Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Мәдениет ауылы, «Мыңбұлақ» жалпы орта [pic]
мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің физика пәнінің мұғалімі
Тажибай Наргиза
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Күш. Деформация.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың жаңа “күш”, ”деформация” ұғымы туралы білімдерін жетілдіру, қалыптастыру
Дамытушылық: өлшем бірліктерді қорыта білуге үйрету. Оқушылардың танымдық қасиеттерін және шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын арттыру. Азаматтыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, балаларды еңбектене, іздене білуге баулу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, электронды оқулық, таразы,сағат, сызғыш, термометр, динамометр, суреттер.
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (8 мин)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (15 мин)
ІV. Жаңа тақырыпты меңгерту тапсырмалары. (17 мин)
V. Бағалау. (2 мин)
VІ. Үйге тапсырма. (1 мин)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып жағдайын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқушыларды түгелдеу, оқушыларды жұпқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
А) Әр жұпқа тақпақ беріледі. Тақпақтар арқылы физикалық шамаларды тауып, формуласы мен өлшем бірлігін жазу.
1.Қозғалыс тездігін мен сипаттаймын
Өзімді мен әлсізге ұқсатпаймын
Желаяқ желдей ессе зымырайды
Шыңдасам «күш» өзіңе ұстатпаймын
Шығады басқалардан асқақ әнім,
Уақыт пен жол дегенді басқарамын. (жылдамдық)
2.Жолың болсын жолаушы
Жол аталған ұғыммын
Жылдамдық пен уақыт
Сыйлайды маған көп бақыт!
Сәтті күні әрқашан
Маған сенде жолға шық!
Жол боламын атақты
Жолың болар жолаушы
Білсең жолдың ұғымын! (жол)
3.Өткені ешкімге де сезілмейтін,
Ұғыммын уақыт атты білінбейтін
Өлшемім сағат, минут, секунд болған
Көзіңе елес болып көрінбеймін
Уақыт бос өтпесін, оқы достым!
Жасыңа әр жыл сайын бір жас қостым!
Ғасырға қадам бастық мен арқылы,
Міне, менің құдіретім,осы достарым! (уақыт)
4. «Көлем» атым!
Қызыл тілім, жасқанба,
Сөйле батыл!
Массаны тығыздыққа бөліп берген
Көлемнің ерлігімен,
Шыққан аты! (көлем)
Ә) Бәріміз біріміз үшін! (Сұраққа жауап ауызша)
1-жұпқа. Болат шармен ойын добы бір-бірімен соқтығысқаннан кейін қайсысы жылдам қозғалады? Неліктен?
Жауабы: Соқтығысқаннан кейін ойын добы жылдам қозғалады. Өйткені, болат шарға қарағанда оның массасы аз (кіші)
2-жұпқа. Үлкен жылдамдықпен келе жатырған машинаның алдына неліктен жүгіріп шығуға болмайды? Бұл қандай құбылыс?
Жауабы: Машина үлкен жылдамдықпен келе жатырғанда тежеуішін басса да, ол жылдамдығын сақтап қалуға тырысады. Инерцияның сақталу заңы.
3-жұпқа. Массасы 100г және 1кг екі дене соқтығысқаннан кейін қайсысының жылдамдығы артады?
Жауабы: Массасы 100г дененің жылдамдығы артады.
4-жұпқа. Бір қалыпты қозғалып келе жатырған арбада отырған бала жоғары қарай доп лақтырса, баланың лақтырған добы қолына қайта дәл түсе ме? Осы құбылысты түсіндір.
Жауабы: Түспейді. Себебі бала арбамен бірге лақтырған доппен салыстырғанда орын ауыстырады. Бұл қозғалыстың салыстырмалылығы.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
«Білегі күшті бірді жығады,
білімі күшті мыңды жығады».
«Көптің күші – бірлікте».
[pic] [pic]
Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.
[pic] [pic]
Әртүрлі денеге әртүрлі күш түсіреміз. Демек, күштің сан мән көп те, аз да болуы мүмкін.
Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын физикалық шама болып табылады.
Күшті Ғ әрпімен белгілейміз.
SІ жүйесінде күш бірлігіне ньютон (Н) алынған.
Күшті өлшеу үшін арнайы құрал динамометр (грекше динамис –«күш» және метрио – «өлшеймін») қолданылады.
Дене пішінің немесе өлшемдерінің өзгеруін дефомация
(латынша деформация – бүліну, бұзылу) деп атайды.
Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін
өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін дененің бастапқы пшіні мен өлшемі
өзгертетін болса, мұндай деформация қайтадан қалпына келетін болса,
пластикалық деп аталады. мұндай деформация серпімді деп аталады.
пласталин, саздан жасалған денелер серіппе, резинка, т.б.
[pic]
[pic]
ІV. Жаңа тақырыпты меңгерту тапсырмалары
«Иә немесе жоқ» ойыны
Сұрақ Жауап “ Ия, жоқ ”
1
Күш – векторлық шама
ия
2
м/с жолдың өлшем бірлігі
жоқ
3
Деформация –жайылу, таралу.
жоқ
4
Дене пішінің емесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп аталады.
ия
5
Күш ньютон (Н) деп аталатын бірлікте өлшенеді
ия
6
Деформация түрлері: серпімділік, ауырлық,үйкеліс
жоқ
7
Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.
ия
8
И.Ньютон грек ғалымы
жоқ
9
Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, мұндай деформация пластикалық деп аталады
ия
10
Күш Ғ әрпімен белгіленеді.
ия
«Жұмбақтас» ойыны
Ойынның шарты: Кестедегі әріптерді көлденең, вертикаль бағыттарда сыза отырып, физикалық термин сөздерді тауып жазады. Қай жұп көп тапса, сол жұп жеңімпаз атанады.
[pic]
3) «Сәйкесін тап» ойыны.
Жол m – кг
Жылдамдық s – м
Уақыт υ – м/с
Масса t – c
Көлем Ғ- Н
Тығыздық V – m3
Күш ρ– кг/м3
4) Өлшеу құралдарының атын атап, атқаратын қызметтерін айту арқылы суреттің артында жасырын тұрған есептерді шығарады.
Термометр;
Сызғыш;
Сағат;
Таразы;
Есептері
1 – есеп: Көлемі 0,012 м3 ыдыс сумен толтырылған. Судың тығыздығы 1000 кг/м3. ыдыстағы судың массасы қандай?
2 – есеп: Ұзындығы 8 см, ені 5 см, қалыңдығы 3 см алтын кесегінің көлемі қандай?
3 – есеп: Массасы 2 кг, ал көлемі 100 см3 металдың тығыздығы қандай?
4 – есеп: Көлемі 0,1 м3 ыдыста сүт бар. Сүттің массасын тап. Сүттің тығыздығы 1030 кг/м3.
V. Бағалау (жұптар кезеңдер бойынша бірін-бірі бармақ әдісімен және смайлик арқылы бағалайды, сабақтың соңында мұғалім өзі оқушыларды бағалайды).
VІ. Үйге тапсырма: §25 Күш. §26 Деформация
[pic] [pic] [pic] [pic]