Күні: Кратка срочный
Сыныбы: 8
Пәні: физика
Физика пәні мұғалімі:
§8-9 Жылу мөлшері. Жылу мөлшерінің бірлігі. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Сілтеме:
Жоспар, оқулық, бағдарлама
Сабақтың мақсаты:
Жылу мөлшері және жылу мөлшерінің бірлігі туралы біледі. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы жайлы үйренеді.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар жылу мөлшері және жылу мөлшерінің бірлігі туралы өз бетінше ізденеді. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы туралы мағлұмат алады.
Жылу мөлшері және заттың меншікті жылу сыйымдылығына есептер шығарады.
Өзін- өзі бағалауға үйренеді
Қазақ тілінде еркін сөйлеп, термин сөздерді дұрыс қолданады
Негізгі идеялар
Блум таксономиясы бойынша тақырыпты меңгереді
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурс
Ұйымдастыру
2 мин
Сәлемдесу, түгелдеу, жоқ оқушыларды белгілеу
Кезекші келмеген оқушылардың себебін айтады
Журнал
Топқа топтастыру.
2 мин
Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін «тақырыптар» арқылы, 4 топқа біріктіру.
Топтарда міндеттерді бөлісу: топбасшы, баяндамашы, хатшы, редактор, уақыт сақшысы.
Тақырыптар бойынша 4 топқа бірігеді.
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Жұмбақтар, суреттер
Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.
2 мин
Жылу берудің табиғаттағы және техникадағы мысалдарына байланысты бейнетаспаны көруге ұсынады. Сабақ тақырыбын анықтауды сұрайды
Топтық жұмыс: Бейнетаспаны көріп болған соң, сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтайды
Әр топтың топ басшысы дұрыс жауабына қарай оқушыларды бағалайды.
Бейнетаспа
Білу
3 мин
Үй тапсырмасын сұрау барысында әр топқа тақырыпқа сай слайд көрсету;
Жылу өткізгіштік;
Конвекция;
Сәуле шығару.
Ішкі энергия;
Қосымша 1
Топтық жұмыс:
Топ оқушылары слайдта берілген сұрақтарға екі тілде жауап береді
Сұраққа жауап беру арқылы қызығушылығы оянады, білімін көрсетеді.
Әр топтың топ басшысы дұрыс жауабына қарай оқушыларды бағалайды.
Суреттер
Презента-ция,
стикер.
Түсіну
3 мин
Топтарға «Қара жәшіктер» беріледі. Флипчарт ұсынылады.
Қосымша 2
Жеке жұмыс:
Әр топқа берілген қара жәшіктегі суреттерді өз тобына сай таңдап алып, флипчартқа жабыстырады. Әр оқушы суреттерді дұрыс таңдауға әрекет жасайды.
Топ баяндамашылары постерде жасаған жұмыстары туралы мәлімет береді.
Флипчарт, сурет
Қолдану
5
мин
Тәжірибе жасау үшін әр топқа құрал-жабдықтар беріледі:
І топ: 20 – сурет, 27-бет
ІІ топ: 27 –сурет, 34-бет
ІІІ топ: 31-сурет, 36-бет
ІҮ топ: 18 -сурет, 24-бет тәжірибе жасау
Қосымша 3
Жеке жұмыс: Әр топ оқушылары өздерінің тақырыптарына сай тәжірибе көрсетеді.
Әр топтың топ басшысы дұрыс жауабына қарай оқушыларды бағалайды.
Құрал-жабдықтар
Талдау
5 мин
Топтар бір-біріне сурет салынған флипчартты ұсынады.
Оқушылар берілген сурет қай іс-әрекетке сай екенін баяндап береді.
Жинақтау
Сабақ тақырыбын ашу
10 мин
«Джигсо» әдісі бойынша әр топқа мәтінді бөліп береді.
Оқушыларға Джигсо әдісі бойынша тақырыпты ашып көрсетуды ұсынады
Топтық жұмыс: оқушылар берілген мәтінді оқып, топта талқылайды, постер жасайды.
Әр топтың топ басшысы дұрыс жауабына қарай оқушыларды бағалайды.
Оқулық
Бағалау
12 мин
«Блум таксономиясы» бойынша әр топқа кесте үлестіреді
Қосымша 4
«Блум таксономиясы» бойынша әр топ кестені толтырады
Әр топтың топ басшысы дұрыс жауабына қарай оқушыларды бағалайды.
Кері байланыс
3 мин
Топты бағалайды,
Жасаған жұмыстарын «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» әдісімен бағалауды сұрайды.
Қосымша 5
Топ басшы қойылған бағаларға пікірін айтады
Жеке жұмыс:
«2 жұлдыз, 1 ұсыныс» әдісі бойынша жұмыстарын бағалайды
Қосымша 5
Стикерлер
Үй тапсырмасы
1. § 9,10
2. 5, 6- жаттығу
Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазады
Күнделік
Қосымша 1
Ішкі энергия
Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не?
