САБАҚ ЖОСПАРЫ дИФФУЗИЯ 7 СЫНЫП

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні:

Сыныбы: 7-сынып

Пәні: Физика

Сабақ тақырыбы: §15. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға молекулалардың қозғалысы, диффузия құбылысы,

температура туралы түсінік алуға жағдай жасау.

2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.

3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, марганцовка, ыстық және суық су құйылған ыдыстар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?

  2. Табиғатта, Жер бетінде атомдардың неше түрі бар?

  3. Заттардың сан алуандығын қалай түсіндіруге болады?

  4. Молекула дегеніміз не?

  5. Заттардың молекулалары бірдей ме?

  6. Молекуланың көрнекі кескіні қалай аталады?


Енді бүгінгі сабағымызды бастамастан бұрын азғантай сергіту сәті, осы сергіту сәтінде біз осы тақырыпқа дейін өткен, физикалық терминдер, ғалымдар есімдерінен құралған сөзжұмбақты шешеміз. Осы сөзжұмбақ дұрыс шешілгенде, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы шығады.


С Ө З Ж Ұ М Б А Қ


Белгілі пішіні мен көлемі бар зат. (дене)

Тарихта «бірінші ұстаз» атымен әйгілі ғалым (Аристотель)

Табиаттағы құбылыстарды зерттейді (физика)

Әріптерден құрылған өрнек (формула)

Заттың ұсақ бөлшегі (молекула)

Сұйықтықтың көлемін өлшейтін құрал (мензурка)

Барлық заттар бөлінбейтін өте ұсақ бөлшектер атомдардан тұратынын ашқан ғалым (Демокрит)

Аспан денелерін зерттейтін ғылым (астрономия)


ІІІ. Жаңа сабақ.


[pic]


Диффузия сұйықтарда, газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.( тәжірибелер жасалады)


Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.

Диффузия құбылысымен біздер үнемі күнделікті өмірде жиі кездесеміз.

Кез келген нәрсенің екі жағы болатындай диффузия құбылысының пайдасы мен зияны да бар.

Диффузия құбылысын күнделікті пайдаланатынымызды мына мысалмен түсіндіруге болады. Шай ішу кезінде (шайдың сүтпен араласуы, шайға секер салып дәмін өзгерту)

Диффузияның зияндылығы мысалы темекі шеккен адамның қасында тұрумен түсіндіруге болады. Балаларға осы мысалдан кейін өз ойларымен күнделікті өмірде қандай диффузия құбылыстарымен кездесетіндерін мысал келтіру

Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады.

Денелердің температурасын термометрмен өлшейді.

Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады.

Осы жерде диффузия құбылысы мер температураның байанысын түсіндіру. Оқушыларға өз ойларымен бөлісуге уақыт бөлу.


IV. Пысықтау.

  • Әтір иісі бөлмеге не себептен тарайды? Бұл құбылыс нені дәлелдейді?

  • Диффузия деген не?

  • Газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде диффузияның жүру жылдамдығы, өтімділік ауқымы бірдей бола ма? Не себептен денелерде жоғары температурада диффузия тез жүреді?

  • Диффузияның пайдасы ма? Зияны ше?

  • Диффузия құбылысынан заттың көлемі туралы, оны құрайтын молекулалар мен атомдардың ара қашықтығы туралы қандай қорытынды туындайды?

  • Қыстыгүні өзен мен көлдің бетін қалың мұз басқанда судағы балықтардың қырылып қалатынын қалай түсіндіруге болады?

  • Көкөністерді, азық-түлікті тұздау қандай құбылысқа негізделген?

  • Диффузияның температураға байланысы бар ма?

  • Дененің температурасы мен оның молекулаларының қозғалыс жылдамдығының байланысы бар ма?


V.Қорытындылау.














VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма: §15. 6-тапсырма.