«Бейнеу политехникалық колледжі» МКҚК
«Жас маман – 2016» колледжішілік сайыс
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы:
[pic]
[link]
2. Жүктемесіз трансформатор
Екінші реттік катушкаға жүктеме қосылмасын (2.25, а-сурет), яғни трансформатор зая жүрісте болсын. Онда екінші реттік орамада ток жүрмейді, сондықтан жуықтап алғанда оның қысқыштарындағы кернеу [pic] . Жүктеме жоқ кезде екінші реттік тізбекте энергия шығыны жоқ. Ал бірінші реттік тізбекте жалғаушы сымдар мен өзекшенің джоульдік жылу бөліну есебінен қызуына және өзекшенің қайта магниттелуіне кететін өте аз энергия шығыны бар, мұны ескермесе де болады. Сонымен, трансформатордың зая жүрісі үшін (2.21)-ді ескере отырып,
[pic]
аламыз, мұндағы [pic] — трансформация коэффициенті, яғни екінші және бірінші реттік катушкалардың орам сандарының қатынасына тең шама. Трансформатордың зая жүрісінде [pic] . Егер [pic] болса, [pic] трансформатор төмендеткіш, ал [pic] болса, [pic] , бұл трансформатор жоғарылатқыш деп аталады. Жоғарылатқыш трансформатордың бірінші реттік катушкасының орам саны екінші реттік катушканың орам санынан аз, ал төмендеткіш трансформаторда керісінше.
3.Жүктемелі трансформатор
Екінші реттік тізбекке қандай да бір жүктеме қосайық (2.25, ә-сурет). Онда бұл тізбекте жиілігі бірінші реттік тізбектегі ток жиілігіне тең [pic] айнымалы ток туады. Сондықтан екінші катушкада өздік индукция ЭҚК-і пайда болады, оның үштарындағы кернеу аздап төмендейді. Ленц ережесі бойынша өздік индукция ЭҚК-і магнит ағынын азайтады. Бұл магнит ағыны екі катушканы бірдей тесіп өтетін болғандықтан, оның азаюы бірінші реттік катушкадағы өздік индукция ЭҚК-і [pic] -дің кемуіне әкеп соғады. Ал, онда бірінші тізбекте [pic] кернеудің мәні тұрақты болса да ток күші артады. Өз ретінде бірінші реттік тізбектегі ток күшінің өсуі магнит ағынының артуын тудырады, онда екінші реттік тізбектегі индукциялың ЭҚК-і мен ток күші артады. Бұдан әрі осы сипатталған процестер берілген жүктеме үшін белгілі бір магнит ағыны, екінші реттік тізбектегі индукциялық ЭҚК-і жәнө бірінші реттік тізбектегі [pic] ток күші түракталғанша жүре береді. Енді трансформатор генератордан өзінің зая жүрісіне қарағанда екінші реттік тізбек тұтынатын қуатқа тең қуатты көбірек алады. Егер аздаған энергия шығынын ескермесек, энергияның сакталу заңы бойынша, генератордың энергиясы бірінші реттік тізбектен екінші реттік тізбекке магнит өрісі арқылы беріледі. Сондықтан шығынды ескермей, былай жазуға болады: [pic] , бұдан [pic] Кернеуді неше ece арттырса, ток күші сонша есе кемиді. Қазіргі трансформаторлардың пайдалы әрекет коэффициенті [pic] өте жоғары, ол 99%-ға дейін жетеді, яғни шығын бар болғаны 1—2%.
IV. Жаңа материалды бекіту.
Топтық жұмыс. Постер қорғау. 15 минут (әр команда тақтаға шығып қорғайды)
«Есептер эстафетасы» 6 минут (әр топқа есеп беріледі және шығарған есептерін алмастыру арқылы тексереді).
№ 976(Р)
Трансформатор кернеуді 220 – дан 660 В-қа дейін арттырады, оның бірінші реттік орамасы 840 орамнан тұрады. Трансформация коэффициенті қандай? Екінші реттік орамада қанша орам бар? Қай орамдағы өткізгіштің қимасы артық?
[pic] [pic]
№ 979(Р)
Трансформатор төмендеуі 120 В болғанда 20 А ток береді. Алғашқы кернеуі 22000 В-қа тең. Онда бірінші жүктеменің ПӘК 90 % болса, трансформатордың бастапқы ток күші мен кіріс-шығыс қуаты неге тең?
[pic]
№ 2.10.3
Т [pic] [pic] рансформатордың бірінші орамасындағы ток күш [pic] [pic] =10 А, ал оның ұштарындағы кернеу [pic] =110 В. Екінші орамасының ұштарындағы кернеу [pic] =1000 В болса, ток күші қандай?
Шешуі:
[pic] =10 А [pic] [pic] = [pic] =1,1 A
[pic] =1000 В [pic] = [pic]
[pic] =110 В
[pic]
[pic] -?
3. Кім жылдам? 3 минут (формула құрастыру, сол формуладан өзінің тақырыбына байланысты схема шығару)
V. Бағалау. 1 минут
Бағалау парағы
Үй тапсырмасы «Кім көп біледі?» ойыны
3 балл
Постер қорғау
3 балл
«Есептер эстафетасы»
2,5 балл
«Кім жылдам?»
1,5 балл
Қорытынды
1
2
3
4
5
6
7
8
9
VI. Сабақты қорытындылау. Рефлекция 1 минут
[pic]
VIІ. Үйге тапсырма беру. 1 минут
§ 2.10. Трансформатор тақырыбын оқып келу.
П.Н.Яблочков пен И.Ф.Усагин туралы реферат жазу.
Тақырыптың бақылау сұрақтарына жауап беру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев ФИЗИКА 11 сынып
Жаратылыстану – математика бағыты Алматы «Мектеп» 2007 жыл
Б.А.Кронгарт, В.И.Кем ФИЗИКА Әдістемелік нұсқау 11 сынып Алматы «Мектеп» 2007 жыл
С.Тұяқбаев, Ш.Тынтаева, Ж.Бақынов ФИЗИКА 11 сынып Есептер жинағы Алматы «Мектеп» 2007 жыл
Б.А.Кронгарт, В.И.Кем ФИЗИКА 11 сынып Дидактикалық материалдар Алматы «Мектеп» 2007 жыл
А.П.Рымкевич Физика есептерінің жинағы Алматы, “Рауан”, 1995 жыл