Химиядан сабақ жоспары Көмірсулар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


І Сабақтың тақырыбы: §10. VI А топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Күкірт. Күкіртсутек.

ІІ Сабақтың мақсаты: Күкірттің периодтық кестедегі орнын атом құрылысы тұрғысынан қарастырып, оның аллотропиясы, физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуы жайлы оқушылар білімін жүйелеу.

Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру.

ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: СТО элементтері, электронды оқулық.

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, электронды оқулық, тапсырма қағаздары.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ-жауап:

  • Бейметалдарды атаңыз?

  • Бейметалдарға жалпы сипаттама беріңіз.

  • Бейметалдардың физикалық қасиеттері қандай?

  • Қазақстан аймақтарында бейметалдардың таралуы? Картадан көрсетіп, сол жерлерге түрлі қағаздардан белгілер қою.

Қорытынды: тест жұмыс.

Жаңа сабақ. “Миға шабуыл” әдісі S – күкірт туралы баспа беттерінен оқығандарын н/е ата-аналарыңыздың қолданғанын көргендерінің бар ма? Күкірт қандай зат деп ойлайсыздар?

Күкірт жылқы малының өкпесі ауырғанда, малдың жарасын (қотыр) жазуға және дезинфекция үшін қолданылады.

VI топ А – O, S, Se, Te және Ро (радиоактивті металл). Элементтердің топтық атауы – халькогендер.

S атом құрылысы. П.ж.о.

І [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] ІІ период VI топ А. +16S )2e )8e )6e.



Электрондық формуласы: 1s22s22p63s23p4. Кванттық ұяшықта орналасуы:

II, IV, VІ валент., тотығу дәрежесі -2, 0, +4, +6. H2S-2, S0, S+4O2, S+6O3 қосылыс.

Табиғатта кездесуі. Бос күйінде, қосылыс түрінде – минерал: сульфидті PbS, Cu2S, Ag2S, ZnS, FeS2, CuFeS2.

Сульфатты: CaSO4*2H2O гипс, BaSO4 барит, Na2SO4*10H2O мирабилит, MgSO4*H2O кизарит, KCl*MgSO4*3H2O каинит.

Тас көмір, мұнай құрамында, нәруыздың құрамында кездеседі.

Физикалық қасиеттері. Аллотропиялық түр өзгерісі: ромбалық (S8), моноклинді, пластикалық (S8) иілімді.

S – сары түсті, иіссіз, суда ерімейтін, жылу мен ток өткізбейтін, элемент. Ромбты S – морт сынатын кристалл.

Химиялық қасиеттері. тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.

  1. S + O2 = SO2; 2. S + Cu = CuS; 3. S + H2 = H2S.

H2S. табиғатта кездесуі. Жергілікті арасан сулары.

Алу. Лабораторияда: FeS + 2HCl = FeCl2 + H2S↑.

Na2S, K2S.

H2S + Pb(NO3)2 = 2HNO3 + PbS.

Na2S + Pb(NO3)2 = 2NaNO3 + PbS. S2- + Pb2+ = PbS сапалық реакция.

Қорытынды. Қолданылуы. 8-сурет.

Алған білімді бекіту. “Бес жолды өлең”

  1. Зат есім: күкірт.

  2. Сын есім: сары, ұнтақ, иіссіз.

  3. Етістік: әрекеттеседі, өзгереді, жанады.

  4. Сезімді білдіретін тіркесі: S тері ауруларын емдейді.

  5. Зат есімнің синонимі: бейметалл.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §10, №6, 12, 13. ЭССЕ “Күкірт өмірде”.



І Сабақтың тақырыбы: §13. Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері.

ІІ Сабақтың мақсаты: Азот атомының сипаттамасын Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру. Азоттың тотығу дәрежесі, валенттілігі туралы; азоттың қосылыстары туралы оқушылардың білімін тереңдетіп кеңейте түсу.

Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, таным қызығушылығын тәрбиелеу.

ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест,демонстрация.

Көрнекілік: периодтық кесте, сызбанұсқа.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ-жауап:

  1. H2SO4-ң физикалық қасиеттерін сипаттау.

  2. H2SO4-мен жұмыс істегенде және суға еріткенде қандай қауіпсіздік техника ережелерін орындау қажет?

  3. Химиялық өндіріс үшін H2SO4-ң қандай маңызы бар?

