100 есеп жазғы үй жұмысы (8 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Жазғы үй жұмысы

8 сынып физика

  1. Массасы 3кг зат 2ºC-қа суыну кезінде 2340 Дж жылу бөліп шығарса, онда заттың меншікті жылу сыйымдылығы...

  2. Температурасы 25ºС, 3л суы бар кастрюль ішіне 100 ºC температурадағы 2л су құяды.Кастрюльдегі судың температурасы қандай болады?

  3. Температурасы -20ºC, массасы 2кг мұзды 1,26 МДж жылу бере отырып, қыздырды.Қыздырғаннан кейінгі мұздың температурасы...

  4. Массасы 1кг мыстың балқу кезінде ішкі энергиясы қаншаға артады?

  5. Мұздың температурасы 0ºC.Мұзға қойылған алюминий куб толығымен мұзға батып кету үшін, алюминий кубты алдын-ала қандай температураға дейін қыздыру қажет?

  6. 100г эфирді буландыру арқылы қандай мөлшердегі суды 273К температурадағы мұзға айналдыруға болады? Судың және эфирдің бастапқы температуралары 293К.Жылу алмасу тек су мен эфир арасында жүреді.

  7. Суретте келтірілген график бойынша массасы 2кг мұзды суға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері қажет екенін есептеңдер.

[pic]

  1. Массасы 100г темір калориметр ішінде температурасы 15ºC, массасы 500г су бар.Калориметр ішіне жалпы массасы 150г болатын, 100ºC температурадағы қорғасын мен алюминий салады.Осының нәтижесінде судың температурасы 17ºC-қа дейін көтерілсе, онда қорғасынның мөлшері қандай?

  2. Идеал газға 8 кДж жылу мөлшері берілді, осы кезде газдың ішкі энергиясы 14 кДж-ға артты.Газдың атқарған жұмысы:

  3. Идеал газбен 10 кДж жұмыс атқарылды.Осы кезде газ 6 кДж жылу мөлшерін береді.Газдың ішкі энергиясы ...

  4. Жылу машинасы қыздырғыштан 100 кДж энергия алады, ал салқындатқышқа 70 кДж энергия береді. Осы машинаның ПӘК-і қандай?

  5. ПӘК-і 4% жылу машинасы 3 кДж жұмыс атқарады.Жылу машинасы қыздырғыштан қандай жылу мөлшерін алған?

  6. Автомобиль 50км жолға 5,67кг бензин жұмсайды.Егер автомобильдің жылдамдығы 90км/сағ, ал ПӘК-і 22% болса, онда қозғалтқыштың қуаты қандай?

  7. Суретте газдың 1-күйден 2-күйге ауысу графигі көрсетілген.Газдың жасаған жұмысын

анықтаңдар?










  1. Идеал жылу қозғалтқыштың салқындатқышының температурасы 27ºC, ал қыздырғышының температурасы одан 90ºC-қа артық.Осы қозғалтқыштың ПӘК-і қандай?

  2. Жылу қозғалтқышының ПӘК-і 40%.Қозғалтқыштың қыздырғыштан алған жылу мөлшері оның салқындатқышқа берген жылу мөлшерінен неше есе көп?

  3. Шыны таяқшаны электрлегенде оның заряды 6,4·10Кл болды.Шыны таяқшаның массасы...

  4. Егер өзара әсерлесу күші 1,8 Н болса, 0,1 мкКл және 200 нКл екі нүктелік екі заряд бір-бірінен қандай қашықтықта орналасқан?

  5. Нүктелік зарядтан 12см қашықтықта электр өрісінің кернеулігі 36В/м болса, онда осы зарядтан 8см қашықтықтағы электр өрісінің кернеулігі қандай болады?

  6. Екі зарядталған шар қандай да бір ортада бір-бірінен 5см қашықтықта орналасқан.Осы шарлар ауада дәл сондай күшпен бір-бірінен 10см қашықтықта әрекеттеседі.Ортаның диэлектрлік өтімділігі қандай?

  7. Бір-бірінен 0,5м қашықтықта орналасқан зарядталған екі шар керосин ішінде бір-бірінен 0,34 ·10Н күшпен тебіледі.Шарлардың жалпы заряды 10Кл.Әрбір шардың заряды...

  8. Массасы 1,6·10г тозаң кернеулігі 1000В/м электр өрісінде қалықтап тұр.Тозаңдағы артық электрондар саны...

  9. Электр өрісінің -2·10Кл зарядты потенциалы -700В нүктеден потенциалы 200В нүктеге орын ауыстырғандағы жұмысы ...

