Тұрақты электр тогы ашық сабақ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Тұрақты электр тогы. Ток күші. Электр қозғаушы күш. Тізбек бөлігі үшін және толық тізбек үшін Ом заңы

Мақсаты:

1.Білімділік: Студеттерге ток күші, анықтамасы, өлшем бірлігі, өлшейтін құралы жайлы түсінік беру.

2. Дамытушылық: Ток күші, және өлшейтін құралды түсіндіруді ойын түрінде өткізе отырып, Студенттердің сабаққа қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, дамыту

3. Тәрбиелік: Ток күші, және оларды өлшейтін құрал амперметрді түсіндіре отырып,студенттерді ұқыптылыққа, техникалық қауіпсіздік ережесін есте сақтауға, өз ойын толық жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтыңтипі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтыңтүрі: Жаңа сабақ.

Сабақтыңәдісі: сұрақ – жауап, баяндау, есептер шығару.

Сабақтыңкөрнекілігі: интерактивті тақта, амперметр, кестелер, суреттер.

Сабақтыңбарысы:

I.Ұйымдастырукезеңі: 1.Сәлемдесу,түгелдеу.

2. Студенттердің құрал жабдығын тексеру.

3.Студенттің назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үйжұмысынтексеру:

Электростатика тарауы бойынша тәжірибе жасау.

Электростатика тарауын қайталау.

Есептер шығару.

1.Әрқайсысының заряды 1 мкКл болатын екі нүктелік заряд 30 см қашықтықта бір – бірімен қандай күшпен әсер етеді?

2.Әрқайсысының заряды 3 мкКл болатын екі кішкентай шар бір-бірімен 0,9 Н күшпен әсерлеседі. Олардың ара қашықтығы қандай болады?

3.Заряды 32 мкКл металл шарик бетіне қанша еркін электрон орналасқан?

ІІІ. Жаңа түсінік беру:

Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін ток күші деген арнайы шама енгізіледі.
Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атаймыз:

I = q/t

Халықаралық бірліктер жүйесінде ток күші ампермен (А) өрнектеледі.
1 ампер – вакуумде бір – бірінен 1 м қашықтықта орналасқан, көлденең қимасының ауданы өте аз, шексіз ұзын түзу екі өткізгіштің бойымен өтетін тұрақты ток күші. Мұндай ток ұзындығы өткізгіштердің әрбір кесіндісінде 2*10
-7Н-ға тең өзара әрекеттесу күшін тудырады.

1мА=10-3А
1мкА=10
-6А
1кА = 10
3А

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

Электр тізбегінде электрлік параметрлерді анықтайтын құрал датчик деп аталады. [pic]

[pic]


[pic]

[pic]