Лабораторная работа №1 по физике 7 класс:Определение цены деления

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мұғалімнің

аты-жөні

Нургалиева БибигульСейтжапаровна

Көксу ауданы № 12 орта мектеп КММ

Сабақ №8

сыныбы 7

Күні: 26.09. 2016 ж

Сабақ атауы

1 Зертханалық жұмыс Өлшеуіш цилиндрд (мензурка) бөліктерінің құнын анықтау.Дененің көлемін өлшеу.

Сілтеме

Білім стандарты, пән бағдарламасы,оқулық, тапсырмалар жинағы , электронды оқулық

Жалпы мақсаты

  • Аспаптардың бөлік құны жайлы мағлұмат беру

  • Аспаптардың бөлік құнын күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Топта бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

  • Аспаптардың бөлік құны жайлы мағлұмат алады

  • Аспаптардың бөлік құнын күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдануға үйренеді

  • Топта бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Өлшеуіш цилиндрді мысалға ала отырып, аспаптар бөліктерінің құнын анықтау; оларды қолдануды үйрену және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, денелердің көлемін өлшеу.

Тапсырмалар

Топтық жұмыс ;Жеке жұмыс


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары



Уақыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушыіс-әрекеті


7 минут

І.Ұйымдастыру

1.Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлінеді,топқа бөліп ораластыру

2. Зертханалық жұмыс қауіпсіздік ережесімен таныстыру

3.Құрал жабдықтармен таныстыру әр топқа тарату:өлшеуіш цилиндр,су,түрлі заттар, шүмегі бар ыдыс

Оқушылар түстер арқылы топтасады топ басшысын сайлайды

4 минут

ІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі :

Өлшеуіш цилиндрдің бөлік құнын анықтау жолдарын еске түсіру

Сұраққа жауап береді,


18 минут


ІІІ. Зертханалық жұмыс

  1. Өлшеуіш цилиндрді мұқият көріп шығарыңдар да, оның шкаласына зер салыңдар. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің шкаласындағы жазуға қарап, ол арқылы көлемді бірлікпен анықтауға болатынын дәптерлеріңе жазып алыңдар;

  2. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің бөлік құныны анықтаңдар;

  3. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, жүргізілген өлшеулердің қателігін анықтаңдар. Ол үшін цилиндрге су құйып, құйылған судың көлемін өлшеу қателігін ескере отырып, анықтаңдар;

  4. Анықталған шамаларды дәптерге жазыңдар;

  5. Өлшеуіш цилиндрдің сипаттамаларын және өлшеген сұйық көлемін мына кестеге жазыңдар:

Зертханалық жұмыс бойынша рет ретімен оқып орындайды










Сұрақтарға жауап іздейді ол үшін берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды түсіндіреді, бағалайды


5 минут

ІV. Дамыту кезеңі

Балалар бүгін сендер не жасадыңдар?

Не үйрендіңдер?

Сұрақтарды талқылайды, жауап береді2 жұлдыз 1 тілек арқылы бағалайды

2 мин

V.Сергіту сәті

Жаттығу жасайды

10 мин

VІ. Қортындылау

Дәптерлеріне қортынды жазу



Оқушылар дәптерлеріне қортынды жазу

3 мин

VІI. Рефлексия не үйрендім, не қиын болды, сұрақ


Сабаққа кері әсер айтады немесе жазады


1 мин

VIІІ. Үйге тапсырма үйде орындалатын тапсырма 45- бет №1-4

Күнделікке жазады