Сабақ №41
Пәні қазақ әдебиеті
Сыныбы 10 «Б»
Сабақтың тақырыбы Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты
а) білімділік Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы туралы орнықты білім беріп,туындылары жөнінде айқын көзқарасын қалыптастыру.
ә) дамытушылық Әдебиеттің әр жанрында жазған шығармаларынан үзінділер оқытып,оны баяндай білу қабілеттерін дамыту,оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
б) тәрбиелік Ұлтымыздың ұлыларының еліне еткен еңбегін бағалай білуге, өлеңдерін,әндерін тыңдата отырып, өнерді түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі сайыс сабақ
Сабақтың типі аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі : ақынның суреті,кітаптары,газет материалдары,интерактивті тақта.
Сабақтың жоспары
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту кезеңі
ІV Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі
V Жаңа білімді меңгеру кезеңі
VI Жаңа білімді бекіту кезеңі
VII Үй тапсырмасын беру
VIII Бағалау
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу
Оқу - құралдарын алғызу
Сабаққа жұмылдыру
Оқушыларды топқа бөлу
II Үй тапсырмасын сұрау
«Жыр алыбы-Жамбыл» тақырыбында ойтолғау жазу.
III Үй тапсырмасын бекіту
«Лото ойыны»
Жамбыл Жабаев қай жерде дүниеге келген?
Әкесінің аты кім, қандай адам болған?
Жамбыл қанша жасынан ақын болуға бел байлады?
Жамбылдың ақындық атын шығарған өлең?
Жамбылдың пір тұтқан ұзтазы кім?
Жамбылды неге «Ақындар айтысының алыбы» дейміз?
«Шабыты келген ақпа ақын» деп кімді айтқан?
Жамбыл айтыстарының ішіндегі ең шоқтығы биік айтысын ата.
Жамбылдың дастанын ата.
Жыршы деп қандай өнерпазды айтады?
ІV Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Сөзжұмбақ
Сұрақтар
1.Тау басында қара орман, жыл озған сайын ағарған.
2.Қалыңдықтың бас киімі.
3.Абайдың табиғат лирикасына жазған өлеңі.
4.«Асқар тау» деп кімді айтамыз?
5.Қыс мезгілінің белгісі не?
6.Құлыпты ашатын құрал не?
7.Қыздардың әшекей бұйымы, ол не?
V Жаңа сабақ
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы
Туған жері қазіргі [link] II топ
Топтастыру
«Поэзия минуты»
I топ II топ
Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқу.
Дәйек сөздер.
Абай шәкірттерінің ішінде көп жасаған да, көп оқыған да, көп жазған да Шәкәрім. Ол – сазгер. Ол –терең ойшыл, әрі бармағынан бал тамған сегіз қырлы өнерпаз, үлкен мәдениет қайраткері.
Мұхаметханов Қайым.
Ғұлама қаламгердің өнердегі өмір жолы ұзақ та ұлағатты.
Мұхтар Мағауин.
Жаным арымның садағасы деп айтатын екі қазақ болса, соның бірі- Шәкәрім.
Шериаздан Елеукенов.
Алашорда қайраткерлерінің еңбегін бағалай білді. Абайдың реалистік дәстүрлерін жалғастырып, эпикалық жанрдың дамуына үлес қосты. Адам санасына сіңіп, бойына тазалық пен инабаттылық дарытатын көркем шығармалардың тәрбиелік мәні зор. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып, егемен ел болған заманда туған халқымен қайта қауышқан алыптарымыздың бірі Шәкәрімнің шығармаларын оқыту, оқытып қана қоймай, терең сырлы құпиясын ашып, оның адамдық, азаматтық құқық жайында жазған өлеңдеріне талдау жасай отырып, жас ұрпақты адамгершілік биік мұраттарға, адалдық пен ақылдылық, парасаттылық пен азаматтыққа үндейтін Шәкәрім шығармаларымен сусындап өсу қажет.
VII Бағалау
VIII Үй тапсырмасын беру
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығын оқып келу.