Сабақтың тақырыбы: §38,39 «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.Электр кедергісі. Меншікті кедергі»
Сабақтың білімділік мақсаты: Электр тізбегіндегі кернеу мен кедергінің және ток күштерінің тәуелділігін анықтау. Кедергі өткізгіштердің қандай қасиеттеріне және қалай тәуелді болатынын анықтау.
Дамытушылық мақсаты: Эксперимент пен теорияның сәйкестігіне көз жеткізу. Ой - өрісін, қиялдарын, еркін сөйлеуін дамытып, формулаларды түрлендіре білуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың формуланы есте сақтауына және пәнге деген қызығушылын арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, деңгейлік тапсырмалар, интерактивтік тақта
Құрал-жабдықтар: Амперметр, вольтметр, ток көзі , кілт, резисторлар,шам, қосқыш сымдар, Омның суреті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
«Қызығушылығын ояту» Оқушыларға қайталау сұрақтарын қойдым.
Сабақ міндеттері.
Сабақ жоспары.
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Миға шабуыл (қызығушылығын ояту)
ІІІ. Мағынаны ажырату. Жаңа сабақ.
ІV. Есеп шығару
V. Үй тапсырмасы.
VІ. Қорытынды. Оқушыларды бағалау
ІІ. Қызығушылығын арттыру. Миға шабуыл
Мұғалім: біз өткен сабақтарымызда ток күші мен кернеуді жеке- жеке қарастырдық. Енді бүгінгі сабағымыздың мақсаты ток күші мен кернеу және кедергілердің арасындағы өзара байланыстарды анықтап, Ом заңымен танысу.
ІІІ. Жаңа сабақ .
Жаңа сабақ тақырыбы: «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Электр кедергісі. Меншікті кедергі»
Мұғалім: Мына суреттегі құралдарды атаңдар? 1және 2 нөміріндегі құралдарды ата, неге олай ойлайсың?
( кілт, ток көзі, резистор, амперметр, вольтметр, қосқыш сымдар. 1нөмір вольтметр, себебі ол тізбекке параллель жалғанады, ал 2 нөмір амперметр – ол тізбектей жалғанып тізбектегі ток күшін анықтайды.)
Мұғалім: Өткізгіштегі кедергі өзгермесе, онда ток күші кернеуге қалай тәуелді болады?
R – const. I ~U тура пророрционал
Мұғалім; Енді біз ток күшінің кедергіге қалай тәуелді екенін қарастырайық. Реостат арқылы тізбектегі ток күшінің өзгеруін бақылайық. (Кернеуі тұрақты кезде.)
Оқушы: Ток күші артқан сайын кедергі азаяды.
(Мұғалім тақтаға жазады. Егер U = const, I ~ [pic] ).
Мұғалім: Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы неміс ғалымы Георг Ом ашты
Мұғалім: Осы екі қорытындыдан формула құрастырайық:
[pic]
Мұғалім; Бұл формуланы Тізбек бөлігі үшін Ом заңы деп атайды
Ом заңының тұжырымдамасы; “ Тізбектің бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеугу тура пророционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болады”.
(Оқушыларға бірнеше рет қайталап айттыру керек).
Георг Ом суреті тақтаға ілінеді.
Мұғалім: Ом заңын қолданып есеп шығарған кезде белгісіз шаманы қалай анықтаймыз.
(Мұғалім тақтаға үшбұрыштың суреті салынған формуланы іледі). [pic]
U=I*R
R=U/I
Кедергі бірлігі: R= 1В/1А= 1 Ом
Кедергіні өлшейтін құрал: резистор( кедергі) , реостат
[pic] [pic] [pic]
І [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] V. Бекіту Есеп шығару
Оқушы: Ом заңы бойынша ток күші кедергіге кері пропорционал. Кернеуі екі өткізгіште 6В, ал ток күші В өткізгіште 1А, А өткізгіште 3А ге тең.
Мұғалім: Осы айтылғанды есеп шығару арқылы дәлелдейік. Тақтаға 2оқушы шығады.
№1 есеп.Мына шамаларды Ом-ға келтіріңдер: 200мОм; 0,5 кОм ; 50 Мом ;50 мОм ; 0,03МОм ;3кОм.
1) 200мОм=0,2Ом
2) 0,5 кОм=500Ом
3)50МОм=50000000 Ом
4)50мОм=0,05 Ом
5)0,03МОм=30000 Ом
6)3 кОм=3000 Ом
№2 есеп. Ұзындығы 10м, көлденең қимасы 0,1мм² мыс сымның кедергісін анықтаңдар.
Берілгені: Шешуі:
l=10м
S=0.1 мм2
⍴=0,017 Ом*мм2
т/к R-?
№3 есеп,Ұзындығы 120 м, көлденең қимасының ауданы S = 0,5 мм2 нихром сым темір, 220 В кернеуі көзіне жалғанған. Сымдағы ток күшін анықтаңыз.
Берілгені: Шешуі:
ℓ = 120 м R = ρℓ/S
S = 0,5 мм, R = 1,1 Ом·м² /м · 120 м / 0,5 мм = 264 Ом
U = 220 В, I = 220 В /264 Ом =0, 83 А
ρ = 1,1 Ом·мм² /м
Т/К: I - ? Жауабы: I = 0,83 А.т емір, 220 В кернеуі көзіне жалғанған. Сымдағы ток күшін анықтаңыз.
V. Үй тапсырмасы:
Үйге тапсырма: § 38.39, 18-жаттығу, №4,5 19-жаттығу №2
VІ. Қорытынды. Оқушыларды бағалау.