Бекітемін:
Мектеп: Үстірт орта мектебі
Мерзiмі: 04.10.2016ж
№ 5 - сабақ
Мұғалiм: Н.Уразниязова
Сыныбы: 1 «а», «ә», «б», «в»
Тақырып: Өзіңмен үйлесімді өмір сүру
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: адалдық , адамгершілік
Сабақтың мақсаты оқушыларға ар-ұжданына сүйеніп өмір сүрудің маңыздылығын жеткізу арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
Білімділік: оқушыларды үйлесімді өмір сүруге үйрете отырып,қарапайымдылық қасиеті туралы түсінік беру
Дамытушылық: оқушыларды шынайы қарым-қатынас жасауға үйрету арқылы адалдық қасиетіне баулу
Тәрбиелік: оқушыларды қарапайым, адал, үйлесімді болуға тәрбиелеу
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi.
Ресурстар:
(құралдар, мәліметтер)
Оқушылармен амандасу, сынып тазалығына мән беру , оқушылардың оқу құралдарын тексеру.
Қажетті заттар: А-4 ақ қағаз, стикер қағаздар мен түсті қарындаштар
2.Үй тапсырмасын тексеру
«Әйнек адам» мәтінін оқып мазмұндап келу
3. Дәйексөз
Арыңды сақта, ар-ұждан керек әр уақытта
Нақыл сөз
Ар-ұждан адамның ең асыл қасиеті. Әр уақытта ар-ұжданыңмен үйлесімді өмір сүру дұрыс әрекет болып саналады.
Ескерту: даналық сөздің мағынасын ашып түсіндіріп кету
4.Әңгімелеу
Әйнек адам
Василий Сухомлинский
Бір баланың титімдей досы-Әйнек адамы болды.Өзі мөп-мөлдір.Бір ғажабы: Әйнек адам баланың не ойлағанын біліп қояды. Бала анасының тілін алмай,сыртқа ойнауға шыққалы жатса-Әйнек адам сәл-пәл күңгірт тартып:
-Олай етуге болмайды.Әуелі ісіңді тындыр.Сосын ойнауға шық,-дейді.
Бала ұялып қалады. Дереу іске кіріседі. Жұмысын бітірген соң ғана сыртқа шығады.Әйнек адам қайтадан мөп-мөлдір түске енеді.
Бірде баланың бірге ойнайтын досы ауырып қалды.Бір күн өтті,екі күн өтті.Бала досын есіне де алмайды. Әйнек адамға қараса,түнеріп кетіпті. Кімге жамандық жасап қойдым,-деп сұрайды бала.
-Ешкімге жамандық жасаған жоқсың.Тек досыңды ұмытқаның болмаса...
Бала ұялып кетті. Дереу досының үйіне келді.Оған бір шоқ гүл, алма ала барды.Сөйтіп,Әйнек адам баланы жақсы болып өсуге үйретті.
Әйнек адам неліктен кейде күңгірт тартады?
Әйнек адам қайтадан неліктен мөп-мөлдір түске енуі неліктен?
Әйнек адам баланы қандай жақсы қасиеттерге үйретті?
5. Шығармашылық іс- әрекет, топтық тапсырма
1-тапсырма
Балалар дәптердегі суреттерді қарап отырып өздерін ұятқа қалдырмайтын іс-әрекеттерді тауып бояйды.
2-тапсырма
«Әдепті бала-арлы бала» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Қандай жағдайда «ұят болады» деп ескерту алып қалуларың мүмкін?
6.Топпен ән айту
Бала тілегі
Өлеңін жазған: С. Молдасанұлы
Әнін жазған: Ф. Жолдасова
Бал-балалық балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауғажаралған.
Кел, достарым,әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз
Алтын бесік-ұлан-байтақ елімде
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз
7.Үйге тапсырмасы.
«Қайыңның көз жасы» әңгімесін оқып мазмұндап келу.