  4. H2SO4-ң қандай маңызды тұздарын білесіңдер?

  5. H2SO4-ң химиялық қасиеттерін сипаттап айтып беріңдер.

  6. Бейметалдар периодтық кестенің қай топтарында және қай топшаларында орналасқан?

  7. Периодтық кестеде ме көп пе, әлде бейме көп пе?

  8. ЭТ дегеніміз не?

Жұмыс дәптерінен тапсырмалар орындау.

Жаңа сабақ. Жоспар: 1. Азоттың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы.

2.Табиғатта кездесуі. 3. Ашылу тарихы. (Биологиялық маңызы). 4. Алу жолы.

5. Физикалық қасиеттері. 6. Химиялық қасиеттері. 7. Қолданылу.

1. N-ң жалпы сипаттамасын Д.И.Менделеевтің периодтық кестесін пайдалана отырып оқушы өзі ізденіп толтырады.

Химиялық таңбасы – N; молекулалық формуласы – N2; № - 7; Ar – 14; Атом құрылысы - (7p, 7n) 7e, +7; +7N )2e )5e. Период – 2 период, кіші; Топ – 5А; Құрылымдық формуласы - :N::N:; NN; Электрондық формуласы: 1s22s22p3; RH3, R2O5.

VA – N, P, As, Sb, Bi.

Ашылу тарихы. Ағылшын химигі Д.Резерфорд 1772 ж.

Табиғатта кездесуі. Ауада 78,1%, нәруызды денеде 17%, тірі организм 3%, қазба отындар құрамында, өсімдік текті тағамда, жануар текті тағамда.

Физикалық қасиеті. Оқулықты пайдалана отырып, өздері тірек-сызба етіп толтырады.

Түссіз, иіссіз газ, ауадан сәл ғана жеңіл Dауа=0,97, 1л – 1,25г, tсұйылу – 1960С, tқату – 2100С, жануды қолдамайды, тыныс алуға жарамсыз.

Алынуы. Өндірісте N сұйық ауадан алады.

Химиялық қасиеті. N2 – өте берік, реакцияласу қабілеті төмен, химиялық енжар зат.

  1. N20+3H20 kaт 2N-1H3+1 + 92кДж.

  2. Найзағай ойнағанда, электр ұшқыны N20+O20 = 2N+2O-2 – 289,9кДж.

  3. Бөлме температурасында N20+6Li0 = 2Li3+1N-3.

  4. Жоғары температурада N2+3Ca = Ca3N2.

Қорытынды. Қолданылуы. NH3 синтездеу, HNO3 алу, салқындатқыш жүйеде, инертті орта, ауа 78%, азот тыңайтқыштар алу, нитрид алу, түрлі қосылыстарды алу үшін қолданылады.

Есеп шығару.

Алған білімді бекіту. Деңгейлік тапсырма.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §13, №4-6. Журнал Химия мектепте №4/2008.







І Сабақтың тақырыбы: §15. Азот оксидтері. §16. Азот қышқылы.

ІІ Сабақтың мақсаты: Оксидтердің жіктелуін, құрылысын, қасиеттері мен қолданылуын, байланыс типтері мен кристалдық торын еске түсіру. Азот қышқылының негіздік қасиеттері мен күшті тотықтырғыш ретінде металдармен әрекеттесуін оқып-үйрену.

Азоттың оттекті қосылыстары жөнінде білімдерін дамыту.

Дүниеге ғылыми-материалистік көзқарастарын тәрбиелеу.

ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тест жұмысы.

Көрнекілік: трект сызбалар, тапсырма қағаздары.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Аммиактың физикалық қасиеттерін сипаттап айтыңдар.

2. Лабораторияда аммиак алуды түсіндіріп, тиісті р.т.ж.

3. Аммиактың химиялық қасиеттерін реакция теңдеуін жазып түсіңдіріңдер, түзілген өнімдердің атын атаңдар.

4. Аммиак газының суда ерігіштігін айтып беріңдер.

5. Аммоний-ионын NH4+ қалай ажыратуға болады?

