Сабақ жоспары
Сынып:10 «А,Б» Пәні: Физика күні: «08 » қыркүйек 2016 ж
Тақырып: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы.
Негізгі идея: Бастапқы жылдамдығы ϑ 0 болатын дене көкжиекке α 0 бұрыш жасай лақтырылған қозғалыстың толық уақытын,х мах максимал ұшу қашықтығын,көтерілу биіктігін анықтау.
Оқу мақсаты: Батапқы жылдамдығы белгілі көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысымен танысады.Негізгі О у және О х остерінің бойындағы қозғалысты бір біріне тәуелсіз қарастыруға болатындығын түсінеді.Тригонометриялық теңдіктерді есептер шығаруда дұрыс қолданады.Қажетті формуланы қорытады,талдайды.Өздерін және достарын бағалайды.
Табыс критериі
Барлық оқушылар
Оқушылардың көпшілігі
Жекелеген
Оқушылар
Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы жайлы біледі.
Қозғалысты Ох және Оу өстерінде тәуелсіз қарастыруға болатындығын түсінеді.
Қажетті формуланы қорытады,есеп шығаруда қолданады.
Сабақ кезеңдері
Мұғалім не
істейді?
Оқушылар не істейді?
Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
Қандай қозғалыс еркін түсу деп аталады?
Еркін түсу қозғалыстың қай түріне жатады?
Көкжиек деген не?
Тригонометриялық атауларға байланысты топтарға бөлінуді ұсынады.
Сабақта жұмыс жасауға дайындалады
Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып,сабақ мақсатын анықтауға талпынады.Жекелеген оқушылар
сабақ мақсатымен қатар міндеттерін анықтайды
Косинус,синус,тангенс,катангенс белгіленуі жазылған кеспе қағаздар
Үй тапсырмасын тексеру
Дайын дұрыс жауаптар арқылы үй тапсырмасының дұрыстығын тексереді.
Барлығы дұрысын белгілейді
Көпшілігі дұрыс орындалғандығын мойындайды
Жекелеген оқушылар табылған олқылықтарын жояды
Дұрыс жауап парағы
Білімді, Білуді, Дағдыны тексеру
Оқушылардың тақырыпқа сай білімдерін еске түсіру үшін жұмыс жүргізеді.Қозғалыс графиктері ұсынылады.
Өткен материалдарды еске түсіреді
Бір-бірінен білім алуға ынталанады
Бұрынғы базалық білімдерін көрсетеді
Жаңа материалды игеруге дайындау
Бұлардың ұқсастығы мен айырмашылығын айтып беруді ұсынады.
Көпшілігі жұмыстың негізгі мақсатын түсінеді
Қандай қозғалыс екендігін табуға тырысады.
Жаңа білімді игеру
Тақтада слайд арқылы көрсетілім ұсынады.
Мұғалім берген көріністер арқылы негізгі ұғымды біледі, түсінеді
Жаңа білімді қабылдайды
Алған білімін жүйелеп, сипаттайды
Түсінуін тексеру
Оқушыларға негізгі формулалар беріліп,белгісіз шаманы анықтау қажеттілігі айтылады.Формуланы қорыту алгоритмін көрсетуді сұрайды.
Қатемен жұмыс жасалады.
Барлығы бір-бірінен білім алуға ынталанады
Базалық білімімен қатар жаңа ұғымды түсінгендігін дәлелдейтін тапсырмалар орындайды
Жаңа ұғымды түсіну барысындағы кемшіліктерін анықтайды, түзейді
Жаңа материалды бекіту
Тақырыпқа сай есептер жинағынан деңгейлік есептер береді,тексеріп,крите-
рий арқылы бағалайды.
Жаңа ұғымға қатысты ереже, термин, формула, көрсетіп атай алады.
Жаңа ұғымға қатысты ереже, термин, формуланы түсінідіре отырып сипаттайды
Жаңа ұғымға қатысты ереже, термин, формуланы нақты жағдайда қолданады
Деңгейлік есептер кеспесі,бағалау парағы
Үй тапсырмасын орындау жөнінде нұсқау
Үйге тапсырма тақырып соңындағы есеп шығару үлгілерін қарап келу беріледі,орындау жолын түсіндіреді.
Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады.Дәптерге орындалу әдістемесін жазып алады.Тапсырманың орындалу жолымен бөліседі
Қорытынды-сын шығару
Оқушылардың ынта- ықыласын жекелеген оқушылардың талдауын және критерий арқылы алған бағаларын ескере отырып,бағалау жүргізеді.
Сабақ барысында орындаған жұмыстарын талдайды, өзін-өзі бағалайды.Сыныптасының
жұмысын талдап бағалайды.
Топтық жұмыс нәтижесін талдап, бағалайды
Бағалау парағы