практикалық жұмыс: Аспап шкаласындағы бөліктің құнын анықтау. (7 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бекітемін: Сыныбы: 7 «А», «Ә», «Б», «В»

Күні:


Сабақтың тақырыбы: практикалық жұмыс: Аспап шкаласындағы бөліктің құнын анықтау.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың «Физика және астронмия –табиғат туралы ғылымдар» тарауы бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.

  2. Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: есептер шығару

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар, тақта, оқулық, дәптер.

Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.

ІІІ. Есептер шығару.

ІV. Есептерді тексеру.

V.Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма.


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аудару.


ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.

Миллиметр, сантиметр, метр, куб, квадрат, тәулік, сағат, минут, секунд, аудан, көлем, литр, гектар, километр.


ІІІ. Есептер шығару.

А тобының есептері мен жаттығулары:


  1. Бақылау мен эксперименттің қандай айырмашылығы бар?

  2. Физикалық денелерге мысалдар келтіріңдер.

  3. Физикалық заттарға мысал келтіріңдер.

  4. Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіріңдер.

  5. Ұзындығы 1,2 м, ал ені 8 см және қалыңдығы 50 мм тікбұрышты білеушенің көлемін анықтаңдар.

  6. Мына сандарды стандарт түрінде жазыңдар: 4800; 296200000; 0,525; 0,0000000016.

  7. Өрнектердің мәнін табыңдар:     .

  8. Бір жыл 31556925,9747 с болса үш орынды санға даейінгі дәлдікпен стандарт түрінде жазыңдар.


Б тобының есептері мен жаттығулары:


  1. Сым темірдің диаметрін анықтау үшін оқушы ұзындығы 30 мм сымды қарындаш бойына қатарластарып 30 орам орады. Сым темірдің диаметрі қандай?

  2. 0,25 теңіз милясы қанша метрге, қанша сантиметрге тең?

  3. 4 кезде қанша сантиметр, қанша миллиметр бар?

  4. Бір парсек қанша километрге тең?

  5. Бір жарық жылы қанша километрге тең?

  6. Бактериялардың бір түрінің ұзындығы 0,5 мкм-ге тең. Қатар орналастырғанда 1 см ұзындыққа осындай бактериялардың қаншасы сыяр еді? Жауабын стандар түрінде жазыңдар.

  7. Оқушы үйден мектепке дейін 50 мин жүреді. Осы уақыттың сағат және секунд бірліктерін жазыңдар.

  8. Бір астрономиялық бірлік (а.б.) 149597868 километрге тең. Марстан Күнге дейінгі ара қашықтық 1,5 а.б.-ке тең. Осы санды үш таңбалы цифрлар дәлдігімен километрмен және метрмен көрсетіңдер.


С тобының есептері мен жаттығулары:


  1. Жас бамбук тәулігіне 86,4 см-ге өседі. Ол секундына қанша өседі?

  2. Көлемі 0,002 мм3 бір тамшы май судың бетіне тамып, ауданы 100 см2 болатын жұқа қабат болып жайылды. Осы қабаттың қалыңдығын май молекуласының диаметріне тең деп қабылдап, молекуланың диаметрін анықтаңдар.

  3. Егер көлемі 1 мм3 болатын текшенің 1 с уақыт кететін болса, онда көлемі 1 мм3болатын текше жасау үшін қанша уақыт кетер еді?

  4. 1 м2 беттегі барлық шаршы сантиметрді кесіп алып, бір-біріне жалғастыра қатар қойсақ, оның ұзындығы қандай болады?

  5. 3 тәулікте неше сағат, қанша минут, неше секунд болатынын анықта.

  6. Өшіргіштің мөлшерін 1 мм дәлдікпен өлше де, оның көлемін есепте.

  7. 1 гектар (га) жер ауданының әр қабырғасы 100 м-ге тең екені белгілі. 1 км2 қанша гектарға тең? Өз үйлеріңнің төңірегінде және саяжайларыңда қанша га жер бар? Оның ауданын м2-пен көрсетіңдер.

  8. Тәулікте 24 сағат, сағатта 60 минут, минутта 60 секунд бар. Тәуліктегі секунд санын анықтаңдар; оны төрт таңбалы цифрлар дәлдігімен стандарт түрінде жазыңдар.


ІV. Есептер тексеру.

V.Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: тарауды қайталау.