[pic]
М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қосымша білім беру педагогі
Даткаева Ажар Абаевна
Сабақтың тақырыбы: «Математикалық дамино»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдерін жетілдіру, логикалық есептерді шешуге дағдыландыру, шығармашылық ізденістерін ұштау. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ тез шешім қабылдауға, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Математикалық дамино» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысқа қатысушы топтар:
8 «А»-сынып «Тапқырлар»
8 «Ә»-сынып «Алғырлар»
Сайысымыз бес бөлімнен тұрады:
І бөлім. «Танымдық сайысы»
ІІ бөлім. «Сөз тапқанға...»
ІІІ бөлім. «Біліктілік сайысы»
ІY бөлім. «Кім жылдам?»
Y бөлім. «Математикалық эстафета»
Сайысымыздың І бөлімі «Танымдық сайысы». Әр топқа жеке-жеке сұрақтар қойылады. Барлығына дұрыс жауап берілсе ең жоғарғы бал бес ұпаймен бағаланады.
І бөлім. «Танымдық сайысы»
І топқа:
Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
Санның 1/100 бөлігі (пайыз)
Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем (теорема)
Қарама-қарсы сандардың қосындысы нешеге тең? (0)
Қай айда 28 күн бар? (барлық)
Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)
Аққайыңның 6 бұтағы бар, әр бұтағында 10 алма өсіп тұр. Сонда аққайыңда барлығы қанша алма өсіп тұр? (аққайыңда алма өспейді)
ах²+вх+с=0 түрінде берілген қандай теңдеу? (квадраттық теңдеу)
Шаршының периметрі 44 см, ал қабырғалары неге тең? (11 см)
Отбасында 7 қыз және әрқайсысында бір-бірден інісі бар. Отбасында неше бала бар? (8)
3 тауық 3 күнде 3 жұмыртқа табады, 12 тауық 12 күнде неше жұмыртқа табады? (12/22)
Бір бұрышы тік үшбұрыш (тікбұрышты үшбұрыш)
Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады? (дәреже)
ІІ топқа:
Ең үлкен үш таңбалы сан (999)
Тәуліктің 1/24 бөлігі (сағат)
Дәлелдеусіз қабылданатын математикалық сөйлем (аксиома)
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандарының қосындысы артық па, әлде көбейтіндісі артық па? (қосындысы)
Күн көзі жылына неше рет шығады? (365 рет)
Диаметрдің жартысы (радиус)
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неше градусқа тең? (180)
Күннің көзі жылына неше рет шығады? (365 рет)
Фигураның барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы (периметр)
Логикалық сұрақ. 35 санының соңғы цифрін өшірсек, ол қанша бірлікке азаяды? (32)
Барлық қабырғалары тең параллелограмм? (ромб)
9 бен 27 санының арасында неше тақ сан бар? (9)
Автомобильдің бір дөңгелегі 100м жүрді, ал 4 дөңгелегі қанша метр жүреді? (100м)
Барлық бұрыштары тік параллелограмм (тіктөртбұрыш)
Айналған теңдеу шешу құралына,
4 саны араласқан құрамына.
Теңдеудің түбірлері нешеу деген?,
Қандай сан жауап берген сұрағыма? (дискриминант)
ІІ бөлім. «Сөз тапқанға...»
Бұл бөлім бойынша сайыскерлеріміз өздеріне қойылған сұрақтарға таратылған әріптен басталатын сөз арқылы жауап қайтарылуы тиіс. Столдағы екі конверт берілген А және В біреуін таңдап ішіндегі әріптер бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру керек
І топ /М, Б, Е әріптері/
«Математиканы білмесең, дұрыс өмір сүрмейсің» - деген пікірге не айтасыз?
Математиканы меңгеру үшін адамға не қажет?
Дүенге барған кезде неше теңгеге сауда жасайсың?
Математикалық термин
ІІ топ /Т, К, Ж әріптері/
«Математика – ғылымдар патшасы» дегенді қалай түсінесіз?
Математика ғылымы қызықты ма?
Геометриялық фигуралардың бірін ата.
Сенің ойынша ең үлкен қай сан?
ІІІ бөлім. «Біліктілік сайысы» І топ
1 тапсырма:
1) Жалғастыр:
(a+b)2= (а2+2ab+b2)
a3+b3= (a+b) (а2-ab+b2)
an*am= (an+m)
-11a2b*0,3a2b2= (-3,3a4b3)
2) Теңдеуді шеш: 8x-3=5x+6 (x=3)
3) Атасының үйіне немерелері келді. Атасы оларға алма алып келді. Алманы бір-бірден берсе, біреуі артылып қалады, екі-екіден берсе бір немересіне жетпейді. Немересі нешеу, алма нешеу?(3 немере, 4 алма)
ІІ топ
1 тапсырма:
1) Жалғастыр:
(a-b)2= (а2-2ab+b2)
a3+b3= (a+b) (а2-ab+b2)
an:am= (an-m)
2b2c3*(-4bd)= (-8b3c3d)
2) Теңдеуді шеш: x-7+8x=9x-3-4x (x=1)
3)Ең үлкен 3 таңбалы сан мен ең кіші 1 таңбалы санның қосындысын тап. (999)
ІY бөлім. «Кім жылдам?» Екі бөлімнен тұрады.
Біріншісі: (1-52 дейінгі) жасырылған. Сіздердің міндеттеріңіз – осы жасырылған сандардырет –ретімен іздеп табу.
Екіншісі: Математикалық анограмма шешу
Y бөлім. Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, деп келесі сайысымыз
«Математикалық эстафета» сайысына кезек береміз.
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласын қолданып, түбірлерін табу
х²+10х+25=0 (х1=-5 х2=-5)
Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
х²+4х-21 (х-3)(х+7)
График бойынша функцияның формуласын жазу у=х²-2
Қорытынды. Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау. [pic]
[pic]