«Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
ТАҚЫРЫБЫ: «ҚОЗҒАЛЫС» тарауын қорытындылау
Орындағандар: 7 «Ә» сынып
Ұйымдастырған: М.М. Тулеуханова
2015- 2016 оқу жылы
«ҚОЗҒАЛЫС» тарауын қорытындылау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік- «Қозғалыс» тарауындағы негізгі физикалық ұғымдарды қайталап еске түсіру және оларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету;
Дамытушылық- алған білімді практикамен ұштастыра білуге, формулаларды түрлендіре білуге үйрету, ойларын дамыту, қарапайымнан күрделіге жеткізу; сынтұрғыда ойлау;
Тәрбиелік- оқушылардқы топтың, ұжымдық жұмысқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытындылау, білімді жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, деңгейлік, саралап оқыту.
Барысы:
І.Ұйымдастыру.
ІІ. Сабақтың мақсатын іске асыру.
«Қозғалыс» тарауын қайталап, алған біліміңдеріңді практикамен ұжымдастырып, формулаларды есептер шығаруда дұрыс қолдана білулерінді тексеру. Деңгейлік тапсырмалалар арқылы өз білімдерінің нәтижесін көріп, өздеріңді -өздерің бағалайсыңдар.
ІІІ. Үй жұмысын тексеру (Физикалық диктант)
Механикалық қозғалыс деп нені айтамыз?
Механикалық қозғалыстарға мысалдар келтіріңдер:
Қозғалыс траекториясы деп нені айтамыз?
Орын ауыстыру деп нені айтамыз?
Механикалық қозғалыс нешеге бөлінеді?
Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?
Инерция деп нені айтамыз?
Б.Қ.Т.С. қозғалыс графигі қандай?
Қозғалыс теңдеуі дегеніміз?
Ү. Тақтаға есептер шығарту.
ҮІ. Ой сергіту
ҮІІ. Өз орнына қой (халықтық педагогиканы пайдалану арқылы мақал мәтелдерді физикалық тұрғыда мағынасын тауып өз орнына қою керек)
Кенет трамвайдың жүрісі кілт баялағанда, шал ілгері лықсып, құлай жаздады
Шапшаң жүргенге шаң жұқпас
Алған бағыттан алаңдамай еңбек етсең аз күшпен, көпке жетесің
ҮІІІ. Деңгейлік тапсырмалар (өздерін бағалау) 10 мин
Деңгейлік тапсырма (1-деңгей)
Баллы
1 нұсқа
2 нұсқа
Мектеп пен үйдің арасы 200м. Оқушы мектепке барып, үйге қайта келгенде қанша жол жүрді және орын ауыстыруы қанша?
Кеңістіктің негізгі қасиеттері қандай?
Футболшылардың қозғалысын бақылай отырып шабуылшының ойын кезінде шамамен 12 км жүгіретінін байқадық. Орын ауыстыру мен жолын есепте?
Уақыттың негізгі қасиеттері қандай?
1 балл
1 балл
(2-деңгей)
1 нұсқа
2 нұсқа
Дене барлық жүрілуге тиісті жолдың бірінші жартысын 15м/с жылдамдықпен, ал екінші жартысын 10м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдықты есепте?
10 с ішінде ұшақ қанша жерге орын ауыстырды?
Автомобиль алғашқы 30 мин. ішінде 15 м/с жылдамдықпен, одан кейін 20мин. ішінде 10м/с жылдамдықпен қозғалды. Орташа жылдамдықты есепте?
Ай жерді айналғанда 50 км жолға қанша уақыт жіберді?
2 балл
2 бал
(3-деңгей)
36 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан поездың вагонын, оның жүрісіне перпендикуляр бағытта атылған оқ тесіп өтті. Вагонның қабырғасындағы бір тесік екіншісіне қарағанда 3 см жылжыған. Вагонның ені 2,7м. Оқтың жылдамдығы қандай?
5 балл
ІХ. Жоба қорғау («Инерция», «Кеңістік», «Уақыт») әр қайсысына
5 минуттан
Х. Бекіту.
Қозғалыс дегеніміз не?
Қозғалыс түрлері қандай?
Қандай физикалық шамалармен таныстық?
ХІ. Үйге тапсырма: 11 тапсырма.