Конденсатор Ашық сабақ 10-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



8.11 Конденсаторлар

Күні: 19.02.16 Сынып: 10 Пәні: физика

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Конденсатор туралы білу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Конденсатор құрлысын, түрлерін біледі


Оқушылардың басым бөлігі:

Конденсаторларды параллель және тізбектей жалғауды біледі


Кейбір оқушылар:

Формулаларды қолдана отырып есептер шығарады

Түпкі мақсат

Оқушылар:

Конденсатор құрлысы, түрлерін біле отырып, формулаларын қолданып есептер шығарады.


Негізгі физикалық терминдер:

Физикалық шамалар

Белгіленуі

формуласы

Өлшемдері

заряд

q

q=CU q=C [pic]

Кл

электрсыйымдылық

С

[pic] [pic]

Ф


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Конденсатор электрсыйымдылығы

Талқылауға арналған тармақтар: конденсатор дегеніміз не? Неліктен конденсаторды барлық техникада қолданылады? Конденсатордың электрсыйымдылықтың мәні неде?

Жетістік критериі

жетті

талпынады

  • Конденсатор түрлері мен қүрылысы жайлы мағлұмат алды

  • Конденсатордың түрлерін қолдана отырып, олардың электрсыйымдылығын есептей алады

  • Конденсаторды параллель және тізбектей жалғай алуға

  • Конденсатордың түрлерін қолдана отырып, формулалардың көмегімен электрсыйымдылығын есептей алады

Алдыңғы оқу

§8.1 Конденсатор электрсыйымдылығы

ЖОСПАР

2 мин

І.Ұйымдастыру

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)


4 мин (3+1)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (сәйкестендіру тесті)

1)10-сынып оқулығы

2 ) интернет желісі

4 мин(1+3)

ІІІ.Жаңа тақырып (Тақырыпты ашу үшін экранда суреттер арқылы оқушылармен бірге жаңа тақырыптың тақырыбын ашу)

1)10-сынып оқулығы

2 ) интернет желісі

17 мин(7+2+4+4)

IV. Топтық жұмыс(жаңа тақырыппен танысу, топпен бірге қорғау)

1)10-сынып оқулығы

2 ) интернет желісі

8 мин(2+2+2+2)

VІ. Топтық жұмыс (әр топ 3 сұрақтан дайындап сағат тілі бойынша топпен ауысады.)

1)10-сынып оқулығы

2 ) интернет желісі

8 минут

VІІ. Жеке жұмыс (есептер шығару) Мұнда оқушылар әр А,В,С деңгейдегі есептерді шығарады.(әр шығарған есептері бойынша балдық жүйеде бағаланады.)

1)10-сынып оқулығы

2) интернет желісі

2 мин

VІІІ. Кері байланыс (не білдім, нені орындауда қиындық туды)


  1. 20 нКл заряд потенциалы 500 В нүктеден 100 В нүктеге дейін орын ауыстырғанда өріс қандай жұмыс атқарады.(В)

  2. Бірінші конденсаторлың сыйымдылығы 0,5 мкФ, ал екіншісінікі 5000 пФ. Осы конденсаторларды тізбектей қосқандағы жалпы сыйымдылығын тап. (В)

  3. Бірінші конденсаторлың сыйымдылығы 0,5 мкФ, ал екіншісінікі 5000 пФ. Осы конденсаторларды параллель қосқандағы жалпы сыйымдылығын тап? (В)

  4. Бірінші конденсаторлың сыйымдылығы 0,5 мкФ, ал екіншісінікі 5000 пФ. Осы конденсаторларда 2 нКл заряд қорын алу үшін, оларға түсірілген кернеулерді салыстырыңдар. (В)

  5. Заряд бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырған кезед потенциалдар айырмасы 1кВ өрісте 40 мкДж жұмыс атқарады. Заряд неге тең? (В)

  6. Кернеулігі [pic] біртекті электр өрісінде [pic] заряд орналасқан. 10кДж жұмыс атқарылғанда заряд қандай қашықтыққа жылжиды? (В)

  7. Нүктелік зарядтың шамасын 4 есе арттырса, конденсатордың сыйымдылығы қалай өзгереді? (В)

  8. Конденсатордың бір астарында оң 0,2 Кл заряд. Конденсатордың электрсыйымдылығы 104 мкФ. Конденсатордың астрарларының арасындағы кернеу қандай? (В)

9. Бірінші конденсаторлың сыйымдылығы 0,8 мкФ, ал екіншісінікі 5 пФ. Осы конденсаторларды параллель қосқандағы кернеу шамасы? (В)

Қосымша ақпарат

Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлай-сыз? Сіз қабілеті жоғары оқу шыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспар-лайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Конденсатор электрсыйымдылығының мәні неде? Конденсатор барлық техникаға ең маңызды құрал ретінде қабылдай аласыз ба?




Топтық жұмыста топтар бірін-бірі критерий арқылы бағаланады.

Бағалау өлшемдері:

  1. Тақырып бөлігінің физикалық мағынасының ашылуы

  2. Әрбір формуланың мағынасының түсіндірілуі

  3. Конденсатор түрлері, тізбектей және параллель жалғануын көрсету

Жиналған балл арқылы орта баллды шығарып бағаланады.

1 балл-«2»

2 балл- «4»

3 балл-«5»

Информатика

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Жалпы сабақтың оқу мақсаттары оқушылардың толық нақты жауап қайтаруға, мүмкіндігінше уақыт аясында топтық және жеке жұмыстарда өздерін көрсете білуге негізделген. Осы мақсатты негізге ала отырып жұмыс жасадым. Жұмыс барысында оқушылар конденсатордың не екенін, құрлысын, түрлерін білді. Топтық жұмыс өз дәрежесінде болды. Бұл топтағы ахуал өткен сабаққа қарағанда ынтымақтастықта болғаны, бірлесіп жұмыс жасағаныy көре алдым. Мұнда топ толық алып шықты деп ойлаймын. Өйткені жоспар барысындағы жұмыстардың тиімділігін аңғардым. Алайда оқушылар әліде уақыт аясында жұмыс жасауды толық меңгеріп кете алмай жатыр. Өйткені белгілі уақытқа берілген тапсырмаларды уақытында орындап үлгермей жатыр. Оқушылар қозғалысы баяу болып жатыр. Келесі сабақтарды жоспарлауда оқушылардың топтық және жеке жұмыстарды орындауын жеделдететін мүмкіндіктер туғызу керектігін аңғардым.Мұнда тапсырмаларды мейлінше уақытпен санаса отырып жасау және аз уақытта орындай алатындай етіп тапсырмаларды жасау.

Қорытынды бағамдау

Жалпы алғанда оқушылар алдыңғы сабаққа қарағанда уақыттан ұтылғанымен тапсырма орындауда негізгі мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Өйткені барлық оқушы дерлік конденсатор не екенін білді, қолмен ұстап көрді, бірнеше оқушылар конденсаторды жалғауды үйренді, ал 2-3 оқушы конденсатор энергиясын есептеуді білді.