Күні: клаас: 7 пәні: физика
Сабақтың тақырыбы: Масса және күш. Практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың теориялық білімдерін практика жүзінде тексеру.Математикалық білімдерін толықтыру.
Тәрбиелік: Оқушыны сабақ барысында ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жүргізіп, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Баланың ойын дамыту, есте сақтау қабілетін қалыптастыру, сөздік қорын молайту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету.
Сабақ әдісі: ойын сабақ
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық
Пән аралық байланыс: математика, информатика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
*Оқушыларды түгендеп, сабаққа зейінін аудару
ІІ. Сабақ барысы («Бақытты сәт» ойыны ретінде өтеміз)
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, топ басшыларын сайлау керек.
І гейм «Бой сергіту». Әр топқа жеке-жеке сұрақ қойылады.
ІІ гейм «Сен білесің бе?». Әр топқа дидактикалық материалдар беріледі.
ІІІ гейм «Көсемдікке ұмтылу». Физикалық шамалар жайлы кесте беріледі, бос торларды толтыру керек. Тапсырманы дұрыс, тез орындау керек.
ІV гейм «Бас қатырғыштар». Топтарға есептер беріледі.
Ескерту: Ең көп дұрыс жауап берген балалар өз командасына қосымша ұпай (өздеріне баға: 4-5 жауап «4 балл» - «4», 5-6 жауап «5 балл»-«5» бағасын)алады
І гейм «Бой сергіту»
«А» тобына сұрақ:
1. Күш дегеніміз не?
2. Дененің деформациясы қалай пайда болады?
3. Гук заңы қалай тұжырымдалады?
4. Қарапайым динамометрді қалай жасауға болады?
5. Бір түзудің бойымен бір бағыттас, қарама – қарсы бағыттас, модульдері тең, ал бағыттары қарама – қарсы күштердің тең әрекетті күші неге тең?
6. Серпімділік күші қандай жағдайда пайда болады?
«В» тобына сұрақ:
1. Күш бірлігі ретінде не алынған?
2. Деформация дегеніміз не? Деформацияның неше түрі бар?
3. Қандай жағдайларда серпімді деформация пластикалық деформацияға айналады?
4. Гук заңы қандай деформация кезінде орындалады?
5. Қандай күшті тең әрекетті күш деп атаймыз?
6. Серіппенің қатаңдығы деп нені айтамыз?
Бекіту кезеңі: ІІ гейм «Сен білесің бе?»
Масса дегеніміз - __________________________________________________________________
Массалардың төменде берілген мәндерін кг арқылы өрнекте:
0,00000003 г = ______________ кг
5,6 т = _____________________ кг
4890 г = ____________________кг
34 ц = _____________________ кг
Заттың тығыздығы дегеніміз –__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Заттың тығыздығы мына формуламен анықталады: ρ=__________
Мына шамалардың өлшем бірліктерін жаз:
[m]=_______
[V]=_______
[ρ]=________
Сәйкес тығыздық бірліктерін жаз:
1 г/см3 = ______________ кг/м3
1000 т/м3=_____________ кг/м3
0,09 кг/мм3= ____________кг/м3
34 ц/дм3=_______________кг/м3
Күш дегеніміз – __________________________________________________________________
Күштің өлшем бірлігі қандай?
[F]=________
Суреттегі шардың қозғалу себебі неде?
[pic]
Суретте деформацияның қай түрі көрсетілген?
[pic]
Деформация дегеніміз –__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Гук заңы былай тұжырымдалады: _________________________________
__________________________________________________________________
[pic]
Серпінділік күші мына формуламен анықталады:
F=_____________
Cуреттегі тақтай деформацияның қай түріне ұшыраған?
Қорытындылау кезеңі: ІІІ гейм «Көсемдікке ұмтылу»
Физикалық атауы
Белгіленуі
Өлшем бірлігі
Формуласы
Масса
Жол
Күш
Тығыздық
Жылдамдық
Уақыт
Орташа жылдамдық
ІV гейм «Бас қатырғыштар».
1. Төменде берілген массасы m білеуге әсер ететін екі күштің шамалары мен бағыттары бойынша тең әрекетті күшін анықтаңдар. Ол күш қай жаққа қарай бағытталған?
10Н 10Н 3Н 8Н
20Н 50Н 5Н 15Н
2. Резеңке таспаның қатаңдығы 6*104 Н/м. Егер таспаға 12 кН күш әсер ететін болса, онда ол қандай шамаға созылады?
3. Серіппе 8 Н күш әрекетінен 16 мм – ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығын анықтаңдар.
4. Модульдері тең, қарама қарсыбағытталған екі күштің тең әрекетті күші 0-ге тең екенін дәлелдеңдер.
Үйге тапсырма беру кезеңі: 14-жаттығу (8-10)