Физикалық кафе 8 - 9 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


[pic] Мұғалжар орта мектебі [pic]



[pic] [pic] [pic]




(8 - 9 класс)




[pic] [pic] [pic]





Физика пәнінің мұғалімі: Кулкаева Динара Есенжоловна




[pic] [pic] [pic]



2015 жыл






Пәні: «Физика және астрономия»
Сыныбы: 8
,9

- класс

«Физикалық кафе» ойыны
1. Білімділік: Оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін жетілдіру, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
2. Дамытушылық: Әрбір жеке тұлғаның ақыл – ойының дамуына көмектесіп, оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру және физика көкжиегін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа және еңбекке үйрету.

Көрнекілігі: топшамалар, слайд, тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтар.


Ойын шарты: Бұл сайысқа 8, 9 – сынып (а, б) оқушылары арасында өтеді. Әр сыныптан 4 оқушыдан қатысады. Даяршылар әр үстелге ас мәзірін алып барады, оқушылар өздері бірінші тағам, екінші тағам, салат, сусындар таңдайды.

Ас мәзірі

Салаттар:
1. «Физикалық ералаш». (логикалық сұрақ)

2. «Физикалық жұмбақ»
Бірінші тағам:
1. Физкалық кеспе. (сөз құрастыру)
2. Тұшпара. (сұрақ-жауап)

Екінші тағам:
1. Физкалық палау (сұрақ)
2. Лагман ( тәжірибе көрсету)

Сусындар:

1.Шырын (физикалық шамалар)

2. Шай ( формуланы жаз)

3. Айран ( ғалымдар, қандай заң ашқаны?)

Салаттар. 1. «Физикалық ералаш».

1 топ: Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма. [pic]

Бреуін бер алашқа

Қалады сонда қанша алма?



2 топ: Стол басында екі әке және екі

баласы отыр: бұларға алты

алма берді, ал алма саны тең

әрі бүтін күйінд жетті. Бұл қалай?

3 топ: Жұлдызды құрт күндіз ағаштың

басына қарай 6 м көтерілді.Ал

түнде 4 м төмен түседі. Жұлдызды

құрт 14 м ағаштың басына қанша

күнде шығады?

4 топ: Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан,

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты, қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге ойлап қой?





Салаттар. 2. «Физикалық жұмбақ»

1-жұмбақ.

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың.   (Жол)

2- жұмбақ.

Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың?  (Уақыт)

3- жұмбақ.

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?   (Жылдамдық)

4- жұмбақ.

Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді.   (Үдеу)


5- жұмбақ.

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді.     үш)

6- жұмбақ.

Бірдей көлемдегі масса кейде көп,

Аз болса да кейде дөп.

Делінеді бұл шама,

Аталуын тапшы тек.  (Тығыздық)

7- жұмбақ.

Күш көбейсе артады,

Аукадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады (Қысым)

8- жұмбақ.

Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл.  (Масса)


1. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланам күн сайын жарық үшін. (электр тогы)
2. Бар жоғын білмейсің,
Онсыз өмір сүрмейсің. (ауа - диэлектрик)
3. Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкпі бар алып.
Көпке түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат. (кемпір қосақ)
4. Күндіз қасыңнан қалмайды,
Бірақ ешкім ұстап алмайды.
Қорқақ па?
Қараңғыға бармайды. (көлеңке)
Бірінші тағам .1. Физкалық кеспе. (сөз құрастыру) Электродинамика

Бірінші тағам. 2. Тұшпара (сұрақ-жауап)

  • 1. Булану дегеніміз не?

  • 2. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дене пішіні мен көлемін өзгертетін деформация қалай аталады?

  • 3. ХБЖ жылдамдықтың өлшем бірлігі? –

  • 4.Жылу мөлшерді қандай әріппен белгілейміз?

  • 5.1тоннада қанша килограмм бар?

  • 6.Термодинамиканың І заңының формуласы?

  • 7.Зарядтар қандай кезде тебіледі?

  • 8.Кулон заңында пропорционалдық коэффицент нешеге тең?

  • 9.Қандай тәжірибе жасай отырып Гальвани “Бұлшық еттердің қозғалысы кезінд электр күші” кітабында толық сипаттады?

10.Магниттің неше полюсі бар және қандай?


Бірінші тағам. 2. Тұшпара (сұрақ-жауап)

  • 1. Орын ауыстыру қандай шама?

  • 2. Деффузия дегенімізне? – .

  • 3. Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді?

  • 4.Қысымның өлшем бірлігі? –

  • 5. 1MПа неше паскаль бар?

  • 6.Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе ондай қозғалысқалай аталады?

  • 7. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық векторлық шама?

  • 8.Гравитациялық тұрақты нешеге тең?

  • 9.Ньютонның әзілі бойынша формуланы қорытып шығарған екен, қандай әзіл?қандай формула?

10.Математикалық маятниктің формуласы?

Екінші тағам. 1. Физкалық палау (сұрақ) капитандар сайысы


Екінші тағам. 2. Лагман ( тәжірибе көрсету)

1. Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз.

  • Тапсырма: Стақанның ортасына дейін суды толтыр.

  • 1.Бетін қағазбен жап.

  • 2.Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін қысып ұста.

  • 3.Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.

4. Қолыңды ептеп қағаздан ажырат. Не байқалды? Су стақаннан төгілмейді,Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Себеб.. Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым.


2.Сендерге суы бар стакан және суы жок стакан берілед және салфетка берілед. Сендер стаканды қозғамай екінші стаканға тең етіп су құю.

Сусындар 1. Шырын (физикалық шамалар), масса, көлем, жылдамдық, уақыт, жол, қысым


2. Шай ( формула) -осы уақытқа шейін үйренген формуларды жазу және олшем бірліктермен атау

3. Айран ( ғалымдар, қандай заң ашқаны?)

Исаак Ньютон

Роберт Гук

Блез Паскаль

ЭванджелистаТорричели

Александро Вольт

Ампер Андре Мари

Г. Ом




[pic] Ас мәзірі [pic]


Салаттар:
1. «Физикалық ералаш». (логикалық сұрақ)

2. «Физикалық жұмбақ»

[pic] [pic] [pic]
Бірінші тағам:
1. Физкалық кеспе. (сөз құрастыру)
2. Тұшпара. (сұрақ-жауап)

[pic] [pic] [pic]

Екінші тағам:
1. Физкалық палау (сұрақ)

2. Лагман ( тәжірибе көрсету)
[pic] [pic] [pic]
Сусындар:

1.Шырын (физикалық шамалар)
2. Шай ( формуланы жаз,

физикалық шамаларды және

өлшем бірлікті ата)
3. Айран ( ғалымдар, қандай заң ашқаны?


[pic] [pic] [pic]