6. Аммоний тұздарына мысалдар келтіріп, оның қандай ерекше қасиеті бар екенін айтып беріңдер.

7. Аммоний тұздарының қолданылуын айтып беріңдер.

Жұмыс дәптерінен 57, 58-тапсырмалар, оқулықтан №5-6, 9-10 жаттығуларды орындау.

Жаңа сабақ. NO – түссіз, суда өте аз еритін газ. тұз түзбейтін оксид. 2NO+O2=2NO2.

NO2 – өткір иісті, тұншықтырғыш қоңыр түсті, улы газ. Химиялық белсенді тотықтырғыш.

2N+4O2+H2O=HN+5O3+HN+3O2; 4N+4O2+O2+2H2O=4HN+5O3.

Азот қышқылы. HN+5O3, HNO3+H2OH3O++NO3-. HNO3=H++NO3-.

Алынуы. Лабораторияда: 2NaNO3(қатты)+H2SO4(конц) = Na2SO4+2HNO3↑.

Өнеркәсіпте: аммиакты тотықтыру арқылы алады.

Физикалық қасиеті. Түссіз, өзіне тән иісі бар сұйықтық, тығыздығы – 1,51г/см3, tқату-420С мөлдір түсті кристалл. 860С қайнайды. Суда жақсы ериді, ауада “түтінденеді”.

Химиялық қасиеттері. Тотықтырғыш қасиет көрсетеді.

4HNO3=4NO2↑+O2↑+2H2O; CuO+2HNO3=Cu(NO3)2+H2O; CuO+2H+=Cu2++H2O.

Cu(OH)2+2HNO3=Cu(NO3)2+2H2O; Cu(OH)2+2H+=Cu2++2H2O.

Cu0+4HN+5O3 = Cu+2(NO3)2+2N+4O2+2H2O Конц. HNO3 қыздырғанда, реакция шабытты

Т-с-ш Cu0-2e=Cu+2 │1 тотығады қоңыр түсті газ бөлінеді. Ерітінді көкшіл түске боялады

Т-т-ш N+5+e=N+4 │2 тотықсызданады.

3Cu0+8HN+5O3 сұйылт. = 3Cu+2(NO3)2+2N+2O2+2H2O

Т-с-ш Cu0-2e=Cu+2 │3 тотығады

Т-т-ш N+5+3e=N+2 │2 тотықсызданады.

Конц. HNO3 - Al. Fe әрекеттеспейді, себебі металдың сыртында тұрақты оксидтік қабат түзіледі.

Қолданылуы. Химия өнеркәсібінің негізгі өнімдерінің бірі болып саналады. Өндіріссте 75% минералдық тыңайтқыш өндіруге, 15%-і қопарылғыш заттар алуға, 10% басқа мақсаттарға жұмсалады. 2-сызбанұсқа.

Қорытынды. HNO3 – күшті тотықтырғыш. Қышқылдарға тән қасиет көрсетеді. Химия өнеркәсібінің негізгі өнімдерінің бірі.

Алған білімді бекіту. Сұрақ: конц. H2SO4 мен HNO3 салыстырмалы сипаттама беріңдер.

Жаттығу орындау №3. Есеп шығару.№5,6.

Бағалау кезеңі. Үйге тапсырма: §15, 16. Бет58 №3,5,6.





І Сабақтың тақырыбы: §17. Нитраттар. Азоттың табиғаттағы айналымы.

ІІ Сабақтың мақсаты: Азот қышқылы және оның тұздары нитраттардың қасиеттерін, қолданылуын қарастыру, оқушылардың еске сақтау қабілеттерін дамыту. Нитраттардың айырылу реакциясында шығатын өнімдердің металдың белсенділігіне байланысты екенін түсіндіру.

Дүниеге ғылыми-материалистік көзқарастарын тәрбиелеу.

ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сөз-көрнекі

Көрнекілік: трект-сызбалар, деңгейлік тапсырмалар. Қатты NaNO3, AgNO3, конц. H2SO4, NH4NO3, сынауықтар, мыс сым.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Азоттың қандай оксидтерін білесіңдер?

2. NO, NO2-не салыстырмалы сипаттама беріңдер.

3. HNO3-ң физикалық қасиеттерін айтып беріңдер.

4. Лабораторияда HNO3-ын қалай алады?

