Практикалық жұмыс: Жердің ауырлық өрісіндегі дене қозғалысының параметрлерін есептеу. (9 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бекітемін: Сыныбы: 9 «В»

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс: Жердің ауырлық өрісіндегі дене қозғалысының параметрлерін есептеу.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Дененің жердің ауырлық өрісіндегі дене қозғалысын анықтау, жұмысты орындап, есептеулерді реттеп жазып, жұмыстан шыққан қорытындыны тұжырымдау. 
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау. 
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: практикалық 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: кітаппен жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: карточка, тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
ІІІ.
Жаңа сабақ.

ІV. Қорытынды

V. Бағалау
VI.Үй тапсырмасын беру.


І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

  • Бірінші ғарыштық жылдамдық дегеніміз не?

  • Бірінші ғарыштық жылдамдықтың формуласы? Өлшем бірлігі?

  • Параболалық траекторияға сәйкес келетін жылдамдық қалай аталады?

  • Дененің салмағы деген не?

  • Салмақ дегеніміз не?

  • Салмағы нөлге тең болатын дененің күйі не деп аталады?

  • Жасанды серік неліктен жерге құламайды?

  • Орбита бойымен айналатын Жер серігіне қандай күш әрекет етеді?

  • Жоғары қарай үдемей қозғалған дененің салмағы қалай өзгереді?

  • Масса, салмақ, ауырлық күшінің қайсысы салмақсыздық жағдайында нөлге тең болады?


ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Марстың массасы 6*1023 кг, радиусы 3300 км. Дененің Марс бетіндегі еркін түсу үдеуін есептеп шығарыңдар.

  2. Ай радиусы Жер радиусынан шамамен 3,7 есе кіші, ал массасы Жер массасынан 81 есе аз. Ай бетіндегі еркін түсу үдеуі қандай?

  3. Алманың массасы 40 г. Оны Жер қандай күшпен тартады? Егер алма үзіліп түскен бұтақ 2,4 м биіктікте орналасқан болса, онда алма қанша уақытта жерге түседі?

  4. Айдың радиусы 1738 км, ал ондағы еркін түсу үдеуі Жердегіден 6 есе аз екені белгілі. Айдағы бірінші ғарыштық жылдамдықты есептеңдер.

  5. Марстағы еркін түсу үдеуі 3,76 м/с2, ал оның радиусы 3,39*106 м. Марс бетіне жақын маңайда ұшып жүрген жасанды серік жылдамдығын анықтаңдар.

  6. Жердің жасанды серігі жер бетінен 200 км қашықтықта дөңгелек орбита бойымен қозғалса, оның Жерді айналу периоды қандай болады?

  7. Жерде массасы 6 кг жәшік жатыр. Жәшіктіңсалмағы және оған түсірілген тіректің реакция күші қандай?

  8. Көпірдің қисықтық радиусы 100 м. Автокөліктің массасы 2000 кг, оның осы нүктедегі қозғалыс жылдамдығы 5 м/с. Ойыс көпірдің төменгі нүктесіндегі автокөліктің салмағы қандай?

  9. Лифтінің жоғары көтеріле бастау сәтіндегі үдеудің модулі a=0,2 м/с2 болса, массасы 50 кг баланың лифтідегі салмағы қандай болады?

  10. Массасы 2 т автокөлік дөңес көпірден 30 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтеді. Егер көпірдің қисықтық радиусы 100 м болса, онда ол көпірдің ортаңғы нүктесін қандай күшпен қысады?


ІV. Қорытынды

  • Бала үйдің ашық терезесінен 10 м/с жылдамдықпен доп лақтырды. Егер үй іргесінен бастап есептегенде, доп 4,9 м қашықтыққа түскен болса, онда оны қандай биіктіктен лақтырған?

  • Түтіктен көкжиекке 300 бұрыш жасай 10 м/с жылдамдықпен су атқылап тұр. Атқылаған судың ұшу уақытын, ұшу қашықтығын және максимал көтерілу биіктігін анықтаңдар.

  • Зеңбіректен көкжиекке 450 бұрыш жасай 1000 м/с бастапқы жылдамдықпен снаряд ұшып шықты. Снарядтың ұшу уақытын, горизонталь бағыттағы ұшу қашықтығын және максимал көтерілу биіктігін анықтаңдар.


V. Бағалау

VI.Үй тапсырмасын беру: қайталау