  10. Эбонит таяқшаны электрлегенде оның заряды -3,2·10Кл-ға тең болды. Эбонит таяқшаның массасы ...

  11. Бір-бірінен 10см қашықтықта орналасқан екі протон арасындағы өзара әсерлесу

күші неге тең? Кл.

  1. Әрқайсысының сыйымдылығы 2 мкФ конденсаторлардың екеуі параллель, үшіншісі оларға тізбектей жалғанған. Конденсаторлардың жалпы сыйымдылығы неге тең?

  2. Массасы 10г май тамшысы пластиналарының арақашықтығы 2см жазық конденсатор өрісінде қалықтап тұр. Пластиналарға 1000В кернеу берілген. Май тамшысының заряды ...

  3. Конденсатордың бір пластинасының электр заряды +2Кл, екінші пластинасының заряды -2Кл.Пластиналар арасындағы кернеу 5000 В.Конденсатордың электр сыйымдылығы неге тең?

  4. Егер тізбектегі ток күші 8А болса, 20с ішінде өткізгіш арқылы қанша заряд өтеді?

  5. Көлденең қимасы 0,5ммжәне кедергісі 8 Ом никелин өткізгіштің массасы неге тең? (никелиннің тығыздығы 8900 кг/м, меншікті кедергісі 0,42·10Ом·м)

  6. Кедергісі 20 Ом өткізгіш арқылы 1мин ішінде 300 Кл заряд ағып өтсе, өткізгіш ұштарындағы кернеу қандай болғаны?

  7. Тізбек бөлігі параллель жалғанған 9 және 6 Ом резистордан және тізбектей жалғанған 12 ом резистордан тұрады.Тізбек ұшына берілген кернеу 24В. Кедергісі 9 Ом резистордағы ток күші неге тең?

  8. 110 В-қа есептелген электр шамының қуаты 40Вт. Шамның кедергісі қандай?

  9. Суретте көрсетілген схема бойынша тізбектің жалпы кедергісін анықта:

[pic]

  1. Кедергілері Ом, 30 Ом, 20 Ом үш резистор электр тізбегіне параллель жалғанған. Қай резистор арқылы көп ток жүреді?

  2. Электр қыздырғыштың спиралі арқылы өтетін ток күші 6А.Спиральдің көлденең қимасы арқылы 4с ішінде өтетін электрондардың саны қанша?

  3. Электр тізбегіне қосылған резистордың кедергісі 20 Ом.Резистордағы кернеу 50В. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1мин ішінде өтетін зарядтың шамасы қандай?

  4. Отыз бірдей шам параллель жалғанып, кернеуі 220В ток көзіне қосылған.Бір шамның кедергісі 1200 Ом.Осы тізбектегі ток күші...

  5. Электрқыздырғыштың кедергілері бірдей қыздырғыш элементінің екі секциясы бар.

  6. Егер осы секцияларды тізбектей жалғаса оларда 300 Вт қуат бөлінеді.Егер осы секцияларды параллель жалғап және кернеуді 2 есе азайтса, онда оларда бөлінетін қуат қандай болады?

  7. Суретте көрсетілген схема бойынша амперметрлердің көрсетуін анықтаңдар.

, , .


[pic]

  1. Кедергілері =1Ом, Ом, 3 Ом үш резистор электр тізбегіне алдымен тізбектей, сосын параллель жалғанады.Осы жағдайлардың қайсысында және қай резисторда көп жылу бөлінеді?

  2. Ток күші 1А болғанда 50 мин ішінде электролиттік хромдау кезінде шардың массасы қаншаға артты? Хромның электрохимиялық эквиваленті 0,18 ·10кг/Кл.

  3. Электролиз кезінде оң иондар 10с ішінде катодқа қарай +10 Кл заряд, ал теріс иондар осы уақыт ішінде шамасы осындай, бірақ теріс зарядтарды тасымалдайды. Тізбектегі ток күші неге тең?

  4. Вакуумдік диод арқылы 0,1А ток жүреді. Электрондық лампа арқылы 10с ішінде қанша электрондар өтеді?

  5. Мыстың электрохимиялық эквиваленті 3·10кг/Кл.Егер ваннадағы ток күші 5000 А болса, бір сағат ішінде катодта шөгетін мыстың массасы қандай?

  6. Электролит арқылы 4А ток өткенде 5 мин ішінде катодта 360мг никель жиналды. Никельдің электрохимиялық эквиваленті:

  7. Суретте жолақ магниттің магниттік сызықтары және 1,2,3 магнит тілшелер көрсетілген.Қай тілшеге магнит күшті, қайсысына әлсіз әсер етеді?