5. Бір оқушы тақтада: 2 моль х л

4HNO3=4NO2+2H2O+O2↑.

6.HNO3-ң қолданылуын айтып беріңдер.

7. N2→NO→NO2→HNO3→Cu(NO3)2.

Жаңа сабақ. Азот қышқылының тұздарын нитраттар деп аталады. Қатты кристалды заттар, бәрі дерлік суда жақсы ериді. NaNO3, KNO3, Ca(NO3)2, NH4NO3 селитралар. Алынуы:

14HNO3 (c) + 4Zn = 4Zn(NO3)2 + NH4NO3 + 3H2O; 2HNO3 + CaO = Ca(NO3)2 + H2O;

HNO3 + NaOH = NaNO3 + H2O.

Басқа оттекті қышқыл тұздарына қарағанда нитраттардың айырылуы рекше. Нитраттарды қыздырғанда оттек бөле ыдырайды. а) 2KN+5O3-2 t= 2KN+3O2 + O20↑;

ә) 2Pb(N+5O3-2)2 t= 2PbO + 4N+4O2↑ + O20↑; 2Zn(N+5O3)2 = 2ZnO + 4N + 4O2↑ + O2↑.

б) 2Ag+1N+5O3 = 2Ag0 + 2N+4O2↑ + O20

Cu + 4HNO3 t= Cu(NO3)2 + 2H2O + 2NO2↑. NO3- ионға сапалық реакция

көкшіл түсті қоңыр түсті

Қолданылуы. NaNO3, NH4NO3, KNO3 азот тыңайтқыш., шыны қайнатуда, тағамдарды консервілеуде. KNO3 – оқ-дәрі жасауда, AgNO3 (ляпис) медицина, күмістеу үшін, хлорид ионын табуға қажетті реактив.

Азоттың табиғаттағы айналымын оқулықпен жұмыс істеу. Ағаш, таскөмір, органикалық заттар жанғанда, шірігенде ауаға бос азот бөлінеді. Организмдегі азот нәруыз синтездеуге қатысады. 19-сурет.

Қорытынды.

Алған білімді бекіту. NH3→NO→NO2→HNO3→Ca(NO3)2

(NH4)2SO4.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §17, №1-4. Есеп жұмыс дәптерінен.

































І Сабақтың тақырыбы: §18. Фосфор. §19. Фосфордың оттекті қосылыстары.

ІІ Сабақтың мақсаты: Фосфордың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, ашылу тарихы, фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері, табиғатта кездесуі мен маңызы туралы түсінік беру. Сабақта фосфордың маңызды қосылыстары – фосфин, фосфор оксидтері, фосфор қышқылы туралы мағлұмат беру. Ойлау қабілеті дамытылады.

ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту.

Көрнекілік: периодтық кесте, трект плакаты.

Құралдар мен реактивтер: қызыл Р, құты, зат жағатын қасық, спирт шам, су, лакмус, метилоранж, Р2О5, AgNO3, NaOH, H3PO4, Na3PO4.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Азот қышқылының, нитраттардың қолданылуын айтып беріңдер.

2. Азоттың табиғаттағы айналымын мысалмен түсіндіріңдер және жұмыс дәптердегі 68-тапсырманы орныдаңдар.

3. Нитраттар айырылғанда қандай заттар бөлінеді?

Есеп, жаттығу орындау.

Жаңа сабақ. Р – ІІІ период, VA, Ar=31, №15, +15. Атом құрылысы +15P )2e)8e)5e, 1s22s22p63s23p3; -3, +3, +5. PH3улы, тұрақсыз газ.

Р-ды 1669 ж. неміс алхимигі Х.Бранд ашқан.

Табиғатта кездесуі. Қосылыс түрінде, тау жыныстары мен минералдар, фосфорит және апатит – Ca3(PO4)2.

Алынуы: 2Ca3(PO4)2 + 6SiO2 + 10C = P4 + 6CaSiO3 + 10CO↑. ақ фосфор.

Физикалық қасиеті. Р – аллотропиялық түрөзгерістері: ақ фосфор улы және тез тұтанады, қызыл фосфор, қара фосфор. 6-кесте.

Химиялық қасиеті. Р – тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.

