«Білім биржасы» зияткерлік сайысы
Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру мақсатында сабақты ойын түрінде өткізуге болады. Бұндай сабақтар оқушылардың қызығушылығын тудырып, қабілеттерін дамытады. Төменде «Білім биржасы» атты ойын сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелесу,ойын, практикалық
Ойынға бес адамнан тұратын 3 топ қатысады. Ойын 4 турдан тұрады.
1- тур. «Білім аукционы» экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.
2- тур. «Эрудиттер сайысы» Топтар оқу бағдарламасынан негізгі ереже мен түсініктерді білу бойынша сайысады.
3-тур. «Таңдау- табыс». Әрбір топ таңдаған пән бойынша берілген тапсырманы орындайды.
4-тур. «Сыйлықтар аукционы». Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.
Қажетті құралдар: күміс қобдиша, «Ұлы тұлғалар галереясына» ұсынылған портрет, әртүрлі купюрадағы «эвролар» ( «эврика» сөзінен шыққан зияткерлік ақша бірлігі).
Техникалық құралдар: компьютер, проектор, микрофон, жылжымалы экран.
Бағдарламалық жабдық: MS Power Point-та жасалған слайдтар, MS Excel –де жасалған бағалау парағы.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер ! «Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға қош келдіңіздер !
Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар.
Мінеки, мұнда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Командалар сайысын,
Көпшілікті тостырмай,
Міне, қазір бастаймыз.
Физика еді өмірдің
Асыл бір үлкен саласы.
Жаңарды сол физикамен
Елімнің өзен, даласы.
Жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар –
Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз! Ойынға қатысушы үш топ, әр топ алты ойыншыдан тұрады. Қарсы алыңыздар!
«Болашақ» дарындылар тобы:
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
«Эврика»- тапқырлар тобы
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
«Асыл тас» білгірлер тобы
Ұраны:
Асыл тастан шығады ұранымыз
Мектепті көкке шырқар қыранымыз.
Жүргізуші: «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім», - деген шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымыздың бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда «эврика» сөзінен алынған «эвро» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 50 эвродан бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту – өз қолдарыңызда .Аукционға оқу пәндері қойылады. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы – 10 эвро. Топ капитаны бағаны 10 эвродан жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап берсе – баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса , онда өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, ол топ аукционға қатыса алмайды. Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – cол білімді іске асыра білу дағдысы», - деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І-турды бастайық.
№ 1 лот- Ежелгі дүние тарихы пәні қойылады.
Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға – 10 эвро. Қай топ жоғары баға береді ?
Сұрағы: Әлемде адамзат баласы қаншалықты көп болғанымен , олардың сырт келбеті – түрі-түсі, шашы,көзінің түстері, бас сүйегі мен бет пішіні, нәсілдері бір-бірінен өзгеше болып жаратылады. Оның себебі неде ?
Жауабы; табиғат ерекшеліктеріне байланысты.
№ 2 лот. Аукционға физика пәні қойылады. (Сауда жүргізіледі).
Сұрағы: Велосипедші еңіске қарай 0,5м/с2 үдеумен қозғалып келеді.
Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 6 м/с-қа тең болса, 0,1 мин өткенде оның жылдамдығы қандай болады?
№ 3 лот. Ұлы тұлғалар галереясы .
Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған «Ұлы тұлға – бала би» деген атақтан дана би деген атаққа ие болған , жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының атынан елшілікке жіберілген. Ол атақты адамның елшілікке барғандағы сөздері бізге жеткен. Яғни, «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Атадан ұл туса игі, құл болмын деп тумайды. Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз» Бұл ұлы адам кім ?
Жауабы : Қазыбек би
№ 4 лот. Аукционға орыс тілі пәні қойылады.
Вопрос: Найдите лишнее слово в ряду:
Загадка, задача ребус, игры, шарада ?
Ответ:ребус
№5 лот. Күміс қобдиша. Кобдишада не жасырылған.
Жануарға ұқсас атым бар.