[pic]

  1. Суретте магнит өрісінде орналасқан тогы бар өткізгіш көрсетілген.Өткізгішке әсер ететін күштің бағытын көрсетіңдер.






  1. Суретте магнит полюстерінің арасында сызба жазықтығына перпендикуляр орналасқан тогы бар өткізгіш көрсетілген.Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің бағытын көрсет.







[pic]

  1. Күннің горизонттан биіктігі 46º. Жазық айнадан шағылған күн сәулелері тік төмен кету үшін жарық сәулелерінің айна бетіне түсу бұрышы:

  2. Егер күнмен жарықталған, биіктігі 110см тік тұрған сырық жер бетіне 130см көлеңке, ал телеграф бағанасының көлеңкесі одан 520см артық болса, бағананың биіктігі:

  3. Түсу бұрышы 54º болғанда, слюдада жарықтың сыну бұрышы 30º-ты құрайды. Слюдадағы жарық жылдамдығы:

  4. Жарық сәулесі вакуумде 24см қашықтықты жүріп өтеді, ал оптикалық мөлдір ортада сол уақыт ішінде 12см қашықтықты жүріп өтеді. Ортаның сыну көрсеткіші:

  5. Егер жарық сәулесінің түсу бұрышы 10º-қа азайса, онда түскен және шағылған сәулелердің арасындағы бұрыш ... азаяды:

  6. Нүктелік А денесінің жазық айнада кескіні қай нүктеде болады?






  1. Радиусы 4см жарқырауық шар экраннан 1м қашықтықта орналасқан.Экран мен шардың ортасында олардың центрлерін қосатын түзуге перпендикуляр радиусы 2см басқа шар орналасқан.Экрандағы көлеңкенің ауданы?

  2. Бір сағатта 25 Кл заряд өту үшін өткізгіштегі ток күші қандай болу керек?

  3. Тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=36 Oм  өткізгіштегі кернеудің төмендеуі  U1 = 9В.   Кедергісі    R2=64 Oм  болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120 В болғандағы өткізгіштің  R3  кедергісін анықтаңдар.

  4. 220 В-кд есептелген түрмыстьщ электр пешінде әркдйсысының жүмыс режиміндегі кедергілері 80,7 Ом екі орама сым бар. Айырып-коскыш арқылы тізбекке бір орама сымды, екі орама сымды тізбектей немесе екі орама сымды параллель қосуға болады. Әр жағдайдағы куатты табыңдар.

  5. Ток күші 0,5 А болғанда, 7,7 Кл зарядты тасымалдау қанша уақытқа созылады?

  6. Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай? 

  7. Кедергілері 0,5 кОм-нан әркайсысы 120 В кер-неуге есептелген, параллель қосылған он шам реостат аркы-лы кернеуі 220 В желіден коректенеді. Реостаттағы электр тоғының қуаты кандай?

  8. 20 кг ағаш көмірі түгел жанғанда қанша жылу бөлініп шығады? 250 г спирт жанғанда ше?

  9. Массасы 400 г алюминий кастрөлде температурасы 25 С болатын 1,5 л су бар. Кастрөлдегі суды 100 С- ға дейін қыздыру үшін қандай жылу мөлшері қажет.

  10. Көлемі 2 л спирт түгел жанғанда қанша жылу бөлініп шығады? Массасы 3 т мұнай жанғанда ше?

  11. Массасы 200 г бір кесек мұздың температурасы 0 С. Осы мұзды ерітіп, онан шыққан суды қайнату үшін қанша жылу мөлшерін жұмсау керек?

  12. Газдың көлемі 0,3 м³-тен 650 л-ге дейін ұлғайғанда 450 Дж жұмыс жасалған. Егер газ жұмыс жасау процесінде өзгермесе, онда оның қысымы қандай?

  13. ПӘК-і 40 % жылу қозғалтқышы газ қыздырғыштан 5 кДж жылу алған. Қозғалтқыштың жасаған жұмысы неге тең? Қанша жылу мөлшері жоғалған?

  14. Сұйық диэлектриктегі 4 нКл зарядтан 3 см қашықтықтағы өрістің кернеулігі 20 кВ/м. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі қандай?

  15. Көлемі 20 л, қысымы 80 кПа-ға тең газ ұлғайғанда, 496 Дж жұмыс жасалған. Газдың соңғы көлемін анықтаңдар.

  16. ПӘК-і 35 % жылу қозғалтқышы 1 с ішінде 12 кДж энергияны босқа жоғалтқан. Оның қыздырғыштан алған жылу мөлшерін анықтаңдар.