1. 4P+5O2=2P2O5; 2. 3Ca+2P=Ca3P2; 3Zn+2P=Zn3P2 зиянкес кемірушілермен күресуде.

1. 2P+3Cl2=2PCl3; 2P+5Cl2=2PCl5. 2. 2P+3H2=2PH3 фосфин – т, ерекше иісі бар, өте улы зат.

21-сурет. сіріңкенің басы және қорабының жанына жағылған қоспа 5KClO3+6P=5KCl+3P2O5.

Қолданылуы. қызыл Р – сіріңке өндірісі, пиротехникада, фосфор қышқылы, улы химикаттар.

Р2О5 – ақ түсті ұнтақ зат, ылғал тартады, қышқылдық қасиет көрсетеді.

Фосфор қышқылы P2O5+H2O=2HPO3 мета; P2O5+2H2O=H4P2O7 ди; P2O5+3H2O=2H3PO4 орто.

Орташа қышқыл. Ф.қ. т, кристалды, улы емес зат. Суда жақсы ериді.

Алынуы. Лабораторияда: P2O5+3H2O=2H3PO4;

Өнеркәсіпте: Ca3(PO4)2+3H2SO4=3CaSO4↓+2H3PO4.

Х.қ. 1. Сатылай диссоциацияланады.

2. 3CaO+2H3PO4=Ca3(PO4)2↓+3H2O; NaOH+H3PO4=NaH2PO4+H2O; 2NaOH+H3PO4=Na2HPO4+H2O; 3NaOH+H3PO4=Na3PO4+3H2O.

Ca3(PO4)2+4H3PO4=3Ca(H2PO4)2.

Фосфат ионға РО43- сапалық реакция. H3PO4+3AgNO3=3HNO3+Ag3PO4↓ сары тұнба.

Қолданылуы. Н3РО4 – дәрі-дәрмек, минералдық тыңайтқыш. 22-сурет.

Қорытынды. 1. Р қосылыстарда қандай тотығу дәреже көрсетеді?

2.Р табиғатта қандай түрде тараған? Қосылыс апатит Са3(РО4)2

3. Р қайда қолданылады? Сіріңке

4. Р-ң қандай аллотропиялық түр өзгерістері бар? Ақ, қызыл, қара

5. Р-ң сутекті қосылысы қалай аталады?

Алған білімді бекіту. Оқулықпен жұмыс. Есеп шығару. Тақтамен жұмыс.

1. а) P2O5+H2O=; ә) P2O5+KOH=; б) P2O5+NaNO3=; в) P2O5+CaO=; г) P2O5+CO2=; д) P2O5+Ba(OH)2=.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §18, №7-8, §19, №3-8.













І Сабақтың тақырыбы: “Азот және фосфор” тақырыбын қайталау.

ІІ Сабақтың мақсаты: Азот және фосфор жайлы білімдерін бір жүйеге келтіру.

Оқушылардың таным қабілеттерін дамытып, өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік беру.

ІІІ Сабақтың түрі:қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: СТО элементтері, тест әдістері.

Көрнекілік: тапсырма қағаздары,

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



І “Кім жылдам” ойыны. Қойылған сұрақтарға жауабын жылдам айтуға дағдыланады.

1-топқа:

  1. Азоттың сутекті қосылысы не деп аталады? (аммиак)

  2. Азот қосылыстарында қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді? (+5, -3, +2, +4)

  3. Азоттың металдармен қосылысында қандай тұздар түзіледі, ол қалай аталады? (нитридтер)

  4. Азот табиғатта қандай түрде тараған? (газ)

  5. Ауаның неше пайызын азот құрайды? (78%)

  6. Азот қышқылының тұздары қалай аталады? (нитраттар)

  7. Аммиактың судағы еретіндісі қалай аталады? (мүсәтір спирті, аммоний гидроксиді)

  8. Сұйықтық патшасы дегеніміз не? Ненің қосылыстары? (“патша арағы” 3HNO3*HCl)

  9. Азот қышқылы жарықтың әсерінен неге ыдырайды? (NO2+H2O)

2-топқа:

  1. Фосфордың сутекті қосылысы қалай аталады? (фосфин)

