Физика пәнінен біріктірілген сыныптардағы сабақ жоспары
№2 Қазанбасы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі
Айсенова Назгуль Ахметжановна
Газ қысымы. Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Джоуль- Ленц заңы.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға газ қысымы туралы түсінік беру;
2.Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру;
3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
1.Электр тізбектері туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау, токтың жұмысы, қуаты олардың бірліктері, Джоуль –Ленц заңы туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Алған білімін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Компьютер, слайдтар, видеопроектор
Постер, слайдтар, интерактивті тақта.
Оқыту әдістері
Сұрақ-жауап, баяндау
Сұрақ-жауап, баяндау
І.Кіріктірілген бөлім
Бағдарлау-мотивациялық кезең
Мұғалім сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстырады. Мұғалімнің сөзі:
Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыстар:
Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
*гидравликалық машиналар дегеніміз не?
*қарапайым гидравликалық машина лар -дың құрылысы қандай?
*жұмыс істеу принципі қандай?
*гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципінде қандай зандылық бар?
*есептердің шығарылуын тексеру.
Үй жұмысын «ашық тест»- әдісі арқылы тексеру.
*ток күші дегеніміз –
*вольтметр приборы нені өлшейді –
* меншікті кедергінің формуласы, өлшем бірлігі –
*24В кернеу адам өміріне қауіп бола алама?
ІІ. Сараланған бөлім
Операциялық-орындаушылық кезең:
Жаңа сабақ
[pic]
Газ қысымы газ
молекулаларының ыдыс
қабырғасына соққылауынан
болады
Тәжірибе
[pic] [pic]
Газ шар қабырғасына барлық бағытта бірдей қысым түсіреді.
[pic] [pic] [pic]
[pic]
Газдың массасы мен көлемін кішірейтсе, оның қысым артады, ал көлемін ұлғайтса, қысымы кемиді.
Жабық ыдыстағы газдың температурасы неғұрлым жоғары болса, оның қысымы соғұрлым үлкен болады.
Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс. Оқушыларды топқа бөлу арқылы жаңа тақырыпты меңгеру. (Постер қорғау).
1-топ: Электр құрылғыларын тізбектей қосу
[pic]
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:
U=U1+U2+U3+…
I1=I2=I3=…
R=R1+R2+R3+…
2-топ: Электр құрылғыларын параллель қосу
Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.
I=I1+I2+I3+…
U1=U2=U3=…
1/R=1/R1+1/R2+1/R3+…
[pic]
А-электр өрісіндегі заряд орын ауыстырғанда
атқарылатын жұмыс .
q – заряд;
U –кернеу.
Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және
жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.
1Дж=1Аּ1Вּ1с.
Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін
және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек.
ХБЖ-же қуат бірлігі 1Вт.
1Вт=1Аּ1В.
Джоуль-Ленц заңы:
Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде, өткізгіште
бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадартына,
өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына
тура пропорционал болады:
Кіріктірілген бөлім:
Рефлексиялық-бағалау кезеңі:
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары:
Тәжірибеге байланысты постер жасау және қорғау.
Бекіту. Есептер шығару.
16-жаттығу: № 2
№ 3
17-жаттығу: № 2
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары:
Бекіту. Есептер шығару.
20-жаттығу: № 1
№ 2
№ 3
№ 6
Схемалық белгілеулер арқылы тізбек құрастыру.
Бағалау бөлімі:
Оқушылардың топтық, жұптық бағалаулары
Өздік бағалаулар: бармақпен, смайликтермен бағалау
Мұғалімнің қорытынды бағасы талданып, қойылады.
Рефлексия, Кері байланыс:
Оқушылар сабақ туралы өз ойларын алма, жапырақ стикерлерге жазып, тақтадағы алма ағашына іледі.
Үйге тапсырма: Оқулықта 139-беттен 17-жаттығудың №1.
Үйге тапсырма: 20-жаттығу. 145-бет.