Сабақ жоспары. Конспект по казахскому языку

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Баспасөз

Мақсаттары:

Білімділік: Тақырып бойынша әңгіме құрастыру шеберліктерін қалыптастыру. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы білім дағдысын кеңейту, оқушылардың дағды, таным белсенділігін арттыру.

Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, белсенді сөздік қорын пайдаланып,

лексикалық тақырып бойынша сөйлей, сөйлесе алуды үйрету. Теория мен практиканы ұштастыру, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Оқушылардың өз ойын жүйелі айта білуін дағдыларын жетілдіру. іскерлігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өз елінің тарихын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу. Өз пікірі, ойы қалыптасқан заманымыздың белсенді азаматтары бола білуге шақыру. Елжандылық пен патриотизмге тәрбиелеу, мамандық таңдауға бағдар беру. Елі үшін туған тұлғалардың өмірін үлгі ету

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап, толықтыру, қайталау, талдау, баяндау

Сабақтың көрнекілігі: газет - журналдар көрмесі, интерактивтік тақта, слайдтар, ойын «Білімпаздар бәйгесі»

Қолданылатын технологиялар: Жампейісованың «деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Ақпараттық коммуникациялық» технологиясы.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын пысықтау. Отбасылық басылымдар

1. Мерзімдік басылымға не жатады?

2. Өздерің тұратын өңірде қандай жергілікті газет басылып шығады?

3. Оқып тұрасыңдар ма?

4. Сенің сүйікті газетің қандай?

5. Газет бетіндегі сүйікті айдарың қандай?

6. Газетті қай тілде оқисыңдар?

7. Отбасың қандай мерзімдік басылымға жазылды?

3. Сабақ тақырыбын, мақсатын таныстыру

Бүгін, біз сабағымызда газет - журналдар туралы білімдерімізді кеңейтіп, қазақ газет - журналдарымен танысамыз.

Бірақ газет - журналды оқығанға жететін ештеңе де жоқ. Газет - журналдың адам өмірінде алатын орны зор. Біз газеттен еліміздегі, шетелдердегі оқиғалардан хабардар боламыз.

І. Тақтамен жұмыс: Ахмет Байтұрсынов айтқан төрт қағида бар.

Бірінші: газет - халықтың көзі, құлағы, тілі; екінші: газет - жұртқа қызмет ететін нәрсе; үшінші: газет - халыққа білім таратушы; төртінші: газет - халықтың жоқтаушысы.

-

2.Жұмбақтар

1) Жаңалықты жазады,

Көпшілікті тыңдайды. (тілші, журналист, air)

2) Тілі жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде. (қалам, ручка, salt)

3) Қабат - қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. (кітап, книга, iron)

4) Бар ойынды жиямын,

Ақ қағазға құямын. (сия, чернила, song)

Мақал - мәтелдер

1) Кітап -....... қазына. (алтын, золото, water)

2) Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі...... біл. (білім, знание, horse)

3) Оқу - білім бұлағы,

Білім -..... шырағы. (өмір, жизнь, seven)

4)..... - теңіз,

Білім - қайық. (ғылым, знание)



Қымбат Әбілдәқызы қай журналдың редакторы? (Айгөлек)

Жас отбасына арналған журнал қалай аталады? (Бөпем)

«Ел ертеңі. kz» журналы кімдерге арналған? (жоғары сынып оқушыларына )



«Газет»

«Абай - ақиқат» газетінің тұңғыш редакторы (Бағдат Мекей)

«Қазақ» газеті қай қалада басылып шықты? (Орынбор)

Тек қазақ тілінде ғана емес, барша түркі халықтарының тілінде шыққан тұңғыш мерзімді басылым (Түркістан уәлаяты)

Тұлға”

Қазақ тіліндегі алғашқы «Айқап» журналының авторы (М. Сералин )

Газет туралы төрт қағида айтқан қазақ ақыны (А. Байтұрсынов)

«Абай - ақиқат» газетінің қазіргі бас редакторы (А. Тойбек)

«Грамматика»

Газет - журнал атаулары қандай әріппен жазылады?

Газет - журнал атаулары қалай жазылады?

Іс - әрекеттің осы, өткен, келер шақта болғанын, болатынын көрсетіп, үш шақта жекеше - көпше түрде айтылатын рай қалай аталады?

Жинаған ұпайлары есептелініп, жеңімпазды анықтау. Қатысушы оқушыларға көп рахмет!



Қорытынды жасау.

Балалар, сендер модуль бойынша алған білімдеріңді көрсете білдіңдер. Болашақта сендердің араларыңнан ақпарат көздерін пайдалана алатын, әртүрлі байрақты бәсекелерде қазақстандықтардың жетістіктерін мемлекеттік тілде бүкіл әлемге жар сала алатын тілшілері де, жарнаманы мемлекеттік тілде сөйлетер маман да, интернеттің де болашақта қазақ тілінде сөйлейтініне сенеміз деген жақсы тілекпен сабағымызды аяқтайық дегім келеді.

Үйге тапсырма: сүйікті газет - журналы туралы монолог жазу

Бағалау.