  2. Фосфордың металдармен қосылысы қандай тұздар деп аталады? (фосфидтер)

  3. Фосфор қосылыстарында қандай тотығу дәрежесін көрсетеді? (+5, -3)

  4. Фосфор табиғатта қандай түрде тараған? (қосылыс, Ca3(PO4)2, апатит)

  5. Фосфор қосылысының тұздары қалай аталады? (ортофосфаттар)

  6. Фосфор қышқылы қыздырғанда неге ыдырайды? Н4Р2О7, қос фосфор қышқылы)

  7. Фосфордың қандай аллотропиялық түр өзгерістері бар? (ақ, қызыл, қара)

  8. Фосфор қайда қолданылады? (сіріңке)

ІІ “Есептер шығару”

  1. Ерітіндінің массасы 600 г, массалық үлесі 42% азот қышқылы арқылы аммиак өткізгенде массасы 300 г аммоний нитраты түзілді. Аммоний нитратының массалық үлесін есептеңіз.

  2. N2→NH3→NO→NO2→HNO3

  3. Құрамында 58% кальций ортофосфаты бар 50 кг сүйекте неше килограмм фосфор болады?

  4. P [pic] P2O5H3PO4H4P2O7HPO3.

PH3

ІІІ “Миға шабуыл” сөзжұмбағы шешіледі.

  1. Азотты сипаттаған ғалым.

  2. Ауаның 78% құрайтын элемент.

  3. Азот қышқылының тұздары.

  4. Атмосфераға азот бөліп жанатын зат.

  5. Азот диоксиді адам қолынан нені азайтады.

  6. Азоттың металдармен қосылысы.

Жауабы: 1. Резерфорд. 2. Азот. 3. Селитра. 4. Торф. 5. Гемоглобин. 6. Нитрид.

IV “Эксперименттік есептер шығару” (қышқылдардың сапалық құрамын анықтау).

  1. Нитраттар: Cu + 4HNO3 Cu(NO3)2 + 2NO2 + 2H2O;

  2. Фосфаттар: 3AgNO3 + H3PO4 Ag3PO4 + 3HNO3.

V “Топ басшыларының сайысы”. Ауызша сұрақ қойып сыналады.

  1. Фосфордың қандай қосылыстары фосфин деп аталады? (РН3)

  2. Фосфор (V) оксидінің формуласы (Р2О5)

  3. Ақыл-ой элементі (фосфор)

  4. Қандай химиялық элемент миллионер деп аталады? (көміртек)

  5. Фосфор қышқылының қандай түрлерін білесіз (метафосфор, ортофосфор)

  6. Фосфор қышқылы тұздарының қандай түрлері бар? (дигидрофосфаттар, гидрофосфор, ортофосфаттар)

  7. Мына элементтердің қайсысы артық N, P, As, Sb, C, Bi? (С)

  8. Қышқылдық жаңбыр дегеніміз не? Оның қандай әсері бар? (ауадағы NO2, SO2, SO3 жаңбыр жауғанда жерге қышқыл жаңбыр болып түседі)

  9. Жарық беруші элемент? (фосфор)

  10. Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар? (тұз қышқылы)

VI “Венн диаграммасы арқылыАзотпенФосфортақырыптарын қорытындылау.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: 1-топ: “Азот тыңайтқыштары” тақырыбына реферат жазады,

2-топ: “Фосфорлы тыңайтқыштары” реферат жазу.











































І Сабақтың тақырыбы: §23. Көміртек (ІІ) және көміртек (IV) оксидтері.

§24. Көмір қышқылы және карбонаттар. Көміртектің табиғаттағы айналымы.

ІІ Сабақтың мақсаты: Оксидтердің жіктелуін еске түсіріп, олардың құрылымдық формуласы, қасиеттері, қолданылуы жайлы алған білімді қорытындылап, оксидтердің қасиеттеріндегі айырмашылықтың себептері айтылады.

Көмір қышқылын басқа бейорганикалық қышқылдармен салыстыру, карбонаттардың басқа тұздардан ерекшелігі сөз болады.

Көміртектің табиғаттағы айналымы туралы түсінік беру.