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын.
Білсеңдер, қане айтыңдар !
Жауабы: тышқан
№ 6 лот Физика пәні қойылады.
Сұрақ: Дән себілмей астық өнбейді (Булану конденсация)
Дария буланбай шық түспейді.
№ 7 лот
Сұрақ:Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгірсе, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?
Жауабы: мысық
Жүргізуші: Осымен І тур аяқталды. Қорытындысын экраннан көре аласыздар. Жоғары капитал жинаған топ ....
Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа берілген уақыт -2 минут. Әрбір дұрыс жауап құны – 10 эвро. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту керек. Ендеше, «Тіл қаруы –сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті», - деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз. Дайынбыз ба ? Уақыт !
2-тур. Эрудиттер сайысы.
1-топқа арналған сұрақтар.
ҚР Мемлекеттік Туының авторы кім ?
/ Шәкен Ниязбеков/
Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады.
/ 9/
Сандық мәнімен, бағытымен сипатталатын физикалық шамаларды басқаша қандай шамалар деп атайды?-Векторлық
Алгоритм сөзі қай ғылымның атынан шыққан ?
/әл-Хорехми/
Тарих атасы кім ?
/ Геродот/
Белгілі жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданатын сөздер.
/ диалект сөздер/
Жердің су қабатын қалай атайды ?
/гидросфера/
Астрономияның негізгі құралын атаңыз?
/ Телескоп/
Пернетақтада Ғ1-ден Ғ 12 дейінгі пернелер қалай аталады ?
/функциялық пернелер/
Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын центр арқылы өтетін кесінді ?
/ диаметр/
Температура нені сипаттайды?
/ Дененің қызулық дәрежесін/
Сөз және оның мағынасын зерттейтін сала ?
/ лексика/
Материя дегеніміз -
/Табиғаттағы кез-келген зат/
Сызықтық жылдамдық пен бұрыштық жылдамдық арасындағы қандай байланыс бар -
Заттың үш күйде болуының себебі неде?
/ молекулалардың орналасуна/
Жай қайтарғышты ойлап тапқан ғалым кім?
/ В.Франклин/
№ 2 топқа арналған сұрақтар.
Әріптердің рет ретімен тізілген жиыны
/ алфавит, әліпби/
Қағаздағы ақпаратты компьютерге енгізуге арналған құрылғысы
/ сканер/
Раіnt графикалық редакторында түстер жиынтығы
/ палитра/
Жұмыс істемей – ақ дененің ішкі энергиясының өзгеру процесі – Жылу берілу
Грек сөзінен аударғанда «хат жазуға арналған папирус парағы » деген мағынаны білдіретін не ?
/ карта/
Жердің Күндң бір рет айналып шығуына кеткен уақыт
/ жыл/
Шеңбер бойымен қозғалған дененің бұрыштық жылдамдығы қалай бағытталады? - Шеңбердің бір нүктесінен жүргізілген жанама бойымен бағытталады.
Ең кішкентай құс.
/ колибри/
Натурал сандар нешеден басталады ?
/ 1/
Адамзаттың өткен тарихын заттық деректер бойынша зерттейтін ғылым.
/ археология/
Молекула дегеніміз –
/Заттың химиялық элементтерінің қасиетін бойына сақтаған ең кіші бөлшегі/
Диффузия құбылысы дегеніміз –
/ молеуланың бір ортадан екінші ортаға өтуі/
Дененің қозғалысына байланысты құбылыстарды қай теория зерттейді?
/ Класикалық механика /
Шеңбердің 2 радиусының арасындағы центрлік бұрыш – Радиан
Жердің ауа қабаты қалай аталады ?
/атмосфера/
№3 тоқа арналған сұрақтар:
1. Ұсақ бөлшектердің ауа мен сүйықтардағы ретсіз қозғалуы қандай қозғалыс?
/Броуындық қозғалыс/
2. Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы –
Жылу мөлшері
3. ҚР жаңа Әнұраны қай жылдан бастап айтылып жүр.
