Күні: 12.05.16
Сыныбы: 11
Пәні:физика
§11.4 Күн жүйесіндегі кіші денелер. Күн жүйесінің шекарасы
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты
Күтілетін нәтиже
Күн жүйесіндегі кіші денелер. Күн жүйесінің шекарасы жайлы мағлұмат алады
Күн жүйесіндегі кіші денелер. Күн жүйесінің шекарасын ажырата білуге үйренеді
Топта бағалай алатын болады
Негізгі идеялар
Марс пен Юпитер орбиталарының арасында пішіні бұрыс аспан денелері бар. Оларды астероидтар деп атайды.
1 [pic] 801 ж. Джузепе Пиации бірінші астероид –Церераны ашты.
Неміс математигі Гаусс осы астероидтың орбитасын есептеп шығарды.
1802 ж. Неміс дәрігері Ольберс Паллада астероидын ашты.
1804 ж. Юнона, 1807 ж. Веста табылды.
Юпитер орбитасы бойымен планетаның алдында және артында қозғалатын астероидтардың екі тобы бар: «Гректер» және «Трояндықтар».
Кейбір астериодтардың жарықтылығының периодты өзгеруі бұрыс пішінді, беткі қабаттарының тегіс емес екенін және өз осьтерінен айналатынын көрсетеді.
Астероидтарда атмосфера жоқ. Астероидтардан кіші денелерді метеориттер деп атайды.
Кейбір астероидтар туралы қызықты мәліметтер:
Ең ірісі – Церера, радиусы 470 км;
Тығыздықтары 2-8 г/см3 шамасында;
Ең қара астероидтар 95 Аретуза мен Бамбергтің қаралығы көмірдей немесе күйедей;
Күнге ең жақын келгендері: Икар және Фаэтон.
1977 ж. Ашылған Харон ең алыс астероид.
Гаспра астероидының магнит өрісі тіркелді.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс
Топтық жұмыс
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2 сандарына байланысты 2 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
Жер тобындағы планеталар жайында не білесіңдер?
Алып планеталар жайында не білесіңдер?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
Күн жұйесіндегі кіші денелер жайында не білесіңдер?
Күн жүйесінің шекарасы жайында не білесіңдер?
ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді: Мәтінді оқып топпен қорғайды.
ҮІ. Топтық жұмыс (есептер шығару)
№11.4.1, №11.4.2, №11,4,3, №11,4,4
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар № 11.4,5
Кейінгі оқу
§11.4 Күн жүйесіндегі кіші денелер. Күн жүйесінің шекарасы