ІІІ Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өздік жұмыс

Көрнекілік: құралдар мен реактивтер: “Карбонаттар” жинақтамасы, қатты ас содасы, әктас, конц. НCl, газ алатын қарапайым құрал, сынауықтар, әк суы Са(ОН)2. Электронды оқулық, слайдтар, интерактивті тақта.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау. (сұрақ-жауап)

1. Кім көп біледі?

1. С-ң химиялық таңбасы. (С, оқылуы Це)

2. № 6.

3. Ar нешеге тең? (12)

4. П.ж.о? (2п, 4 топ, А)

5. С табиғатта қандай түрінде кездеседі? (Бос күйінде де, қосылыс түрінде де кездеседі)

6. С-тің қандай аллотропиялық түр өзгерісін білесіздер? (алмаз, графит)

7. Алмаздың пішіні қандай? (тетраэдр)

8. Алмаздың физикалық қасиеті қандай? (өте қатты, мөлдір, т, электр тогын өткізбейді)

9. Алмазды қайда қолданады? (бұрғылар жасау, егеу, шыны кескіш, қырланған алмаздан бриллиант, әшекейлі зат жасауда қолданады)

10. Графиттің пішіні қандай? (алтыбұрышты призма)

11. Графиттің физикалық қасиеті қандай? (жұмсақ, мөлдір емес, металдық жылтыры бар сұр зат, электр тогын жақсы өткізеді)

12. Графитті қайда қолданады? (қарындаштың өзегін жасауға, электр тогын өткізетіндіктен электродтар жасауға және техникада “құрғақ май” ретінде қолданылады)

13. Адам уланғанда немесе ішекке газ толып мазасызданғанда қандай дәрі қолданылады? (карболен)

14. С-тің химиялық қасиеттері қандай? (реакция теңдеулерін тақтаға жазу)

15. Адсорбция деген не?

Қорытындылауда үйге берілген тапсырмаларды тексеру.

Жаңа сабақ. Көміртек қосылыстары. Көмірдің оттекпен әрекеттесуі. Электронды оқулықтан СО, СО2, Н2СО3 туралы ақпаратты оқып, оқушыларға топтастыру тапсырмасы беріледі.

Көміртек жанғанда 2 түрлі оксид – СО және СО2 түзіледі. СО – иіс газы. Физикалық қасиеттері:

СО – т, и, д, газ, улы газ, ауадан сәл жеңіл, суда нашар ериді, жанғыш газ, қайнау температурасы 1920С. Химиялық салғырт.

А [pic] лынуы. Көмір, кокс, тас көмір, бензин: 2С + О2 1000 С 2СО, С + СО2 = 2CO.

Химиялық қасиеттері. ауада көп жылу бөле отырып көгілдір жалынмен жанады 2СО +O2 = 2CO2 + 577 кДж отын ретінде пайдаланады.

Тотықсыздандырғыш: СО + CuO t= Cu + CO2; FeO + 3CO = 2Fe + 3CO2.

CO2 – көмірқышқыл газы. O = C = O.

Алынуы. Лабораторияда: мәрмәр СaCO3 + 2HCl(сұйылт) = CaCl2 + H2O + CO2.

Өнеркәсіпте: әктас CaCO3 t= CaO + CO2.

Физикалық қасиеті.СО2 - И, т, газ, “құрғақ мұз”, жанбайды (өрт сөндіргіште қолданылады), ауадан 1,5 есе ауыр, суда жақсы ериді, қайнау температурасы 780С.

Химиялық қасиеті. СО2 + Н2О Н2СО3 тұрақсыз.

СО2 + CaO = CaCO3, CO2 + Ca(OH)2 = CaCO3 + H2O ақ түсті тұнба.

СaCO3 + H2O + CO2 = Ca(HCO3)2.

H2CO3 – көмір қышқылы. Тұрақсыз зат оңай айырылады. Н2СО3 Н2О + СО2 термиялық ыдырауы (электронды оқулықтан көрсету).

Химиялық қасиеті. H2CO3 + 2NaOHконц = Na2CO3 + 2H2O; H2CO3 + NaOHсұйылт = NaHCO3 + H2O; NaHCO3+NaOH=Na2CO3+H2O.

Көмір қышқылының тұздары карбонаттар деп атайды. CaCO3, Na2CO3, K2CO3, (NH4)2CO3, MgCO3. CaCO3 t= CaO+CO2; Na2CO3+HOH NaOH+NaHCO3.

