Балабақшамен қоштасу кеші
(Әдемі вальс әуенімен ер балалар мен қыз балалар
қол ұстасып ортаға шығады)
Би: «Қоштасу вальсі»
Әуен ойналып залға
тәрбиешілер кіреді.
Тәрбиеші: - Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі күн біздер үшін, болашаққа ұшып бара жатырған бөбектеріміз үшін де ешқашан ұмтылмас күн, бөбекжайымызда тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Өтті қызық көп күндер,
5 жасқа енді жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл - ойларың,
Өсті міне, бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың! Балалар бөбекжай есігін 3ке толғанда ашып, енді міне 5ке толып үлкен өмірге жол тартамыз. Осы балабақшадан көп нәрсені үйрендік емеспе, ендеше балабақшамызға арнап ән шырқайық.
Ән: «Балабақшам менің»
Тақпақтар:
Әділет: Ботақаным бөбек деп,
Еркелеткен ұл-қызын.
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін.
Өсті міне бойымыз
Толды тағы ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.
Ернар: Біз бақытты баламыз,
Жетіліп ой санамыз.
Бақшамызбен қоштасып
Мектепке кетіп барамыз.
Бұл күндерді қиялдап
Сағынамыз әлі-ақ біз.
Рамис: Қош балалар сәт сапар
Бақытты бәрің болыңдар
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік алыңдар
Мерхат: мектепке ертең барамыз
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Балабақшаға келіп тұрамыз.
Нұрхат: тәрбие берген ұямыз.
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен,
Біз мектепке барамыз.
Нұрислам: Балабақша үйіміз
Қимай сені барамыз.
Оқып, билеп, ән салып,
Үйрендік біз барлығын.
Берік: Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол.
Ұмытпаймыз өзіңді,
Балабақшам қош сау бол.
Ән: «Әжетайым» орындайтын: Оқу Ақнұр
Тәрбиеші: Сендер балабақшада ойнап қана қоймай білім алып, ән айтып, би билеуді де үйреңдіңдер. Ендеше бүлдіршіндеріміздің биін тамашалаңыздар.
Би: « Базарлық »
Әділет – Ақнұр
Айтжан – Нұрай
Шыңғыс – Жанель
Рамазан – Малика
Музыка ойналады, клоун кіреді.
Сайқымазақ: - Саламатсыздар ма, балалар! Кешігіп қалған жоқпын ба?
- Бұл жерде қандай мереке болып жатыр?
Балалар: Балабақшамен қоштасу кеші.
Сайқымазақ: Ой, тамаша сендер үлкен ұл-қыздар болдыңдар, мектепке барғалы жатсыңдар, бәрікелді. - Ал сендер, ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Ия...
Сайқымазақ: - Ендеше сендер мектепке барғалы жатырсаңдар, онда мен сендерге білімдеріңе байланысты ойын ойнатқым келіп тұр. Маған ортаға бес бала шықсын, мына жерде 1ден 5ке дейін сандар жасырулыжатыр. Осы сандарды айналып әуен тоқтағанша билейміз. Тоқтап санды ашып рет-ретімен тұрып қаламыз.
Ойын: «Санай біл»
Сайқымазақ: - Жарайсыңдар, білімді, алғыр балалар екенсіңдер.
Тәрбиеші: Бәрікелді. Біздің ұл-қыздарымыз ағылшын, орыс тілдерінде айтатын құттықтаулары бар қабыл алыңыздар.
Шыңғыс: Май систэ энд браз э
Ол гоу ту скул
Уи хэлп уан э назг
Ит из э гуд рул
Ул хэлп ауэ мазг
Уэн ши уелос о кукес
Ту гэзэ уиз фазг
Уи лайк ту рид букс
Бекет: Спасибо воспитателлям
Спасибо няням нашим
И доктору, и повару
Мы всем «Спасибо» скажем
Нұрай: Я сегодня выпускаюсь
С детским садом я прощаюсь
Грустно смотрит на меня
Кукол дружная семья
Мишка в угол отвернулся
А жираф слегка согнулся
Так печален, одинок
Пригорюнился щенок.
