Қазақ тілінен Одағайдың түрлері 5-cынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


СЫНЫП: «6 » ӨТІЛЕТІН КҮНІ: САБАҚ РЕТІ: САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:Одағай

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Сабақтың мақсаты – ойға үстейтін мәндеріне сипаттама беру және мағыналық түрлеріна талдау жасау

МІНДЕТТЕРІ: Одағайдың түрлерімен таныстыру.

1. БІЛІМДІЛІК: Одағайдың жасалу жолдарын меңгерту..

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: көру, есту, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

3. ТӘРБИЕЛІК: Оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеу.

САБАҚ ТҮРІ: .қайталау сабақ

ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ: көрсету, сұрақ - жауап.

КӨРНЕКІЛІГІ: грамматикалық тірек – сызбалар, оқулық, дәптер, тақта, бор.

САБАҚ БАРЫСЫ:

I.ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ: Оқушылармен амандасу:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар.

Кезекшімен сөйлесу:

  • Сыныпта кезекші кім? Бүгін сыныпта кім жоқ? Оқушылар сабаққа дайын ба? Оқу құралдары тегіс бар ма?

ІІ. ҮЙ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРУ: Ережені түсініп оқу, қайталау. 355-жаттығу.

ІІІ. Одағай дегеніміз не?

Толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты білдірмей, тек адамның әр түрлі көңіл-күйін, сезімін білдіретін немесе жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер
о д а ғ а й с ө з д е р деп аталады. Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді.

Одағайлардың қандай түрлері бар?

[pic]

1. Көңіл – күй одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару сияқты мәнді білдіреді. Олар: пәлі, ойпырай, алақай, пай-пай, түу, аһ т.б.

2. Жекіру одағайлары, тыйм салу, бұйыру, сияқты мәнді білдіреді. Олар: тәйт, тек, жә, т.б.

3. Шақыру одағайлары мал, ит, құсты шақыру, мәнді білдіреді. Олар: құрау-құрау, шөре – шөре, көс-көс, айт, қош-қош, моһ- моһ, құр-құр, кә-кә, пырс. т.б.

Көрініс
Одағайларертегіде. «Қаңбақ шал»ертегісі бойынша

- Әй, кемпір! Ертең дәулер қонаққа келеді.
-
Ойбай, немізді береміз?
-
Тәйт! Ойбайламай:- Үйде ет жоқ,нені асамыз?- десең болды. (дәулер келеді)
Кемпір:- Ойпырым-ай, шал-ай, нені асамыз,үйде дым жоқ?
-
Түу, сол да сөз боп па, басқы дәудің басын, ортаңғы дәудің төсін ас,болмаса, досым дәудің өзін ас!
Дәулер:- Астапыралла, қашайық! (бәрі шығып кетеді)

Қөңіл – күй одағайы. Сөйлем құрап жаз.
1-топ: алақай, уһ, пай - пай
2-
топ: әттең, берекелді, түуу

IV. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:

Семантикалық карта

[pic]

«Тауып көр» ойыны

V. Сабақты бекіту: сұрақ-жауап арқылы:(гүл суреті)

  • 1.Одағай дегеніміз не?

  • 2.Одағай түрлерін ата?

  • 3.Одағайларға мысал келтір

Үйге тапсырма: Одағай тақырыбы бойынша тест құрап келу.

Бағалау: Сабаққа белсенді қатысып, жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтау, бағалау