Ықшам сабақ Әдеби карта стратегиясы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Г.Сатбекова

«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Сабақ: 79

Мектеп: «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Пән мұғалімі:

Сатбекова Гульшат

Пәні:

Қазақ әдебиет

Күні:

09.04.2016ж

Тақырыбы:

«Әдеби карта» стратегиясы

І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы. (Ықшам сабақ)

Мақсаты

Әдебиет сабағындағы тақырыптарды тарих, география сабақтарымен байланыстыра отырып, оқушының жадына сақтау; оқушыны сыни тұрғыдан ойлату; өз беттерінше ізденуге қызықтыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар әдебиет сабағындағы тақырыптарды тарих, география сабақтарымен байланыстыра отырып, естерінде жеңіл сақтауға жағдай жасалады; сыни тұрғыдан ойла ну арқылы өз беттерінше ізденуге қызығады.

Ақпарат көздері

Оқулық, тапсырмалар жазылған парақшалар.

Сілтеме

Қазақ әдебиеті 9-сынып оқулығы, мұғалімге арналған нұсқаулық, ғаламтор деректері

Керекті жабдықтар

оқулық, сызба кестелер, флипчарт, маркер, стикер т.б.

Ресурстар:


Қазақстан картасы, шығармалар атауы және сандар жазылған қағаздар, тұлғалар атауы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Мұғалімнің сабақ жазбалары

Тапсырма 7 минутқа арналып дайындалған.

Ұйымдастыру кезеңі

Әріптестермен сәлемдесіп, әдістің мақсат-міндетімен таныстыру

Өтіліп жатқан материал тақырыбын жариялау

Қолдану кезеңдері:


Жаңа сабақты меңгерту, үй тапсырмасын сұрау, өткен материалды қайталау, қорытынды кезеңдерінде қолдану ұсынылады.


Жүргізілу тәртібі:


Тақырып: І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы.

Әр топқа (жұпқа) карта, шығармалар атауы, сандар жазылған қағаздар, тұлғалар аттары немесе суреттері таратылып беріледі.


Тапсырма:


Берілген ресурстарды қолдана отырып, І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына байланысты «әдеби картаны» толтырыңыздар. Келесі топ алғашқы топты қайталамауға тырысыңыздар.