Механикалық энергия 7 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы:Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы. 7 сынып
Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: оқушыларға механикалық энергия, оның сақталу заңы туралы теориялық білім беру, білім алу дағдысын қалыптастыру;

  • Дамытушылық: оқушының ойлау, сөйлеу қабілетін, іскерлік белсенділігін дамыта отырып, ойын анық, дәлелді жеткізуге үйрету;

  • Тәрбиелік: ұқыптылыққа, топпен жұмыс жасауға үйрете отырып, орнықты білім алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

  • Интерактивті тақта

  • Шарлар

  • Таратпалар

  • Доп

  • Садақ

  • Математикалық маятник

  • Динамометр

  • Ағаш білеуше

Сабақтың әдісі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Сабақтың жоспары:

  • Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

  • Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар: Жұмыс, қуат, энергия, оның түрлері.

Жұмыс

  • Механикалық жұмыс деп денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы.

Қуат

  • Қуат деп жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шама.

 

 

 

 

 

 

Энергия

  • Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама.

А = N * t

  • 1 джоуль(Дж)=ватт*секунд(Вт*с)

  • Тұрмыста энергияның өлшем бірлігі ретінде киловатт*сағат(кВт*сағ)қолданылады

  • 1киловатт*сағат(кВт*сағ)=3600000Вт*с=36*10**5Дж

Энергияның түрлері:

  • Потенциалдық (латынша потенция –мүмкіншілік) энергия деп әр түрлі денелердің немесе бір дене бөліктерінің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.

  • Кинетикалық (грекше кинетикос — қозғалыс) энергия деп денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия.

Жер бетіндегі тіршілік көзі — Энергия

 

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Анықтамасы:

  • Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысымеханикалық энергия деп аталады.

Формуласы:

 

Мысалдар:

  • Аспандағы ұшақтың Жермен салыстырғандағы потенциалдық энергиясы да, кинетикалық энергиясы да бар.

  • Жерге құлаған доптың кері көтерілуін, энергияның бір түрден екінші түрге айналуымен ғана түсіндіруге болады.

  • Тербеліп тұрған маятникте энергияның бір түрі екіншісіне ауысып отырады.

  • Садақты тартқан кезде садақ кермесінің потенциалдық энергиясы ұшқан жебенің кинетикалық энергиясына айналады.

Механикалық энергияның сақталу заңы:
Тұйық жүйені құрайтын денелер арасында тек қана ауырлық күші
 F=mg немесе серпімділік күші F=kx әрекет ететін болса, онда тұйық жүйенің толық энергиясы тұрақты сақталады.:

 

Қолданылуы:

  • Күрделі есептерді шешуді жеңілдетеді

  • Техникада әр түрлі тетіктердің қозғалысын есептеуде

  • Астрономияда аспан денелерінің (жұлдыздардың, планеталардың) қозғалыстарын алдын ала болжауда

  • Ғарыштануда зымырандардың, ғарыш кемелері мен серіктердің (спутниктердің) қозғалыс траекторияларын анықтауда.

Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы

Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы:

Есеп шығару: Оқулықпен жұмыс:

  • 40- жаттығу (1, 2)

7сынып оқулығы 187 бет.

Қорытынды: Тестік тапсырмаларын орындау.

  • Массаның өлшем бірлігі:

а/ метр; ә/ м/с ; б/ сек ; в/ кг

Жылдамдықтың өлшем бірлігі:

а/ м/с ; ә/ сек ; б/ метр ; в/ кг

Күшті өлшеу құралы:

а/ амперметр ; ә/ динамометр ;

в/ вольтметр ; б/ ареометр

1 км-де қанша метр бар ?

а/ 100 ; ә/ 1000 ; б/ 10 ; в/ 1

1 сағатта неше секунд бар?

а/ 36 ; ә/ 360 ; б/ 3600 ; в/ 36000

Бекіту сұрақтары:

Механикалық энергия

  • Механикалық энергияның сақталу заңы

  • Энергия, оның түрлері

  • Жұмыс

  • Қуат

Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма:

  • § 68 оқу 40-жаттығу 7 сынып оқулығы 182 бет