Заттың агрегаттық күйлеріне есептер шығару (8 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



А.Тайманов атындағы № 34 мектеп - гимназия











Ашық сабақ.


Тақырыбы:


«Заттың агрегаттық күйлеріне есептер шығару »


8 сынып












Физика пәні мұғалімі: Шамғонова Д.Н.





2016-2017 оқу жылы





Күні:

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Заттың агрегаттық күйлеріне есептер шығару

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тарау бойынша өтілген формулаларды бір жүйеге келтіру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Логикалық ой-өрісін,сабаққа деген ынтасы мен  қызығушылығын арттыру; шығармашылыққа баулу, ойлау қабілетін дамыту. 
Тәрбиелік: топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: практикалық

Пән аралық байланыс: Қ тарихы

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  жеке жұмыс

Сабақтың көрнекіліктері: слайд, дидактикалық материалдар, калориметр, термометр, су, психрометр (гигрометр), таразы, мензурка, ыстық суы бар шәйнек, есептер топтамасы

Сабақтың барысы:

I. Сыныпты ұйымдастыру

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


II. Үй тапсырмасы

Сұрақ – жауап арқылы

1. Броундық қозғалыс дегеніміз не?

2. Диффузия құбылысы, маңызы

3. Заттың неше күйі бар?

4. Температура, өлшем бірлігі, шкалалары

5. Жылу берілу дегеніміз не? Оның түрлері

6. Жылу мөлшері, өлшем бірлігі

7. Заттың меншікті жылусыйымдылығы нені сипаттайды?

8. Отын түрлері. Отынның меншікті балқу жылуы

9.Булану дегеніміз не? Меншікті булану жылуы?

10.Конденсация дегеніміз не?

11. Қаныққан және қанықпаған бу денеіміз не?

12. Қайнау дегеніміз не?

13. Кебу дегеніміз не?

14.Қатаю немесе кристалдану дегеніміз не?

15.Салыстырмалы ылғалдылық дегеніміз не?


III. Формула еске түсіру (Сабаққа қызығушылығын ояту.)

Оқушылар мына суретке қарап не түсінуге болады?

Өз ойларын жеткізеді. Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан 2030 жылы Орта Азия барысына айналады» – деген сөзін білесіңдер, яғни Қазақстан Орта Азия елдерінің ішінде биіктен көрінуі үшін біз, Қазақстан жастары білімді болуымыз керек. Биыл тәуелсіздігімізге, бейбітшілік пен жасампаздығымызға  25 жыл екенін білеміз. Осы 25 жылдыққа арналған суретке қарасаңдар шуағынан нұр төгілген күн көзін көреміз, енді біздің суретімізде қарайтын болсақ, не жетіспейді? Күннің нұры, шуағы. Сіздер білесіздер күн көзі арқылы біз жылу аламыз. Күн – жылу берілудің бірден-бір жолы. Күн көзінен берілетін жылу – жылу берілудің түрі сәулелену деп аталады. Енді сіздер жылу құбылыстарының теңдеулерін еске түсіру арқылы күнді шуағымен, нұрымен толтырайық. Барлығымыз бір формуладан жазып жабыстырайық


[pic] [pic]


IV. Есептер шығару


Деңгей


Тапсырмалар

А деңгей

  1. Бөлме температурасы 20 болса, абсолют Кельвин шкаласы бойынша мәні

  2. Т= 257К температурасының Цельсий шкаласы бойынша мәні

  3. Массасы 15 кг тас көмір толық жанғанда, қанша энергия бөлінеді, тас көмірдің меншікті жану жылуы 2,7*107 Дж/кг.?

В деңгей

  1. Массасы 200 г затты 1020 дейін қыздыру үшін 760 Дж жылу қажет. Заттың меншікті жылусыймдылығын тап.

  2. 15суды 100 дейін қыздырғанда, оның ішкі энергиясы 178.8кДж-ге артты. Судың массасын тап. Судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200 Дж/кг С

С-деңгей

  1. Массасы m1=200г температурасы t1=80C суы бар ыдысқа массасы m2 = 300г температурасы t1=-200C мұз батырылады. Тепе-теңдік күй орнағаннан кейін ыдыстың ішіндегісінің t температурасы қандай болады? Судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200 Дж/кг*С, мұздың меншікті жылу сыйымдылығы 2300 Дж/кг*С , мұздың меншікті балқу жылу 3,4*105Дж/кг




V. Тәжірибелік есеп (Физикалық эксперимент) 2 тапсырма.

1 тапсырма. Ыстық судың берген жылу мөлшерін анықтау

Керек құрал: ыстық су, мензурка, термометр, калориметр, салқын су.

2 тапсырма. Сынып бөлмесінің ауа ылғалдылығын анықтау.

Керек құрал: психрометр.


VІ. Сабақты бекіту ( Қорытындылау)





VII. Кері байланыс. 

Рефлексия.(Маған ұнады, қиын болды.)

Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта не ұнады, не қиын болғаны жайлы немесе қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтадағы бұлтқа іледі.


VІІІ. Үйге тапсырма

ІІ тарау бойынша толық қайталау. № 1,2,3,4,5,6,7,8


ІХ. Бағалау.

Сыныбы

«5»

«4»

«3»

Ұпай саны

10-8

7-6

5-4



Сабаққа араласқан, сұрақтарға жауап берген, есеп шығарған оқушылар (жетон жинаған) бағаланады.