ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ №51 ГИМНАЗИЯСЫ
«Физ-мат кафесі»
(Кластан тыс физикалық кеш сценарийі)
Ұйымдастырушылар: Құлбатыр Жансерік
Ембергенов Жансұлтан
2016 жыл
«Физ-мат кафесі» сайысы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сабақта алған білімін одан әрі тереңдету, физикаға қызығушылығын арттыру, шығармашылық еңбекке баулу, тез ойлап, әр түрлі жағдайда тапқырлыққа, ұйымшылдыққа үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білім дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, іздемпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу
Көрнектіліктері: Ойын тақырыбы жазылған плакат, кешке байланысты нақыл сөздер, безендірілген зал, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел, компьютер, проектор, физикалық құрылғылар.
Өткізілу түрі: ойын
Өткізілу әдісі: сайыс
САЙЫС БАРЫСЫ
Дария:
Армысыздар сайысқа қатысушы оқушылар, көрермен қауым және ұстаздар. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін нәрсе - білім» - деп М. Әуезов айтқандай, бүгінгі сайыс білім, ізденіс, шығармашылық сағаты
Жарас:
Есепті түрлі-түрлі шығарамыз
Арасында ойын ойнап жарысармыз
Ойламалы сұрақ, жеңіл сұрақ бәрі де бар,
Кешімізді бастайық
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділ-қазыларды ортаға шақырайық!
Олар:(Әділ-қазы алқасымен таныстыру )
Сіздерден кафенің «Бухгалтерлік мекеме» деп аталатын бөлмесіне жайғасуларыңызды сұраймыз!
Дария:
Сонымен қатар, гимназиямызда өткізіліп жатқан МИФ апталығының құрметіне орай бүгін ашылғалы тұрған «ФИЗ-МАТ кафесіне » хош келдіңіздер демекпін! Біздің кафеде бүгін «электрондар мен протондар» білімдерімен күш сынасады. Осы кафенің ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар ендеше олармен таныс болыңыздар. Олар 9 Ә, 9Д сыныбының оқушылары тобы (Кафенің даяшысы орындарына алып келіп отырғыза береді) және 9А, 9Г сыныбы оқушылары тобы (екінші даяшы алып келіп отырғызады)
Құрметті кафе қонақтары! Өздеріңізге арнайы әзірленген столдарға жайғасыңыздар. Өздеріңізді үйлеріңізде отырғандай еркін сезініңіздер!
Сондай-ақ бұл кафеде математиканы-физиканы сүйіп оқитын, оның қыр-сырын меңгеруге құлшынысы бар барлық жанкүйерлеріне орын бар.
Жарас:
1.Ендеше командалар өздерін таныстырсын.
І – топ: Э Л Е К Т Р О Н! Міндетіміз: білім алу, Мақсатымыз: жеңіп шығу (Топ мүшелер бірге дауыстап айтады)
ІІ - топ: П Р О Т О Н! Ұраны: «Алғырлар жарыспайды, жарыста қалыспайды»
Дария:
Біздің бүгінгі қонақтарымыз сайысқа әбден дайындалған сияқты. Олай болса «АС МӘЗІРІН» ұсынайық (тақтада «Ас мәзірі» пайда болады).
Ас мәзірі:
«Мәңгі ұмытылмас» салаты
«Мақалдар қосылған винегрет» салаты
«Ұлттық тағам - бешбармақ»
«Физикалық кеспе»
«Тез пісір» атты қаймақ қосылған борщ.
«Физикалық рулет»
«Манты»
«Рагу»
«Дәмді физикалық тұшпара»
Жарас:
Құрметті кафе қонақтары! Біз сіздерге кафенің аспаздары әзірлеген сұрақтар соусынан тұратын "Мәңгі ұмытылмас" салатын ұсынамыз. Бұл салат сіздердің бойларыңызға жағымды сіңуі үшін командаларға сұрақтар қойылады. Егер бір команда сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, онда басқа команда жауап беру құқығына ие болады. Дұрыс жауап 1 балмен есептелінеді, әділ-қазылар мұқият болыңыздар.
Жарас:
Күн жүйесінде қозғалыс бағыты бойынша басқа жеті ғаламшардан өзгеше ғаламшар? ( Бұл ғаламшар-Шолпан. Онда Күн батыстан шығып шығысқа батады, басқаша айтсақ, барлық ғаламшарларға қарсы бағытта қозғалады)
Дария:
Бүкіл Әлемде бәрінен жылдам не?
