Жылу двигательдерінің пайдалы әсер коэффицентін есептеу
үшін Карно формуласын пайдалануға болмайды
Алғашқы машиналарда, бу машиналарында сырттан жанатын қозғалтқыштар пайдаланған. Бұл қозғалтқыштарда отын қозғалтқыш цилиндрінің астында жағылады. Ол қозғалтқыштардың пайдалы әсер коэффиценті өте төмен болған. Карно – бұл қозғалтқыштардың пайдалы әсер коэффицентін арттыру үшін көп еңбек етті. Ол өзінің зерттеулер нәтижесін 1824 жылы жария етті.
Қазіргі автомобилдер жанармай қозғалтқыш цилиндрінің ішінде жанатын іштен жану қозғалтқыштары 1860 жылдары пайда болды. Сырттан жану қозғалтқыштарының немесе бу машиналарының жұмыс істеу принципі, іштен жану қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципінен өзгеше. Сондықтан, қазіргі автомобилдерде қолданылатын қозғалтқыштардың ПӘК-ін есептеу үшін Карно формуласын қолдануға болмайды.
Сырттан жану қозғалтқышының схемасы Іштен жану қозғалтқышының схемасы
жылуды
жақсы
өткізетін
қабат
Сырттан жану қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципі мынадай:
Берілген жылу мөлшері қыздырғыштың ішкі энергиясын өзгертуге жұмсалады Q=U , ал жұмыс нөлге тең (А=0), себебі газ ұлғаймайды;
Жылу өткізгіштік арқылы жылу цилиндрге өтеді, бұл жылу жүйесінің ішкі энергиясын өзгертуге жұмсалады, ол энергия жұмыс істеуге жұмсалады. Бұл жүйенің кемшілігі, температуралар айырмасы -T қанша үлкен болса да жылу толық өтуге біршама уақыт қажет
T қанша үлкен болса қозғалтқыштың пайдалы әсер коэффиценті сонша үлкен болады.
Ал іштен жану қозғалтқыштарында T – үлкен болса, салқындатқышқа кететін жылу мөлшері артып, жүйенің ПӘК-і азаяды. Себебі, іштен жану қозғалтқыштарында жылу тікелей жұмыс істеуге жұмсалады. Керісінше,
T- үлкен болса, онда сыртқа кететін жылу мөлшері артады.Бұл жүйеде термодинамиканың бірінші заңы орындалады.
Жүйенің пайдалы әсер коэффиценті:
Бұл жерде Аn – пайдалы жұмыс, Q1 - берілген жылу мөлшері, Q2 - жоғалтқан жылу мөлшері.
Q1=cm(T1-T2)
T1 – қыздырғыш температурасы;
Т2 – салқындатқыш температурасы;
Q2=cm(Tс-T2)
Tc – газдың жұмыс соңындағы температурасы. Бұл температура салқындатқыштың температурасы - Т2 ге тең емес.
Бұдан % формуладан көрініп тұрғаны жұмыс соңындағы – Тс температура, салқындатқыш температурасы – Т2 ге тең болса, онда жылу жоғалту болмайды. Жылу қозғалтқышының пайдалы әсер коэффиценті ең жоғарғы мәні 100% болады. Іштен жану қозғалтқыштарының пайдалы әсер коэффицентін:
%
формуласымен анықтау керек.
Шунбаев Рабат Накипович
Есік медициналық колледжі