  17. 1мкКл және 10 нКл екі заряд 9 мН күшпен біріне-бірі қандай қашықтықтан әсер етеді?

  18. Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм² никелин жасалған электр қыздырғыштың спираліндегі кернеу 220 В болғанда ток күші 4 А. Сымның ұзындығы қандай?

  19. Егер темірдің бастапқы температурасы 390 С-қа тең болса, онда массасы 4 т темір сынықтарын балқыту үшін қанша энергия қажет?

  20. Электр құралы 45 минут ішінде 5 А токпен 162 кДж жұмыс жасайды. Құралдың кедергісі қандай?

  21. Массасы 0,75 кг суды 200 С-тан 1000 С-қа дейін ысытуға және 250 г будың пайда болуына қанша энергия жұмсалған?

  22. 6,8 В кернеу кезінде ұзындығы 100 м және көлденең қимасының ауданы 0,5мм2 мыс сымынан өтетін ток күшін есептеңдер.

  23. Электр қозғалтқыштың қуаты 3 кВ. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін анықта.

  24. Егер темірдің бастапқы температурасы 39 ºС-қа тең болса , онда массасы 4т темір сынықтарын балқыту үшін қанша энергия қажет?

  25. Электр құралы 45 минут ішінде 5 А токпен 162 кДж жұмыс жасайды. Құралдың кедергісі қандай?

  26. Көтергіш кран 6 т жүкті 2 мин ішінде 12 м биіктікке көтереді. Егер жүкті көтерген кезде кранның электр қозғалтқышының ток күші 51 А, кернеуі 380 В болса, онда кранның ПӘК-і қандай болады?

  27. Массасы 0,75 кг суды 20 ºС-тан 100 ºС-қа дейін ысытуға және 250 г будың пайда болуына қанша энергия жұмсалған?

  28. Электр қозғалтқыштың қуаты 3 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін анықтаңдар.

  29. Қуаты 600 Вт, ПӘК-і 80 % электр шәйнегіндегі бастапқы температурасы 20ºС болатын 1,5 л су қанша уақытта қайнайды?

  30. Бала жинағыш шыны линзаны суға батырды. Бұл жағдайда оның оптикалық күші өзгереме?

  31. Нәрседен экранға дейінгі қашықтық 1,8 м. Экранда анық кескін алу үшін фокус аралығы 0,4 м жинағыш линзаны қайда орналастыру қажет?

  32. Түскен сәуле мен шағылған сәулелердің арасындағы бұрыш 500. Жарық айнаға қандай бұрышпен келіп түскен?

  33. Суретте АВ нәрсе мен оның А1В1 кескіні көрсетілген. Салу арқылы линза мен оның фокустарының орналасуын табыңдар.

А1

В1

А В


  1. Неліктен проекциялық аппараттар мен фотоаппараттардың объективтері қозғалмалы болуы тиіс?

  2. Жарық сәулесі айнаға пермендикуляр келіп түседі. Егер айнаны 160-қа бұрса, шағылған сәуле қандай бұрышқа ауытқиды?

  3. Егер нәрсе линзадан 15 см қашықтықта орналасса, фокус аралығы 20 см линзадан кескін қандай қашықтықта пайда болады?

  4. Суретте жұқа линзаның бас оптикалық осіне қатысты сәуленің жолы көрсетілген. Салу арқылы линзаның орналасуы мен оның фокустарын анықтаңдар.




  1. Сурет бойынша СД және ВД бөліктерінің жалпы кедергісін есептеңдер.

  2. Егер А2 амперметрдің көрсетуі І2=0,1 А болса, А1 және А3 амперметрлердің көрсетулерін анықтаңдар.

  3. ВС бөлігіндегі токтың қуаты қандай?











В 1 С Д





  1. Бір-бірінен г қашықтықтағы q жэне q нүктелік электр зарядтары өзара Ғ күшпен әсерлеседі. Бір-бірінен 2г қашықтықтағы 2q және 2 q нүктелік электр зарядтары өзара қандаи күшпен әсерлеседі?

  2. Заряды 2 нКл су тамшысы заряды -1 нКл су тамшысымен бірікті.Пайда болған су тамшысының заряды қандай?

  3. Массасы 1,5т кірпіштен қаланған пешті 100С-тан 200С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет ?(С кірпіш= 880 Дж/кг0С)

  4. 2*107 Дж жұмысты орындау үшін тракторға 4,2*106 Дж/кг меншікті жану жылыу бар 1,5кг отын қажет болса, трактор двигателінің ПӘК-н анықтаңдар ?