Сабақ тақырыбы: Қысым.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға күштің әрекетінің тіреу ауданына тәуелді болатыны жөнінде түсінік бере отырып , қысым, қысымның бірліктері туралы білім қалыптастыру.
2. Масса, тығыздық, күш сияқты негізгі ұғымдарды қалыптастыруды одан әрі дамыту
3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, тәжірибе
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар, тәжірибе жасауға арналған құралдар.
Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.а) Өткен тақырыпқа қысқаша шолу
Ауызша Сұрақ- жауап алу
1. Табиғаттағы құбылыстардың болу себебін зерттейтін ғылым. (физика)
2. «Жұпардың иісін жасыра алмайсың»-бұл қай құбылысқа негізделген? (диффузия)
3. Заттың үш күйін ата. (қатты, сұйық газ)
4. Аспан денелерін зерттейтін ғылым. (астрономия)
5. Жердің табиғи серігі. (Ай)
6. Екі дененің жанасқанда, олардың молекулаларының араласу құбылысы…(диффузия)
7. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы? (телескоп)
8. Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)
9. Термодинамиканың 3 қағидасы (Кез-келген зат молекуладан турады, молекула үздіксіз қозғалыста болады, молекула өзара әрекеттеседі)
10. Траектория дегеніміз не ?
11. Қандай планеталарды төменгі деп атаймыз? (Жер орбитасының ішіндегі)
12. Ауырлық күші деген не? (Денелердің жерге тартылу күші ауырлық күші деп аталады)
13. Динамометр әрекеті қандай заңға негізделген?(Гук заңына негізделген)
14. Деформация деген не?(дене пішімінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп атаймыз)
15. Күш деген не?(Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама)
ә) «Сәйкестендір» /Интерактивті тақтамен жұмыс/
Б) Теңін тап /Интерактивті тақтамен жұмыс/
ІІІ. Жаңа сабақ.
• Мұғалімнің кіріспе сөзі: Біз өткен тақырыптаүйкеліс күші тақырыбымен таныс болдық, сонымен:
1.Үйкеліс күші деген не?
2. Үйкеліс түрлері?
3. Үйкелістің пайда болу себептері?
4. Нормаль қысым күші?
Оқушының жауаптары: Бір дене екінші денеің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.
Ғ үйк – үйкеліс күші.
• Сырғанау үйкелісі
• Домалау үйкелісі
• Тыныштық үйкелісі
Үйкелістің пайда болу себептері:
• Жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы
• Жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы.
Үйкеліс :
• Жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына,
• Олардың өңделу сапасына;
• Бір беттің екінші бір бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді.
Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды.
N –нормаль қысым күші.
N=mg
Fүйк=µN
µ – үйкеліс коэффициенті
Жағдаят тудыру. Ойыншық тракторды алып бірінші рет тегіс столда, сосын орамал жайып жүгіртеміз, екі жағдайдағы үйкелісті түсіндіреміз.
Енді қысым– деген тақырыппен танысамыз.
Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:
Р-қысым
Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші;
S-күш түсетін беттің ауданы.
ХБЖ-да қысым Паскальмен өлшенеді. .
гПа=100 Па=102 Па
кПа=1000 Па=103 Па
МПа=100000 Па=10 6 Па
Қорытынды сөз: қорыта келе, белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды, оны Р әріппен белгілейміз және ХБЖ-де қысымды Па өлшейміз.
ІV.Сабақты бекіту.
а) Техникалық диктант: /Жұппен жұмыс/
1. Бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасы ...... деп аталады.
2. . Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің, сол бет ауданына қатынасымен сипатталатын шама ....... өлшенеді.
3. Қысым ...... және ...... тәуелді.
4. Қысымның ең үлкен өлшем бірлігі ....... өлшенеді.
5. Қысым ........ формуламен өрнектеледі.
Жауаптары:
1. Қысым. 2. Паскаль (Па) . 3. Күш пен аудан. 4. 1МПа= 106 Па. 5. Р=F/S
V. Сергіту сәті
б) Жаңа материалды есептер шығару арқылы бекіту.
1. Күш 200 Н, ал ауданы 2,5 м2 дененің түсіретін қысымын анықта.
Берілгені: Талдау. Шешуі:
F=200H P=F/S P= 200H/2.5 м2 =80 Па
S= 2,5 м2
P-?
2. Бетке 3кН күш түсіріп 2 Па қысым алсақ, ауданы қандай болған?
Берілгені: ХБЖ Талдау. Шешуі:
F=3kH =3000H S=F/P S=3000H/2Па=1500 м2
P=2Па
S-?
Тест.
1. Оқушы өзінің креслоға отырғандағы қысымын анықтамақ болып, барлық уақытын ауданға өзінің күшін бөлумен кетіреді. Сенің ақылың
А) Әрі қарай жалғастыр.
Б)Күшті ауданға бөл.
В)Креслоны мазалағанды қой
2. Сыныптас оқушыңа қысымның қандай бірлікпен өлшенетініне ақыл бер.
А) Ньютонмен
Б) Паскальмен
В) килограмммен
3. Білмеске үйрет: Қысымды қалай өзгертуге болады?
А) Дененің ауданының беті мен күшін ауыстыр.
Б) Бетін әр түрлі маймен майла.
В) Дененің түсін өзгерт.
4. Екінші сынып оқушысы мектеп табалдырығына үлкен қысыммен әсер еткісі келеді.Қандай ақыл бересің?
А) Биік өкше туфли кию.
Б) Шаңғы кию.
В) босқа уақытыңды кетірме...
5. Суға батқан адамды құтқарушыға қандай ақыл бересің?
А) Жұқа мұздың үстімен жалаң аяқ жүгір.
Б) Жұқа мұздың үстімен ақырын жүр.
М) Мұзға ішіңмен жатып жылжы
Қысым өмірде / Практикалық жұмыс/
Ине мен шеге қысымын анықта. /Жастыққа шаншылған ине мен шеге/
Дененің қысымын азайт. /Жатқан дене қысымын азайту/
Екі аяғымен тұрған оқушы қысымын азайту керек.
Күректің қысымын анықта.
V. Қорытындылау. Сонымен қысым дегеніміз не?
Қысым бір дене екінші дене бетіне әсер еткенде пайда болатын қалыпты күштің қарқындылығын сипаттайтын физикалық шама.
VІ. Бағалау. Смайликтар арқылы бағалау.
VІІ. Үй тапсырмасы
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Қысымнан алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.
Үйге тапсырма: §33. 15-жаттығу /№1,2/.