Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сыныптан тыс іс-шара (5-7 сыныптар)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Павлодар қаласының №6 жалпы орта білім беру мектебі» ММ

ГУ «Средняя общеобразовательная школа №6 города Павлодара»





Тақырыбы:

«Жүзден жүйрік,

Мыңнан тұлпар»

















Мақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру,білімді,жан-жақты болуға үйрету,бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру,ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту,балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі:интерактивтік тақта,слайд көрмелері

Жоспары

1 бөлім: «Суреттер сөйледі»

2 бөлім: «Тіл-өнер»

3 бөлім: «Қызықты ұйқастар»

4 бөлім: « Мықты болсаң тауып көр»

5 бөлім: «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы».

Кіріспе:

Тіл- адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық,ұлт және оның тілі жүздеген ,мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі арқылы әлемді ,дүниені ,өмірдің құнды таңылымдарын таниды да ,келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл –халық тарихы,тіл- ұлттық қазына,тіл –біздің намысымыз, арымыз,байлығымыз,барымыз.

Қайырлы күн,құрметті көрермендер,қонақтар,сайыскерлер.Бүгін біздің «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» атты сайысымыз «Ана тілім-тәуелсіздік тірегі» апталығы аясында өткізіліп отыр.Сайысымызға екі топ оқушы қатысып отыр.


І кезең: «Суреттер сөйлейді»

Екі топқа сурет беріледі, әр топ сол сурет бойынша сөйлемдер құрастырады.( 5 -7 минут беріледі)


ІІ кезең Тіл өнер


Мақалдың жалғасын табу керек.Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

Ең тәтті де тіл,...( ең ащы да тіл)

Оқу –білім бұлағы,...( білім-өмір шырағы)

Өнер алды ... (қызыл тіл)

Ашу дұшпан ,...(ақыл-дос)

Тіл қылыштан ...(да өткір)

Отан ...(оттан да ыстық)

ІІ топ

Шебердің қолы ортақ,...(шешеннің тілі ортақ)

Отансыз адам-... (ормансыз бұлбұл)

Ер жігіт елі үшін туады , ... (елі үшін өледі)

Мектеп кеме, ...(білім –теңіз)

Жақсы жолдас жанға серік, ...(жаман жолдас малға серік)

Қыз елдің көркі ,...(гүл жердің көркі)



1топқа:

Оқу білім бұлағы, (білім –өмір шырағы)

Өнер алды (қызыл тіл)

Ашу-дұшпан, (ақыл- дос)

Тіл қылыштан (да өткір)

Қыз елдің көркі, (гүл жердің көркі)

2топқа:

Отансыз адам- (ормансыз бұлбұл)

Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)

Шебердің қолы ортақ, (шешеннің тілі ортақ)

Отан (оттан да ыстық)