(Жарық! Иә- иә достар, бүкіл Әлемде бәрінен жылдам-Жарық және ол 1 секундта 300 000 километрді немесе 300 000 000 метрді бағындырады!)
Жарас:
Ненің ұзындығын, тереңдігін, енін немесе биіктігін өлшей алмаймыз? (Бұл сұраққа физиканы немесе математиканы жақсы оқитын бала, менің ойымша, мүдірмей жауап бере алады. Жауап: Температура, Уақыт)
Дария:
Қай күн ұзақ: Қысқы ма? Әлде, Жазғы ма?
(Бір күнің 24 сағат. Ешқайсысы да ұзақ емес)
Жарас:
Иінді таразының екі аспасына ернеуіне дейін су толтырылған шелектер ілінген. Егер бір шелектегі суға ағаш кесегін салып жіберсек, таразы тепе-тең жағдайда тұруы мүмкін бе?
(Иа, тұра алады. Архимед заңы бойынша, сұйыққа батырылған дене өз салмағына тең сұйықты ығыстырып шығарады)
Дария:
Даяшылар, «Мақалдар қосылған винегрет» салаты.
Ұсынылған мақалдардың физикада кандай физикалық шаманы немесе заңды сипаттайтынын атау керек. (оқылатын мақалдар тақтада пайда болады, қонақтарға ұсынылған қағазда олар номерленген)
1. Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамас. /Инерция заңы (денеге басқа дене әрекет етпесе ол тыныштық қалпын сақтайды)/
2. Терек қисайған жағына жығылады. /ішкі энергия/
3. Жұпарды жасырғанмен исі білінеді. /диффузия құбылысы/
4. Қазан отпен, адам әрекетпен қызады. /ішкі энергияның өзгеруі/
5. Ит жүгіріп тазы болмас. / жылдамдық/
6. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. /Күш/
7. Қаз келсе, жаз келер, қарға келсе қатқақ келер /Жердің өз осінена йналуы/
8. Көк теректің жапырағы, желсізде сыбдырлайды. /Конвекция/
9. Қол жұмылмай - жылынбайды. /Жылу берілу/
10. Ас – адамның арқауы. /Энергия/
Дария (осы турды бітіреді) Болсақ даяшылардан жұмыстың қорытындысын Бухгалтерлер бөліміне алып баруын сұраймыз. Бухгалтерлер әділ бағасын береді деп сенеміз. Дұрыс жауаптарға назар аударайық.
Жарас:
Осы сәтті пайдалана отырып келесі кезең көрермендерге арналған «Ұлттық тағам- бешбармақ». Бұл кезеңге тек қана 9-шы класс оқушылары ғана қатысады. Әр дұрыс жауаптарың сайысқа қатысушы достарыңа 1 ұпай болып есептеледі.
Жарас:
1-ші сұрақ
3 суы бар стакан мен 3 бос стакан бір қатарда орналасқан. Бір ғана стаканды қозғау арқылы стакандарды «суы бар - суы жоқ, суы бар - суы жоқ» реттілігімен орналастыру керек?
Жауабы: 2-ші тұрған суы бар стакандағы суды 2-ші тұрған бос стаканға құю керек
Дария:
2-ші сұрақ
Бір қолдың екі саусағын ғана пайдалану арқылы көп күш жұмсамай берілген сіріңкені қалай сындыруға болады?
Жарас:
3-ші сұрақ
Көп күш жұмсамай-ақ берілген жіпті қалай үзуге болады?
Дария:
4-ші сұрақ
Жарас:
Қадірменді қонақтар сіздерге келесі кезекте "Физикалық кеспе" ұсынылады. Даяшылар, ұсынған асты жеткізіңіздер! Сіздерге бұл кезеңде екі топқа анаграмма беріледі. Артық сөзді табу керек және себебін түсіндіру қажет
Артық сөз – Дәптер. (Себебі: ол оқу құралы болып табылады).
Жарас:
Олай болса даяшылар әр команданың жауаптарын әділ-қазыларға апаруларыңыз сұраймын.
Дария:
Шындап тұрған шынардай арманы бар,
Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар
«Өнерпаз болсаң» бөліміне келіп жеттік,
Ойлантып отырғанды таң қалдырар, –деп келесі бөлімге көшейік
"Тез пісір" атты қаймақ қосылған борщ.