/ 2006/
4. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала
/ фонетика/
5. Халықтардың әдет-ғұрпын, салт-санасының дамуын ерекшеліктерін зерттейтін ғылым ?
/ этнография/
6. Әл-Фараби қай жылдары,қай қалада өмір сүрген ?
/Отырар қаласында 870-950жж/
7. Дененің орнын қандай үш тәсілмен анықтайды ?-
Векторлық, координатолық және траекториялық
8.Заттың құрылысы,малекулалардың қозғалысын қай теория түсіндіреді?
/Молекула-кинетикалық теория/
9. Энергияның дененің көбірек қозған бөлігінен азырақ қозған бөлігіне қарай таралуы.
Жылу өткізгіштік
10. Центрге тартқыш үдеуді басқаша қалай атайды? –
Нормаль үдеу
11. Материалық нүктенің айналу центрінің маңында 1 с. ішінде жасайтын айналым саны –
Жиілік
12. Шөлге төзімді жануар ?
/ түйе/
13. Жердің тіршілік қабаты ?
/биосфера/
14. Процессор мен жады компьютердің қай бөлігінде орналасқан ?
/ жүйелң блок/
15.Қай айда 28 күн бар ?
/ барлық/
Жүргізуші: Енді «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», - деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.
3-тур. «Таңдау табыс » деп аталады. Сұрақ құны -50 эвро. Таңдауды капиталы аз топ бастайды.
1.Қыстыгүні қай үй жылы болады: ағаштан соғылғаны ма,әлде кірпіштен соғылғаны ма?
Ж: Қыстыгүні ағаштан жасалған үй жылы болады, өйткені ағаштың жылуөткізгіштігі кірпіштікінен аз
4.Қыстыгүні қандай аяқ киімнен аяқ тез тоңады: кең аяқ киімнен бе,әлде тар аяқ киімнен бе?
Ж: Тар аяқ киім кигеннен аяқ тез тоңады.Кең аяқ киімдегі ауа жылудың сыртқа өтуіне кедергі жасайды, өйткені ауа жылуды нашар өткізеді.
5.Оңтүстік ендіктерде тұратын халықтардың аптап ыстықта сенсең бөрік пен мақтадан сырып тігілген шапан киетіндері неліктен?
Ж: Ыстық өтпес үшін, мақтадан тоқылған тоқыма киімдердің талшықтарының арасында ауа қабаты болады.ал ауа жылуды нашар өткізеді.
6.Айдың бетінде тұрып «аққан жұлдыздарды» көруге бола ма?
Ж: Жоқ, өйткені айда атмосфера жоқ
7.Марс планетасында жұмыртқаны пісіруге бола ма?
Ж: Болмайды,өйткені атмосфера өте сирек
8.Қанттың салқын суға қарағанда ыстық суға тезірек еруі неліктен?
Ж: Температура артқан сайын диффузияның жылдамдығы артады.
Эксперттерден топ жауаптарын бағалап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Енді ең қызығы соңғы тур «Сыйлықтар аукционына » көшеміз .
Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар . Әр лотта жұмбақ жасырылған , жұмбақтың жауабы дұрыс болса, сыйлық сіздікі. Бастапқы баға – 30 эвро.
№ 1 лот
Он екі ақ парақ-
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем- ақ,
Сызылған тақталап
/ дәптер/
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы
Тұр бойында
/ қарындаш/
Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді ,
Салған ізі сөйлейді.
/Қалам/
Олар жайлы төреші,
Көрермендер өздерің.
Ақ – қарасын айырып,
Куә болды көздерің.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендеріңе көп рахмет!
Шын сезінген көрерменге
Айтамыз біз мың рахмет! – дей келе сайысымызды аяқтаймыз.
Сайыс соңында жеңімпаз топ анықталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.
«№ 121 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Зияткерлер сайысы
(9-сыныптар)
Пән мұғалімі: Амзеева Злиха
2016-2017 оқу жылы