Қысым
Күпсек қар бойымен жүретін адамның аяқтары қарға батып кетеді. Осындай қармен адам жүре алмайды. Бірақ, егерде ол шаңғы кисе сондай қармен батпай да жүре алады. Шаңғысыз және шаңғымен жүретін адам қарға бірдей салмақ түсіреді. Бірақ екі жағдайда бұл күштің әсері әр түрлі болады, себебі шаңғымен тұратын адамның және шаңғысыз тұрған адамның қысым түсіретін тұратын беттерінің аудандары әр түрлі. Шаңғы бетінің ауданы табан беті ауданынан 20 есе артық. Сондықтан шаңғы киіп тұрған адам қар бетінің ауданының әр шаршы сантимеріне 20 есе кем күш түсіреді. [pic]
Сонымен әрекет ету күштің нәтижесі тек оның модулі, бағыты және түсіру нүктесіне ғана тәуелді емес, сонымен бірге ол күштің әсер етуіне перпендикуляр болатын бет ауданына да байланысты.
Қысым күші әсер ететін беттің ауданын өзгерту арқылы бірдей салмақпен қысымның шамасын өзгертіп отыруға болады.
Сұрақ 1.
Пышақ, ара және тағы басқа өткір құралдарды не үшін қайрайды?
Қысымды арттыру үшін
Қысымды азайту үшін
Қысым бетінің ауданын азайту үшін
Дененің массасын азайту үшін
Жауап: А.
Сұрақ 2.
Сөйлемді аяқтаңдар. Тіреуге түсіретін қысымды кемітуге болады, егер (бірнеше дұрыс жауаптарды таңдаңдар)
Бетті тегістіп қойса
Тіреу ауданың арттырса
Тіреу ауданын кемітсе
Дененің массасын азайтса
Жауап: B, D
Сұрақ 3.
Күштің денеге әсер ету нәтижесі неден тәуелді?
Күш модулінен Иә/жоқ
Тіреу ауданынан
Иә/жоқ
Беттің тегістігінен
Иә/жоқ
Үйкеліс күшінен
Иә/жоқ
Жауап: 1-иә, 2-иә, 3-жоқ, 4 -жоқ
Сұрақ 4. [pic]
Суретте бейнеленген мұз астына батып баражатқан адамды құтқару тәсілі неге негізделген?
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жауап: мұз астына түскен адамды құтқару үшін оның мұзға түсіретін қысымын азайту қажет. Қысымды азайту тәсілдері: тақтайды немесе ауданы үлкен затты тастау, адам мұзға жатып өз ауданын арттыру.
Сұрақ 5.
Еденде тұрған адам еденге түсіретін қысымын екі есе өсіру тәсілін келтіріңдер
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жауап: адам бір аяғына тұрса, онда қысымы артады, себебі табандарының ауданы екі есе кемиді.
Сұрақ 7.
Неге рельстарды жерге емес, шпалдарға орнатады? Рельстің негізімен шпалдың арасында кең металл астарларды салады? [pic]
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жауап: рельс пен шпала арасында астарларды салғанда рельстің шпалаға түсіретін қысымы азаяды.