Кулмаганбетова Кулсара Шамшеновна -

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қ [pic] ұлмағанбетова Күлсара Шәмшенқызы

«Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің

1 орта мектебі» КММ








Физика 10 сынып.

Сабақтың  тақырыбы:  «Тұрақты электр тогы» тарауы бойынша қорытынды қайталау    
Білімділік  мақсаты:  Тұрақты  ток  заңдарын  білу,  білімдерін   күнделікті тұрмыста   қолдана  алу.
Дамытушылық  мақсаты: Оқушылардың  ой-өрісін,  зейіні  мен  зердесін,  логикалық  ойлау  қабілетін дамыту,  әрбір  жеке  тұлғаның  дамуына  шығармашылық  жағдай  жасау.
Тәрбиелік  мақсаты:Электр тізбегінде электрден қауіпсіздік ережесін орындауды дағдыға айналдыру, электр тогын тұрмыста және шаруашылықта үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың  түрі: Дәстүрлі емес.(білімді  жинақтау,  жүйелеу,  қорытындылау). 

Әдісі: Оқу-практикалық. 1. Сұрақ-жауап.

2. Өз  бетімен  жұмыс

3. Сайыс,  зерттеу,  тексеру,  бағалау.

4. Тізбек құра білесің бе?
Сабақтың типі: қайталау-пысықтау сабағы.

Қолданылатын технологиялар: СТО, ақпараттық технология.

Қажетті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, РАSCO құралдары, кедергісі әр түрлі өткізгіштер, амперметр, вольтметр, реостат,

Пән аралық байланыс: әдебиет, информатика, химия, өмірмен байланыс.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, топпен орналастыру. Оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІ. Тарауды топпен жұмыс істеу арқылы қайталау.

ІІІ. Қорытындылау

IV. Бекіту

V. Үйге тапсырма беру

VI. Оқушыларды бағалау.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

жолдауынан: Қарқынды дамып келе жатқан оңтүстік өңірде электр энергиясы бойынша тапшылық бар. Біз ешкімге тәуелді болмауға тиіспіз. Бұл мәселе өте көптеген жайттарды шешеді. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Соған қарамастан, магистралдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, орталық және шығыс облыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі жобаға назар салу керек. «Екібастұз – Семей – Өскемен» және «Семей – Ақтоғай – Талдықорған – Алматы» бағыттарында жоғары вольтты желілер салу қажет. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.

Сабақтың жүргізілуі:

І. Сынып 2 топқа бөлінеді. Әрқайсысы өздеріне тиесілі орындарға отырады.

ІІ. Әр топ өздеріне берілген үй тапсырмасы бойынша электр тогының пайдасы мен зиянына тоқталып өтеді, «Ойлаудың алты қалпағы»әдісі бойынша.

ІІІ. «Іздеген табар-оқыған озар» постер қорғау, «Жұптық әңгіме».Тарауды

қорытындылау.,

ІҮ. «Кім жүйрік»деңгейлік тапсырмалар.

А-деңгейі.

Өткізгіш сымның ұштарындағы кернеу 200 В, ал тізбектегі ток күші 5 А болса, сым арқылы 3 минутта қанша жылу бөлініп шығады?

2. Тізбектегі ток күші 2А ,ал кернеу 6В болса,тізбек бөлігінің кедергісін анықтаңдар.


В деңгейі.

3. Амперметр 8 А көрсетіп тұрса, R1= 3 Ом; R2= 6 Ом; R3=2 Ом,

жалпы кернеу неге тең болады?





С деңгейі. [pic]

4. Егер ішкі кедергісі 0,20 Ом электр энергиясы көзін ұзындығы 6 м және қимасы 0,4 м2 болат өткізгішпен тұйықтағанда ,тізбекте 0,5 А ток пайда болса , онда электр энергиясы көзінің ЭҚК-ін анықтаңдар.(р-12*10¯²Ом*мм²/м).

Жауабы: 1.180кДж 2. 3 Ом 3. 32 В 4. 1В.

Ү.Сергіту сәті.

ҮІ.. «Суреттер сыр шертеді» Экранда суреттер көрсетіледі. Суреттер бойынша түсіндіру.

А) «Бұл кім»«Ұлы ғалымдар» туралы.
Топ мүшелеріне ғалымдар суреттері таратылып беріледі. Кім, қандай жаңалық ашты, айтулары керек.

Б) І топқа «Бұл қандай құрал»маңызын айту.

ІІ топқа «Тізбек құра білесің ба?»тізбекті құрастырып ,есептеу жолын түсіндіру.Сызбадағы қолданылатын шартты белгілерді дұрыс тауып, бағытталған кесінділер арқылы көрсету.

ҮІІ. «Біліміңді байқап көр».Тест.

Ток жұмысын есептейтін құрал.

А)Ваттметр. Ә) Спидометр Б)Амперметр В)Электр санағыш.

2.Толық тізбек үшін Ом заңы.

А)Í=U÷R Ә)I =q/t б)I /R+r В)Ɛ=I*(R+r)

3. Өткізгіштерді параллель жалғағанда қай шама өзгермейді?

А)Кернеу Ә) Ток күші Б) Кедергі В)Заряд.

4. 1 мин ішінде 18 Кл заряд өткен амперметрдіңкөрсетуі неге тең?

А)18А Ә) 0,3А Б)0,5А В)1А

5. Қыздыру шамы баллонында 220В: 60 Вт деп жазылған. Жұмыс

режиміне сәйкес ток күші:

А)0,47 А Ә)0,17А Б)0,27А В)0,37А

6.Кедергілері 15 Ом және 10 Ом болатын өткізгіштер өзара параллель қосылған.Олардың жалпы кедергісі

А)8 Ом Ә)6 Ом Б)25 Ом В)12 Ом

7. Электр қуатының формуласы:

А) N=A/t Ә)N= mgh/t Б) P=U*I В)P=m*V

8.Қуаты 0,25 кВТ электр двигатель 1000Дж жұмыс жасау үшін кеткен

уақыт.

А)40с Ә) 4с Б)25с В)2,5 с

9.Кедергісі 3,9 Ом электр шамына кедергісі 2,41 Ом резистор тізбектеліп қосылған. Жалпы кедергі:

А)6,40 Ом Ә) 6,31 Ом Б) 5,34 Ом В) 6,58 Ом

10. Ток күшін өлшейтін құрал.

А) вольтметр Ә)амперметр Б)омметр В) ваттметр


Дұрыс жауаптар:

1В.2.Б.3.А.4.Ә.5.Б. 6.Ә. 7. Б. 8.Ә. 9.Ә. 10.ә

ҮІІІ. Бағалау. (Өз-өзін бағалау және топ жетекшісі бағалайды)

ІХ.Рефлекция. 2 жұлдыз, бір ұсыныс.

Х.Үйге тапсырма беру: §12.1-12.3оқу ,Электр тогы туралы эссе жазу.










Қолданылған әдебиеттер.



  1. Туякбаев С.Т, Тынтаева Ш.Б, Бакынов Ж.О. Физика. Есептер жинағы. Алматы. Мектеп.2006.

  2. Кабардин О.Ф. Физика. Справочные материалы. Москва. Просвещение.1988.

  3. Семке А.И. Нестандартные задачи по физике. Ярославль. Академия развития. 2007.

4.Материалы сайтов [link]

5. Физика бойынша зертханалық құрал РS-2826.