Екі минут уақыт ішінде топтар арасынан бір оқушы физикадан білетін формулаларын жазады және ол қандай формула екені түсіндіріледі
Жарас:
«Физикалық рулет»! (тәжірибе көрсету.) Әр команда өздері дайындап келген тәжірибелерін қарсылас командаға көрсету керек. Екінші командадан тәжірибені түсіндіріп беруі сұралады. Олай болса, даяшылар қонақтардың құралдарын алып келіңіздер.
2) Суға толы бөтелкені тесіп, сол тесіктен аққан суға лазер сәулесін белгілі бір бұрышпен түсірсек, лазер сәулесі тесіктен аққан сумен бағыттас таралады. Не үшін?
Дария:
Келесі ас -Манты. Екі минут ішінде тақтада көрсетілген физикалық шаманың сәйкес өлшем бірлігі және формуласы қолдарынызға берілген кестеге толтырыңыздар. Даяшылар, қонақтарға тапсырмасын жеткізсеңіздер.
Физикалық шама Формалалар Өлшем бірлігі
1 Жылдамдық -----------Б --------υ=s/t а Кг/м³
2 Масса -------------------В-------m ₁υ₁=υ₂m₂ г Метр
3Күш ----------------------Г--------F=mg ж кг
4Көлем -------------------Д ---------V=abc д м/с
5 Аудан ------------------Е -------- s=ab е м ²
Жол ------------------З -------- s=υt з м ³
7Тығыздық -------------И---------ρ=m/V и Н
Дария (осы турды бітіреді) Даяшылар, қонақтарымыз сұрақтарына жауап берген болса, жауап парақтарын қазыларға жеткізіңдер.
Жарас:
Біз, көрермендерге де ас дайындадық: Ол- Тұшпара! Көрермендерге сұрақтар қойылады, қолын бірінші көтерген адамнан сұралады. Бірінші болып дұрыс жауабын айтқан оқушыға сыйлықтар беріледі. Мұқият тыңдайық!
Жарас:
1. Бақтиярдың 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар? Жауабы:5 бала
Дария:
2. Бір жұмыртқаны пісіру үшін 4 минут уақыт керек. 4 жұмыртқаны пісіру үшін неше минут уақыт керек ? (4 минут)
Жарас:
3. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? Жауабы: Сәулесін судан көргенде.
Дария:
4. Мектептегі сайыста Құралай басынан санаса да, соңынан санасада 5 –ші орында тұрады. Сайысқа барлығы неше адам қатысқан? Жауабы :9
Жарас:
5.Ол сізге тиесілі «меншігіңіз» болса да, оны сіздің достарыңыз немесе жақындарыңыз өзіңізден гөрі көп қолданады. (Менің есімім немесе атым)
Дария:
6. Көп жағдайда жүріп тұрады, бірақ әрдайым орнында тұратын не? (Уақыт)
Жарас:
7. Қолымдағы теннис добы қайта өзіме оралып келу үшін оны қалай лақтыруым керек? (вертикаль жоғары)
Дария:
8. Не барлық тілде сөйлей алады? /жаңғырық/
Жарас:
Уаааау, бізде ас мәзірінде «Рагу» бар. Қанекей достар, бәріміз бірге, Рагу, рагу , рааагу!
(әуен ойнайды). Жарайды, жарайды! Бұл сайыста әр топтан бір қонағымыз шығып, мен айтқан іс-қимылды робот ретінде көрсету керек. Әділ қазылар мұқаят қарап әділ бағасын берерсіздер деп ойлаймын.
Ж: 1. Мейрамхананың терезесін жуып жатыр.
Д: 2.. Мейрамхананың асын әзірлеу.
Ж: 3. Мейрамхананың үстел үстін жинау.
Д: 4. Мейрамхананы сыпыру.
Жарас:
Мәзірде соңғы ас қалыпты, мұның да дәмін татайық. «Дәмді физикалық тұшпара»!
Бұл сайыста жәшіктің ішіндегі физикалық құралдың не екенін табу керек. Яғни жәшіктің ішіндегі заттарды ұстап көру арқылы, ішінде қандай зат бар екенін табу керек. Олай болса, даяшылар, жәшіктерді ортаға алып келіңіздер.
1. Магнит
2. Колба
3. Динамометр
4. Амперметр
5. Термометр
6. Линза
7. Білеуше
8. Калориметр
Дария:
Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады
Кеш қызығын талай адам тыңдады
Тәрбиелер тәлімі мол, әсерлі
Болса егер көңілді жақын тыңдады.
Барлық турларды қортындылап жеңімпаз топты анықтау үшін әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
Жарас:
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер–деп
бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жеткендігін жариялаймыз. Амандықта кездескенше достар!!!