физика 7-Сынып
Күні__________
Сабақтың тақырыбы: Атомдар мен молекулалар. Заттың молекулалық құрылысы. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыға атомдар мен молекулалар заттардың молекулалық құрылысы туралы танымдық белсенділікпен түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру.
ІІ. ДК. Жаңа сабаққа дайындық.
А) Атом және молекула туралы не естідіңдер?
Ә) Өз ойларыңды айтыңдар.
ІІІ. ДК. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ең ұсақ бөлшектер.
Химиялық элемент.
Ең қатты элемент.
Ең жұмсақ элемент
Ең ауыр элемент
Ең жеңіл элемент.
Заттың құрылысы. Физикалық құбылыстармен денелердің қасиеттерін байқап қана қоймай, олардың неге бұлай емес басқаша жүретінін түсіндіруге тырысады. Мысалы, еденге төгілген су неге жайылады, ал ыстық табада ол тамшылар құрайды? Неге газ оңай сығылады, ал қатты дене мен сұйықты сығу қиын. Неге қызған болат кесегін ию, жаншу оңай, ал суық болатты қиын? Осы жєне көптеген басқа сұрақтарға жауап беруге болады, бірақ ол үшін заттың қҒрылысын білу керек. Заттың құрылысын білу көптеген физикалық құбылыстарды түсіндіреді жєне оны болжауға, оны тездету мен баяулату үшін не істеу керектігін, яғни құбылыстарды басқаруға көмектеседі.Денелердің құрылысын зерттеу, олардың қасиеттерін түсіндіруге, керекті қасиеттері бар – қатты жєне берік құйманы, ыстыққа төзімді материалдарды, каучук, капрон, лавсан жєне т.б. жаңа заттарды алуға көмектеседі. Бұл материалдардың барлығы техникада, медицинада, өмірде кең қолданысқа ие. Заттың құрылысын түсінуге кейбір құбылыстар мен тєжірибелер көмектеседі. Егер допты қолмен қысса, ішіндегі ауаның көлемі кішірейеді. Күш салып, резеңкенің, воскінің көлемін кемітуге болады. Бірақ көлем өзгерісі денеге түсетін механикалық єсерден ғана болмайды. Сақинадан еркін өтетін болат шар, қыздырғанда үлғайып сақинада кептеліп қалады (65, б-сурет). Суығанда ол сақинадан қайта еркін өте алады (65, а-сурет). Қыздырғанда қатты денелер ғана емес сүйықтар да үлғаяды. 66-суреттегі тєжірибе, қыздырғанда колбадағы сұйық деңгейі қалай өзгеретінін көрсетеді. Сонымен тєжірибелер дененің көлемінің өзгеретінін: кемитінін немесе өсетінін көрсетеді. Дененнің көлемін өзгерту қабілетін қалай түсіндіруге болады? Бұл заттар жеке бөлшектерден құралып, олардың арасы бос болатынымен түсіндіріледі. Бұл бөлшектер бір-бірінен қашықтаса дене көлемін ұлғайтады. Бөлшектері жақындағанда дененің көлемі кемиді.
Молекулалар мен атомдар. Барлық заттар өте кіші бөлшектерден құралады деген болжам ертеде, 2000 жылдан бұрын пайда болған. Бірақ тек 19—20 ғасырлар шегінде, бҒл қандай бөлшектер жєне олар қандай қасиеттерге ие екендігі тағайындалған. Заттар құралатын бөлшектерді [link] деп аталады.Диффузия былай түсіндіріледі (73-сурет). Бастапқыда, су мен мыс купоросының олардың шекарасына жақын орналасқан молекулалары бейберекет қозғала отырып, орын ауыстырады. Мыс купоросының молекуласы төменгі қабатына ал судың молекуласы-ерітіндінің үстіне орналасады. Осыдан шекара жайылады. “Бөтен сұйыққа енген молекулалар оның төменгі қабатындағы молекулалармен орын ауыса бастайды. Суйықтардың шекарасын бөлетін шекара одан єрі жайылады. Бұл процесс, молекулалардың үздіксіз бейберекет қозғалысының арқасында, біршама уақыттан соң ыдыстағы барлық сұйықты біртекті күйге єкеледі.”Сонымен диффузия, зат бҰлшектерінің үздіксіз жєне бейберекет қозғалысының себебінен болады. Диффузияда бір заттың бөлшектері екінші зат бөлшектерінің арасына енеді де олар араласады.Диффузия газдарда да, сұйықтарда да, қатты денелерде де жүреді. Диффузия газдарда тез тарайды (сондықтан, ауада иіс өте тез тарайды). Сұйықтарда, диффузия газдарға қарағанда баяу жүреді, себебі, сҒйық молекулалары жиі орналасқандықтан, олардан “Ұту” айтарлықтай қиындық тудырады.Қатты денелерде диффузия өте баяу жреді. Тєжірибелердің бірінде, өте тегістелген қорғасын жєне алтын қабаттары бірінің үстіне бірі қойылып, сығылған. Бес үжылдан соң ол екеуі бір-біріне 1 мм енген.Температура өскен сайын диффузияның жүру жылдамдығы артады. Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің өмірінде жүретін процестерде диффузияның үлкен маңызы бар. Мысалы, дифузияның арқасында оттегі өкпеден адамның қанына, ал қаннан теріге енеді.
ІV. ДК. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру.
1. Ең ұсақ бөлшек деген не?
2. Молекула неден тұрады?
3.Элементтер туралы мәлімет.
V.ДК.Жаңасабақты бекіту
Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты меңгеруін тексеру.
А) атомдар мен молекулалардың кристалдағы орналасу реті.
Ә) Электрондық микроскоппен қарап, тамашалау.Баға қою : §8