Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,№8 орта мектебі, физика пәні мұғалімі Қармысова А.Е. қысқа мерзімді сабақ жоспары 17.04.2014ж. 7В сынып. | |
Энергия.Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары.
Сабақтың мақсаты:. Энергия ұғымын,жұмыс пен энергияның байланысын түсіну. Потенциалдық және кинетикалық энергиялардың есептеу формулаларының физикалық мағынасын түсіну. Теориядан алған білімдерін есеп шығаруға қолдана білу.
Міндеттері :
1. Механикалық энергияның негізгі ұғымдарын қалыптастыру, толық механикалық энергияның сақталу заңы механикалық қозғалыстың жоғалуының мүмкін еместігін білдіретіндігін атап көрсету.
2. Оқушыларға дәлелдеуді мәліметтер негізінде өрістету, ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
3.Ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, оқушыларды ұжымдыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Оқытудың нәтижелері:
Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.
Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді
Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады.
Оқушы өз ойын еркін түрде жеткізе және талдай алады.
Кейбір оқушылар топтың көмегімен берілген тапсырманы орындайды.
Қамтылатын модульдер:
1- модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс),
2-модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (миға шабуыл), Блум таксономиясы,түсіндірмелі,практикалық,тірек-сызбалармен жұмыс, топтастыру стратегиясы бойынша тапсырма орындау,
3- модуль –бағалау,
4 – модуль-АКТ пайдалану (слайдтар),
7- модуль-көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)
Қадамдар:
Үй тапсырмасын тексеру.
Топпен жұмыс
рефлексия
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Ұйымдастыру
Оқушының зейінін сабаққа аудару
Топқа бөлу, ережесімен таныстыру, топбасшы тағайындау.
Мәтінді тарату
Деңгейлік тапсырма
Топтарға әртүрлі тапсырмалар беру
I-Білу.Үй тапсырмасын тексеру үшін сәйкестендіру кестесін толтыру.
1- тапсырма.
Механикалық жұмыс дегеніміз не?
А) A=F·S
2
Қуатты қандай формуламен есептеуге болады?
Б)Күш әрекетінен дене орын ауыстырғанда атқарылған жұмыс.
3
Механикалық жұмысты қандай формуламен есептейді?
В)
4
Қуат қандай физикалық шама?
С) Ватт
5
Халықаралық бірліктер жүйесінде жұмыс бірлігі қалай аталады?
Д)Жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайтын шама
6
Халықаралық бірліктер жүйесінде қуаттың бірлігі қалай аталады?
Е) Джоуль
Жауаптары:1.Б
2.В
3.А
4.Д
5.Е
6.С
(Дж.Джоуль және Дж.Уатт туралы презентацияларды қорғау.)
II-Түсіну. Сыни тұрғыдан ойлау модуль бойынша диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлаудың талқылау үлгісі қолданылды.
1. Энергия қандай физикалық шама?
2. Кинетикалық энергия қандай шамаларға тәуелді?
3.Потенциалдық энергия дегеніміз не? Потенциалдық энергия қандай шамаларға тәуелді?
4. Жұмыс пен энергия арасында қандай байланыс бар?
Жауаптары:
1. Энергия-скалярлық, механикалық жұмыс жасай алу қабілеті бар физикалық шама.
2. Кинетикалық энергия-қозғалып келе жатқан дене энергиясы.
3. Потенциялық энергия-денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия.
4. Энергия әрқашанда дененің жұмыс істеуге қабілеттілігінің өлшемі болып табылады.Материяның барлық түрлерінің өзара әрекеттесуінің және қозғалысының жалпы сандық өлшемі энергия деп аталады.
III-Қолдану. Деңгейлік есептер шығару.
№1 есеп. Жер бетінен 3,5м биіктікке көтерілген массасы 5 кг дененің потенциалдық
энергиясын анықтаңыз.
№2 есеп. 9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6кг дененің кинетикалық энергия неге тең?
№3 есеп. Массасы 60 кг денеге 1200Дж энергия шамасымен қандай биіктікке шығаруға болады?
№4 есеп. 20 м/с жылдамдықпен қозғалған дененің кинетикалық энергиясы 400Дж
болса,оның массасы неге тең?
IV-Талдау. Шаманы таны
Физикалық шамалар
Жүрілген жол,биіктік
Дененің массасы
Жылдам-
дық
Потенциалдық
энергия
Кинетикалық
энергия
Еркін түсу үдеуі
Белгіленуі
S , h
m
ʋ
Eп
Eк
g
Өлшем бірлігі
м
кг
м/с
Дж
Дж
м/с2
№1 есеп.
№2 есеп.
№3 есеп.
№4 есеп.
V-Жинақтау. Топтарға жекелеген тапсырмалар беріледі.
I-топ. 5 жолды тұжырым.(Энергия)
II-топ. Эссе(Энергия)
III-топ. Венн диаграммасы(Жұмыс және энергия)
IV- топ.Тірек-сызба құру.(Энергия)
Рефлексия
"Білім ағашы" тақырып бойынша түсінгендерін стикерге жазып ағашқа жабыстыру.
VI-Бағалау. Топ басшылары топ мүшелерін бағалау парақшасына бағалайды.
Сабақ қорытындыланып, жиынтық баға қойылады.
Үйге тапсырма. §53. 30-жаттығу.(2,3)
Физикалық шамалар
Жүрілген жол,биіктік
Дененің массасы
Жылдам-
дық
Потенциалдық
энергия
Кинетикалық
энергия
Еркін түсу үдеуі
Белгіленуі
S , h
m
ʋ
Eп
Eк
g
Өлшем бірлігі
м
кг
м/с
Дж
Дж
м/с2
№1 есеп.
3,5
5
?
9,8
№2 есеп.
6
9
?
№3 есеп.
?
60
1200
9,8
№4 есеп.
?
20
400