Сапалық реакция СО32-, НСО3- анықтайтын Na2CO3+2HCl=2NaCl+H2O+CO2↑.

Немесе СО2 СО2 + Сa(OH)2 = CaCO3 + H2O.

Қорытынды. Қолданылуы. Көміртектің табиғаттағы айналымын (электронды оқулықтан “Көшетханалық пәрмен” айналымын көрсету).

Алған білімді бекіту. №1. С→СО2→Н2СО3→Са(НСО3)2→СаСО3.

2. Сәйкестендіру тесті.

3. Жүзеге асыр. С→СО→СО2Na2CO3CaCO3CaCl2.

4. Есеп шығару.

5. Жадында жүрсін. Қосымша материал.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §23, бет 79 №5-10. “Көміртек және оның қосылыстары” туралы 10 сұрақ даярлап келу; §24, бет 82 №6-9



























І Сабақтың тақырыбы: §25. Кремний. Кремний диоксиді.

ІІ Сабақтың мақсаты: Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде кремнийдің орналасуын атом құрылысы тұрғысынан сипаттап, оның қасиеттері жайлы білімді дамыту.

Оксидінің табиғатта таралуы туралы мағлұмат беру.

Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

ІІІ Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, есеп шығару.

Көрнекілік: “Минералдар мен тау жыныстары” жинақтамасы, Na2SiO3, силикат желімі, HCl, құм, CaCl2 ерітіндісі, индикатор. Электронды оқулық, слайдтар, интерактивті тақта.

IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



2.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Үйден 10 сұрақ даярлап келген оқушылардың тапрсымаларын талдау.

2. Сұрақ-жауап арқылы оқулықтағы §23-24 жауап беру.

Есеп шығару, өз бетінше тапсырма орындау.

Қорытындылау. Тест жұмысы.

Жаңа сабақ. Кремний Si, ІІІ период, IV топ А, +14Si )2e )8e )4e. 1s22s22p63s23p2; -4, +2, +4.

Табиғатта таралуы. Жер қыртысында көп таралған бейметалл (оттектен кейін 2 орын). Тек қосылыс – минералдар мен тау жыныстарда, органикалық заттар кездеседі. Кремнезем SiO2 – құм, каолинит (ақ балшық және алюмосиликаттар Al2O3*2SiO2*2H2O, дала шпаты немесе ортоклаз K2O*Al2O3*6SiO2.

Алынуы. Лабораторияда: ұнтақ ақ құм SiO2 + 2Mg t= 2MgO + Si сұрғылт ұнтақ аморфты.

Өнеркәсіпте: құм SiO2 + Cкөмір t= Si + 2CO.

Швед химигі И.Я. Берцелиус 1822 ж. Si таза күйінде алды.

Физикалық қасиеті. Кремний аллотропиялық түр өзгерісі.

Химиялық қасиеті. Тотықсыздандырғыш – аморфты Si.

S [pic] [pic] i + 2Cl2 400 C SiCl4; Si + O2 1200 С SiO2; Si + C = SiC; Si + 2NaOH + H2O = Na2SiO3 + 2H2.

Тотықтырғыш: Si + 2Mg = Mg2Si.

Қолданылуы: 28-сурет.

SiO2 кремнезем – табиғи полимер. Аморфты кремнезем – трепел. Кристалдық кремнезем – кварц. Алты қырлы призма тәрізді мөлдір түрі – тау хрусталі. Күңгірттеу түстісі – аметист.

Физикалық қасиеті. SiO2 – атомдық кристалдық тор, қышқылдық оксид, іс жүзінде суда ерімейді, қиын балқитын зат, балқу температурасы 17130С.

Химиялық қасиеттері. SiO2 + 2NaOH t= Na2SiO3 + H2O; SiO2 + MgO t= MgSiO3;

SiO2 + Na2CO3 t= Na2SiO3 + CO2.

Қорытынды. Қолданылуы: 28-сурет.

Алған білімді бекіту. №1. Сұрақтарға жауап. №2. SiO2→Si→SiH4→SiO2→Na2SiO3.

Есеп шығару.

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: §25. Бет 86 №6-9.