Ақнұр: Добрый сад наш! Скоро знаем,
Мы шагнем за твой порог. Счастья,
радости желаем. Всем, кто нам расти
помог.Досвиданья, Детский сад. И спасибо от ребят.
Айкөркем: Помните, как раньше мы-
Крошки и малышки-
Не умели натянуть насебя штанишки.
По утрам без пап и мам, плакали,
рыдали и промокшие носы вы
нам вытирали.
Малика: Киндэгатэн, хэ уи кам
Уи ленэд сам сонгс
Энд сингс ту ду
Киндэгатэн уаз фан
З хул еа сру.
Қ. Гауһар: Киндэгатэн, хэ уи кам
Уи ноу уиил хэв лот соф фан
Лот соф сингс ту мейк энд ду
Ридинг, райтинг, каунтин ту.
Айтжан: Сэнкю спэшл эдюкейтэ.
Фо хэлпин ми ту ноу
З сингс Ай нид ту лэн
Ту лив май лайф энд гроу.
Диляра: Фрэндс эт скул
А биг энд смол
Фрэндс эт скул
А бэст оф ол
Тәрбиеші: Ұл, қыздары көңілді,
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билесін шаттана.
Би: «Джентельмен»
( Шыңғыс * Ерген * Али
Берік * Санжар * Қадыржан)
Музыка ырғағымен Дымбілмес кіреді.
Дымбілмес: - Сендерде мұнда не болып жатыр.
Тәрбиеші: - Бізде балабақшамен қоштасу кеші болып жатыр, біздің балалар мектепке кеткелі жатыр.
Дымбілмес: Мен, мен де барайын мектепке, мен мектепке барып көрген жоқпын, мектепке баруды армандаймын, онда өте қызық, үзілісте жүгіресің, секіруге болады, асыр салып ойнауға болады деп естідім.
Тәрбиеші: - Ал, біз мектепке білім алуға барады деп ойлаймыз, солай ма балалар?
- Біздің балалар мектепке дайын.
Дымбілмес: - Мен неге оқуым керек, онсыз да мен бәрін білемін, оқу білем, жазу білем, сурет салу білем. Мен ақылдымын.
Тәрбиеші: - Жақсы, Дымбілмес онда қазір сенің біліміңді тексереміз.
1. Біз қандай мемлекетте тұрамыз? Қай қалада тұрамыз?
2. Кім біздің елбасымыз кім?
3. Бір жылда қанша жыл мезгілі бар? Ал, қане атап беріндерші?
4. Сабаққа қай мезгілде барады?
Дымбілмес: - Сендердің сұрақтарың өте қиын, маған жеңілдеу бірдеңе беріңдерші.
Сайқымазақ: - Жақсы ендеше, Дымбілмес онда сенің шапшаңдылығыңды тексеріп көрейік.
Ойын: «Құлақ, иық, қол, мұрын»
Дымбілмес: - Жарайды бір күні үйреніп алармын.
Сайқымазақ: Балалар біздер ойнап көрейікші.
Дымбілмес: Маған ән үйретіңдерші? Кәне ән шырқалсын.
Ән: «Тәрбиеші»
Дымбілмес: Оданда маған бір би үйретіңдерші.
Тәрбиеші: Дымбілмес қара біздің балаларымыздың биін мұқият қарап үйреніп ал.
Би: «Провадник»
Нұрислам * Рамис * Саят
Бекет * Нұрхат
Дымбілмес: Ой, биді сосын үйреніп алам.
Тәрбиеші: Ал сен мектепке барғанда не апару керектігін білесінбе?
Сайқымазақ: Кәне көрсетші сөмкеңдегі заттарды.
Дымбілмес: - Менің сумкамдағы заттар мектепке қажет заттар. Мен оны дайындап қойдым.
Үстел үстіне сөмкедегі заттарды шығарады
(қасық, ойыншық, пистолет т. б.)
Тәрбиеші: - Балалар, мына заттар мектепке керек па?
- Дымбілмес, біздің балалардан қарап, үйрен.
Ойын: «Сөмкеге жина»
Дымбілмес: - Мен енді түсіндім, көп еңбектену керек, сендер көп нәрсені үйренген екенсіңдер. Менде алдағы уақытта үйренемін, жаз бойы мектепке жалқауланбай дайындаламын, мектепте тек бестік алу үшін.
