, арамдығы жоқ, көңілі таза адамдар ешкімге жамандық жасамайды. Жүрегі сүйіспеншілікке толы болады».
Мысал. Оқушы мысал келтіреді. « Менің осындай ақ жүрек, адал бауырым бар.»
Жалпылау.
« Ақ жүрек адам өзгенің жетістігіне, қуанып, бақытына өз жетістігі мен игілік бақытындай көріп, қуанатындықтан, басқалар да оған осылай жауап береді, қуаныш, сүйіспеншілік сыйлайды. Ізгі істен ізгілік туындайды деген осы»
Нақыл сөзден түйген ойларыңыз?
Қорытынды: Балалар, махаббат, достық және бауырмалдылық қасиеттері адамның бойында табылып жатса, бұл сүйіспеншіліктің көрінісі болып табылады екен.
Жеке жұмыс. «Мен қандаймын ? » атты лото арқылы ұйымдастырылады.
Балалар, адамзатты сүю үшін менің бойымда қандай қасиеттер болу керекДеген сұрақ төңірегінде ойланып көрейік. Әр балаға лото таратылады, онда адам бойында кездесетін жағымды және жағымсыз қасиеттер бейнеленген. Сенің бойында «бар » деп есептеген қасиеттің алдыңғы дөңгелекке қызыл нүкте қойып белгілейсің.
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Суретшілер тобы:
«Бауырмалдық, кеңпейілдік» тақырыбына сурет салу.
Әртістер тобы:
Бауырмалдық пен кеңпейілдік туралы көрініс.
Ақындар тобы:
бір шумақ өлең құрастыру Кең даланың.қазақ. салт .дәстүр
----------------- ежелгі,
---------- деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар -------мен ----------
Қорытынды: Ата-аналарыңызды, жақындарыңызды, достарыңызды, сыныптастарыңызды әрдайым бағалай, сыйлай, қадірлей және сүйіспеншілікке бөлей біліңіздер!
Топпен ән айту. «Мейірімді болайықшы бауырлар»
Сөзі: Серік Қалиев Әні: Құрмаш Маханов
Көктем етіп көркейтсе де маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,
Өшігуді қояйықшы өзгеге,
Кешірімді болайықшы, ағайын!
Көк нөсерін көл етсе де жауындар,
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,
Мейірімді болайықшы, бауырлар!
Болашаққа қол ұстасып барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,
Кішіпейіл болайықшы, халайық!
Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,
Өзімізге қалайтұғын нәрсені,
Тілейікші өзгеге де болса деп.
Үй тапсырмасы.
«Бауырмалдық»сөзіне сөзжұмбақ құрастырып келу
Менің бауырларым фото дерек жасау
Сабақтың қорытынды сәті
Балалар бүгінгі сабағымыздан алған әсерлерімізді, тілектерімізді стикерге жазып, тілек ағашына ілейік (баяу әуен қойылады).
Қорытынды:бауырмалдылық тек қана адамдардың туыстық негізінде ғана емес, жалпы адами қасиет ретінде өзге жұрттарды бауырына тарту, оларды жақын санап қамқорлық көрсету, жатсынбау, көпшіл болуын көрсетсе,
Ал кеңпейілділік адам бойындағы ізгі қасиетті білдіретін ұғым. Кеңпейілділік пен бауырмалдылық адамдарды татулыққа, бірлікке, ынтымаққа жетелейді.
Олай болса сіздерге сиқырлы сандық ұсынамын ішінде өздеріңе таныс адам суреттері бар ,сол адамға өз бауырмалдықтарыңызды көрсете риясыз күліңіз,ол адам да сізге жауап береді.
Соңғы тыныштық
Тыныштық тыныштық тыныштық
Тыныштық барлық әлемде
Сабағымыздан үйренген сыйластық, бауырмалдылық, татулық, кеңпейілділік сияқты жақсы қасиеттерімізді бойымызға сіңіріп, барша адамзатқа деген бауырмалдылық, кеңпейілілік, сүйіспеншілік құндылығын жүрегімізде сақтайық!