Ішкі энергия деп денені құрайтын барлық бөлшектердің кинетикалық энергиясы мен осы бөлшектердің өзара әрекеттесуінің потенциалық энергиясының қосындысын айтамыз.
Оны өзгерту тәсілдері қандай?
Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері: жұмыс жасау, жылу алмасу.
Дененің ішкі энергиясы температураға қалай байланысты?
Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы артса, дененің тепмпературасы артады оның ішкі энергиясы да артады.
Жылу берілу дегеніміз не?
Денемен жұмыс істелмей немесе дененің өзі жұмыс істелмей тұрғандағы ішкі энергиясының щзгеру процесі жылу берілу деп аталады.
Химиялық реакция дегеніміз не?
Химиялық реакция деп нәтижесінде бір заттың құрамы мен құрылысы жағынан өзгеше болатын басқа затқа түрленуін айтады.
Химиялық реакциялар кезінде ішкі энергия қалай өзгереді ме?
Химиялық реакциялар өзара әрекеттесуші денелердің ішкі энергиясының өзгерісін тудырады.
Жылу өткізгіштік
Жылу өткізгіштік дегеніміз не?
Ішкі энергияның дененің көбірек қызған бөлігінен дененің азырақ қызған бөлігіне тікелей байланыс арқылы немесе аралық денелер арқылы көбірек қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге берілу құбылысы жылуөткізгіштік деп аталады.
Жылу өткізгіштігі нашар қандай заттарды білесіңдер?
Сұйықтар, газдар жылуды нашар өткізеді.
Қандай заттар жылуды жақсы өткізеді?
Металдар жылуды жақсы өткізеді
Заттардың жылу өткізгіштігінің әр түрлі болу себептері неде?
Түрлі заттардың ішкі құрылысына қарай олардың жылу өткізгіштігі әр түрлі болып келеді.
Жылу өткізгіштігі нашар заттар қайда қолдаланылады?
Конвекция
1. Конвекция құбылысы дегеніміз не?
Конвекция дегеніміз-сұйықтың немесе газдың ағыны арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі.
2. Конвекцияның жылу өткізгіштіктен айырмашылығы неде?
Конвекция сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасынады, жылуөткізгіштікде ішкі энергияның дененің көбірек қызған бөлігінен дененің азырақ қызған бөлігіне тікелей байланыс арқылы немесе аралық денелер арқылы беріледі.
3. Қай жерде конвекция болмайды.?
Қатты денелер мен вакуумда конвекция болмайды.
4. Атмосферадағы конвекциялық ағынның рөлі қандай?
Атмосферадағы конвекциялық ағын тек жылу берілуде ғана үлкен рөл атқарып қоймай, сонымен қатар жел тұрғызады. Олар ауаның үнемі араласуын тудырады, соның арқасында жер бетінің әр түрлі бөліктерінде ауаның құрамы бірдей болады.
5. Табиғи және еріксіз конвекциясина мысалдар келтіріңдер?
Тұрмыста және техникада кеңінен қолданылатын табиғи конвекция жеткіліксіз болғанда, еріксіз конвекцияны пайдаланады.
Сәуле шығару
Сәулелік жылу алмасу дегеніміз не?
Сәулелік жылу алмасу деп бір денеден келесісіне электромагниттік сәуле шығарудың жәрдемімен энергияның тасымалдану процесін айтады.
Жылу алмасудың қандай түрлері вакуумда болуы мүмкін?
Сәулелену арқылы энергияның берілуі — ортаны қажет етпейді: жылу сәулелері вакуум арқылы да таралады.
Қандай денелер сәулені жақсы жұтады?
Қара денелер – сәулені жақсы жұтады және жақсы шығарады
Өрт сөндірушілер неге бастарына жылтыр металл дулыға киеді?
Өрт сөндірушілер өрт саулесін артқа қайтару үшін бастарына жылтыр металл дулыға киеді
Кун сәулесінің табиғат және техникаға ролі қандай? Мысал келтіріңіз.
Қосымша 2
[pic]
Қосымша 3
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic] [pic]
[pic]
Қосымша 4
Бекіту тапсырмалары
«Блум таксономиясы» бойынша әр топ кестені толтырады
2 –тапсырма
3 –тапсырма
Қосымша 5
Сабақтың кері байланысы
Оқушыларға кері байланыс парағын толтыру ұсынылады.
1. Бүгін мен білдім...
2. Қызық болды...
3. Мен қосымша алдым...
4. Мені қызықтырды...
5. Күнделік өмірде қалай қолдану керектігін үйрендім...
6. Мен қалаймын...
[pic]