Сайқымазақ пен Дымбілмес қоштасып шығып кетеді.
Би: «Балбырауын»
Рамазан – Қ. Гауһар
Айтжан – Айкөркем
Мерхат – М. Гауһар
Ернар – Ләйла.
Тәрбиеші: Балалардың Апайларға айтатын алғысы бар.
(Балалар балабақша қызметкерлеріне тақпақтарын айтады)
Санжар: Доспен тату ойнауды
Мерекені тойлауды.
Бойымызға сіңірген
Көптің қамын ойлауды
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс
Тәрбиеші апайларымыз
Алтынгүл Ергенқызы, Венера Бекбулатқызы.
Карима: Тәтті тағам пісірген
Айран сүтін ішкізген
Аспазшы апайларға
Сіздерге мың алғыс!
Саят: Үйренгенбіз өнер біз,
Шетімізден шеберміз.
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен Рая апай мен Шынар апайға мың алғыс!
Ләйла: Қызық сабақ тренингтер өткізген,
Үйрендік талай жақсы істер біз сізден.
Психолог Гүлнар апай жайдары
Қабылдасын бүгін алғыс біздерден.
Қадыржан: Үйрететін еңбекке
Үйрететін білімге, Үйрететін еңбекке
Тәртіпті боп жүруге
Бақшамыздың әдіскері Индира Болатқызы
мен Ардак Елеусізқызына мың алғыс!
Әлихан: Талай-талай баспалдақты аттармыз
Ата-ананың үмітінде ақтармыз
Тәрбиеші сізден алған ақылды
Есімізде өмір бойы сақтармыз
Рамазан: Іш ауырса, тіс ауырса
Бізге дәрі береді.
Бақшамызды барлық бала
Оны жақсы көреді.
Витамин жеп қолынан
Өскен сәби баламыз
Дәрігер апай сізге де
Алғыс айтып барамыз.
Гүлнар апа мен Ақмарал апаға мың алғыс!
Жанель: Орыс тілін меңгерген
Шыңдарға бізді жетелеп
Нурия Мұстафақызына
Айтар алғысымыз мол!
Қайда жүрсекте сіздерге
Тілейміз біздер жарқын жол!
Аружан: Дене шынықтыру сабағын
Асыға күтіп тұрамыз
Қыста шаңғы тебесін
Жазда доппен ойнайсың
Баршагүл жанатқызына мың алғыс!
Ерген: Ағылшын тілі біз үшін
Ана тілмен бара-бар
Тілді үйренген балалар
Бар сайыста жана алар
Шет тілде бізді сайратқан
Айман Ержанқызына мың алғыс!
Али: Көп өткіздік қысты, жазды, күзді де
Мектепке де келіп қалдық біз міне
Ертелі кеш бізді баққан жалықпай
Күтуші апай ұмытпаймыз сізді де
Гүлдаурен Қабылтайқызына мың алғыс.
Тәрбиеші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын әнімізді бастайық.
Әдеп пенен өнегені үйреткен
Бақшамызды есімізде сақтайық!
Ән: «Қош бол балабақша»
Балаларға алғыс хат, мадақтамаларын тапсыру үшін бөбекжайымыздың директоры Нұрсұлу Мәдениетқызына сөз кезегі беріледі.
Марапаттау.
Жай әуен ойналып тұрады тәрбиеші өлең жолдарын оқиды.
Тәрбиеші: Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиімдеп сүйемін,
Өздеріңді сағынып біз жүреміз.
Құтты болсын аттаған қадамдарың,
Біз сіздерге сәтті сапар тілейміз!
- Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін, бөбектер. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер! Бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болып, сіздерді жетістіктермен қуанта беруін тілейміз!
Ата - аналардың құттықтау сөзі.
Тәрбиешілердің құттықтау сөзі.
Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды.
Қош сау болыңдар!
МКҚК №50 «Заңғар» бөбекжайы
Шұғыла ортаңғы тобының
балабақшамен қоштасу кеші.
Тәрбиеші: Есенова Венера
Орал-2016
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]