Механика. Кинематика негіздері 1-нұсқа
Төбеден арасына 1с салып бірінен кейін бірі екі тамшы тамады. Екінші тамшы тамғаннан кейін 2с өткенде тамшылардың арақашықтығы ( g=10м/с2 )
А) 25м
В) 10м
С) 15м
D) 20м
Е) 5м
Бір пунктен бір бағытта шыққан екі автомобиль бірдей а=0,2м/с2 үдеумен қозғалады. Екінші автомобиль біріншісінен 10 секундқа кеш шығады. Екінші автомобильдің шыққан уақытынан санағанда, екі автомобильдің ара қашықтығы 70м болатын уақыт.
A) 35c
В) 10c С) 40c D) 30c E) 45c
Екі мотоциклшінің қозғалыстары x1 = 15 + t2 және x2 = 8t теңдеулері арқылы берілген. Олардың кездесу уақыты
6c; 5c
7c; 2c
3c; 5c
1c; 2c
9c; 7c
Материалдық нүкте радиусы 2м шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалғанда, айналымның ¼ бөлігінде жүретін жолы мен орын ауыстыруы
А) π м, 2 м
В) π м, 2√2
С) 2π м, 4м
D) π м, 2√3 м
Е) 2π м, 2м
Жаснды серіктің айналу периоды 1 тәул., радиусы R дөңгелек орбита бойымен Жерді айналып қозғалады. Серіктің 24 сағаттағы жолы мен орын ауыстыруы
А) 0;0
B) 2πR; 0
C) 2R; 2R
D) πR; 0
E) 2πR; 2πR
Шығыны 20 л/с болу үшін, радиусы 15см түтікшеде қозғалған сұйықтықтың жылдамдығы
А) 28 см/с
В) 0,25 м/с
С) 0,28 м/с
D) 0,5 м/с
Е) 1 м/с
2 м/с тұрақты жылдамдықпен 5с, сонан соң 0,4 м/с2 тұрақты үдеумен 5с қозғалған катердің жүрген жолы
А) 50 м
В) 60 м
С) 25 м
D) 100 м
Е) 90м
Егер бастапқы координат векторы (12;5), соңғы (4;11) дененің координат осіндегі дененің орын ауыстыру проекциясы
А) Sx = 8; Sy = 5
B) Sx = 8; Sy = 6
C) Sx = -8; Sy = 6
D) Sx = 8; Sy = -6
E) Sx = 16; Sy = 9
Жол және орын ауыстыруды салыстыр
А) модулі қозғалыс бағытына байланысты болатын шамалар
В) жол және орын ауыстыру – скаляр шамалар
С) жол – скаляр, орын ауыстыру – векторлық шамалар
D) жол және орын ауыстыру – векторлық шамалар
E) жол - векторлық , орын ауыстыру – скаляр шама
Гараждан шыққан автобус 12 рейс жасайтын болса, такси осы бағытта 6 рейс жасайды. Орын ауыстыруы мен жолын салыстыр
А) автобус пен таксидің жүрген жолы мен орын ауыстыруы бірдей
В) автобустың таксиге қарғанда жүрген жолы және орын ауыстыруы артық
С) автобустың жүрген жолы артық, орын ауыстыруы таксимен бірдей
D) таксидің жүрген жолы артық, орын ауыстыруы автобуспен бірдей
E) автобустың орын ауыстыруы артық, жүрген жолы таксимен бірдей
Тест жауаптары
1 нұсқа 2 нұсқа
3 нұсқа
4 нұсқа
1
A
B
E
D
2
D
E
D
C
3
C
D
A
A
4
B
A
B
A
5
B
C
E
D
6
A
D
E
C
7
C
A
B
A
8
C
B
C
B
9
C
A
D
B
10
C
B
A
D