10 сынып 2-сабақ
Тақырыбы:
Кинематиканың негізгі түсініктері мен теңдеулері
Мақсаты:
- Жалпы «Кинематика негіздері» туралы білімдерін қалыптастыру.
- Кинематика формулаларын падалана білуге үйрету.
Модуль: Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
[pic]
[pic] [pic]
*ББЖӘТ: жеке, топтық жұмыс, диалог арқылы оқыту /сұрақтар/.
*СТО: сыни тапсырмалар, әр түрлі тұрмыстағы қолданысқа байланысты сұрақтар.
*ББүБжОБ: БББ; рефлексия.
*АКТ: шығармашылық жұмыстар; электронды оқулық.
* Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру: барлық материалдар 10 сынып оқушыларына сай тағайындалған
* ББ басқару және көшбасшылық: топтық жұмыстарда оқушылар арасынан көшбасшы шығады.
Күтілетін нәтиже:
Өткен материалды естеріне түсіреді, мәтінмен қысқа уақытта танысады; дәптерге қысқаша жазба қалдыру, талдайды; сұрақтар қойып, жауап беруге үйренеді; білімдерін есептер шығаруда, тұрмыста қолдана алады.
Керекті жабдықтар:
Флипчарт, маркер, карандаш, қаламсап, стикер, компьютер
Сабақ кезеңдері:
Мұғалім әрекеті:
Оқушы әрекеті:
Кіріспе:
- оқушылармен амандасу;
- сыныпты түгендеу;
- кезекшілік қызметін қадағалау;
- оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
Топқа бөлу (геометриялық фигуралармен).
-мұғаліммен сәлемдесу;
- жоқ оқушыларды айту
- кезекшілік қызметін атқару;
- сабаққа зер салу.
Топқа бөлінеді
Тұсаукесер:
9 сынып материалдарын еске түсіру «Крестиктер-нөлдіктер» әдісі арқылы сұрау
Материя дегеніміз не?
Қандай қозғалысты механикалық қозғалыс деп атаймыз?
Санақ жүйесі дегеніміз не?
Орын ауыстыру дегеніміз не?
Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?
Траектория ұзындығы қалай аталады?
Механиканың негізгі мақсаты не?
Механика қандай тарауларға бөлінеді?
Әр бөлімде қандай мәселелер қарастырылады?
Мұғалім оқушылардың іс-әрекеттерін бақылайды.
Оқушылардың бағалауларын толықтырып, бағыттайды.
Оқушылардың білім алуларын қолдау үшін «түрткі болатын» сұрақтар қоюға оқушыларды бағыттайды.
Сұрақтарға жауап береді. Крестер мен нөлдер жинайды
- екі жұлдыз, бір ұсыныс бойынша бағалайды
Негізгі бөлім:
Сурет және топқа бөлінулері бойынша тақырыпты ашу
Жеке жұмыс,
Жұптық жұмыс
«Топтық жұмыс» , «Ойлан, бірік, бөліс» әдісімен оқушыларға тапсырма беріледі.
Әрбір топ жауаптарын қадағалайды, смайликтер арқылы бағалатады.
Дарынды оқушыларға есеп шығару үлгісіндегі шығару жолы қиын есептерді талқылау ұсынылады.
Тақырыпты айтады.
Әрбір оқушы оқып, өзі түсініп, түсінбегендерін топпен талқылайды.
Топ орындарынан тақырып бойынша флипчарт дайындайды. Тапсырма таныстырылымы спикер таңдау арқылы жүргізіледі.
Топпен өзара жауаптарын қадағалап, смайликтер арқылы бағалайды.
Қорытынды:
Кері байланыс.
«Кезбе тілші» әдісімен сабақты қорытындылау. Стикерде деңгейлік тапсырмалар беріледі.
«3».
1топқа ДМ 6-бет.11-есеп
Екі дененің қозғалысы мынадай теңдеулермен берілген: ҳ1 = 5t; x2 = 150-10t. X(t) тәуелділігінің графигін салыңдар. Олардың кездесетін жерін және уақытын табыңдар.
2-топқа. ДМ 12-есеп
Екі дененің қозғалысы мынадай теңдеулермен берілген: x = 3+2t және
x =6+t. Денелер қай уақытта кездесетінін график салып анықтаңдар.
«4»
3-топқа.ДМ 20-есеп
Велосипедші еңіске қарай, 0,3м/с2 үдеумен қозғалып келеді. Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 4 см/с-қа тең болса, 20с өткенде оның жылдамдығы қандай болады? Жауабы; 0,64м/с
«5»
4-топқа.ДМ 21-есеп
Ұста балғамен төстегі темірді соғып қалғанда, оның тежелген кездегі үдеуі модулі бойынша 200м/с2-қа тең болады. Егер балғаның бастапқы жылдамдығы 10м/с болса, соққы қанша уақытқа созылады?
Үй тапсырмасын беру: 1.1; 1.2. тақырыптарды оқу
Оқушылар Стикердегі деңгейлік есептерді шығарады
Тілші хабарлама жасайды. Тілші сұхбат алатын оқушы тақтада тапсырманы орындайды.
Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.
Бағалау:
Формативті бағалау.
Әрбір оқушы сабақтан алған әсерін кері байланыс рефлексия парағын толтыру арқылы көрсетеді. Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді.