Сабақ жоспары Астрономия – аспан денелері туралы ғылым.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ жоспары

Сабақ № 3 Пәні физика Сынып 7 Күні 15.09.16

Сабақтың тақырыбы:

§ 3. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік мақсаты: Астрономия – аспан денелері туралы ғылым жайлы мағлұмат беру, әлемнің құрылымы және дамуы жайлы түсініктер қалыптастыру.

  • Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабылетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  • Тәрбиелік мақсаты: Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақ әдісі: баяндау, әңгіме, кітаппен жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақ көрнекілігі: суреттер, интерактив тақта, презентация.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 минут)

  1. Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.

  2. Топқа бөлу (3 топқа бөлінеді: жұлдыз, галактика, жер).


ІІ. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар мен тапсырмалар: (20 минут)

  1. Табиғат деген сөздің мағынасын түсіндіріңдер.

  2. Табиғат туралы қандай ғылымдарды білесіңдер?

  3. Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?

  4. Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?

  5. Физиканың мақсаты не?

  6. Материя, дене, зат ұғымдары дегеніміз не?

  7. Физикалық терминдер мен ұғымдар дегеніміз не?

  8. ХХ ғасырдың ең ірі ғылыми-техникалық жетістіктері қандай?


Электр құбылыс


Жылулық құбылыс

Жарық құбылыс






Берілген кестеге келтірілген сөздердің ішінен құбылыстарға қатысты сөздерді теріп жаз.(шардың домалауы, қорғасынның балқуы, күнің сууы, күннің күркіреуінің естілуі, қардың еруі, жұлдыздардың жыпылықтауы, судың қайнауы, таңның атуы, жаңғырықтың естілуі, бөрененің жүзуі, сағат маятнигінің тербелуі, бұлттың көшуі, жай түсуі, кептердің ұшуы, найзағайдың жарқылдауы, жапырақтардың сыбдыры, электр шамының жануы).


«Алты қалпақ» әдісі. Алты ойлау қалпақтары.

Әр типтің қысқаша сипаттамасы:

Ақ қалпақ

Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады.

Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қандай ақпарат қажет? Жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз? Қандай сұрақтар қойып, жауап алуымыз керек?

[pic]

Қызыл қалпақ

Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды?

[pic]

Сары қалпақ

Сары түс – күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады?

[pic]

Қара қалпақ

Қара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма?

[pic]

Жасыл қалпақ

Жасыл қалпақ – өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды.

[pic]

Көк қалпақ

Көк қалпақаспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?

  • Ақ қалпақ:

1) Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер физикалық құбылыстар деп аталады.

2) Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе зат деп аталады.

3) Астрономия – табиғат туралы ғылым.

  • Қызыл қалпақ: Іс-қимыл арқылы сөзсіз көрсет:

1) дене,

2) жаңбырды жауы,

3) Аристотель.

  • Сары қалпақ: Физика ғылымы кім үшін пайдалы? Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады?

  • Қара қалпақ: Қандай зиянды физикалық құбылыстарды білесің?

  • Жасыл қалпақ: Физика ғылымын қандай мақсаттарда пайдалануға болады? Жаңа технологияларға қалай пайдалануға болады?

  • Көк қалпақ: Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?


ІІІ.Жаңа сабақ. (10 минут)

Талқылау үшін сұрақ беріледі: Астрономия қандай ғылым деп ойлайсыздар?

Галактикалар – жұлдыздар жүйесі мен олардың шоғырлары.

Біздің ғалам – шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігі.

Космонавтика әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап, зерттейді.

Космогония аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейді.

Космология – бүкіл әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы ілім.

Астрономия грекше «Астрон» - жұлдыз, «номос» - заң деген ұғымды береді. Астрономия да физика сияқты – табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс – тіршілігіне байланысты қажеттілік себеп болды. Ол кезе уақытты, бағыт – бағдарды дәл көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан адамдар Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын болған. Сөйтіп практикалық қажеттілік астрономия ғылымының тууына ең басты түрткі болды.

Қазіргі астрономияның басты мақсаты – аспан денелерінің қозғалысы мен даму заңдарын тағайындау болып табылады. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерде немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне: галактикалар, жұлдыздар, планеталар, олардың серіктері, астероидтар мен кометалар, метеориттер мен шаң – тозаңдардан тұратын бұлттар жатады. Тұңғыш рет аспан денелерін жай көзбен емес, арнайы құрал – үлкейткіш оптикалық түтіктің жәрдемімен зерттеген италиян оқымыстысы Г.Галилей болды. 1608 жылы Голландияда денені үлкейтетін дүрбі жасалғанын біліп, онымен түнгі аспанды бақылап көрейін деп шешті. Ол өзі де бар болғаны кішісі -3 есе, үлкені 32 есе ғана үлкейтетін оптикалық түтіктерді құрастырып, ұлы жаңалықтар ашты.

Ол:

1. Ай – теп- тегіс «хрусталь шар» емес, жер сияқты ойпаттар мен қыраттардан тұратынын;

2. Шолпанның – планета екендігін, ол күн сәулесін шашырататынын, пішінін өзгертетінін; жерді айналатынын;

3. Күннің бетінде дақтар бар екенін; өз осінен айналатынын;

4. Алып планета – Юпитердің төрт серігін ашты.

5. Ай- жердің табиғи серігі екендігін;

6. Жер де басқа планеталар да Күнді айнала қозғалады деді.

7. Құс жолының орасан мол жұлдыздардан тұратынын ашқан болатын.

Осылайша ол Джордано Бруно мен Николай Коперниктің ілімінің дұрыстығын дәлелдеп берді. 1633 жылы шіркеу діншілдері сот ұйымдастырып, өз ілімінен «қайттым» деуге мәжбүр етті.

Физика мен астрономия ғылымдары бір – бірімен бірігіп табиғат заңдарын ұғынуға жәрдемдеседі. Мысалы, И.Ньютонның ашқан Бүкіләлемдік тартылыс заңы бойынша денелердің жерге құлауы, планеталардың Күнді айнала қозғалуы түсіндіріледі. Көптеген физикалық жаңалықтардың ашылуы аспан денелерін зерттеумен тікелей байланысты. Мысалы, гелий газы әуелі Күннен табылды. Ол спектрлік талдау деп аталатын физикалық зерттеу әдісін қолану арқылы анықталады. Ең алғаш бұл газ Күн құрамынан табылғандықтан, оны гелий ( грекше гелиос – Күн) деп атаған. Кейінірек ол Жердегі ауа құрамында да бар болып шықты. Астрономия нысандарын физикалық әдістермен зерттейтін ғылым саласы – астрофизика деп аталады.

Ғарыш кеңістігі, ондағы денелер физиктер үшін тамаша зертхана болып табылады. Мысалы, Ай бетінде ауа мүлдем жоқ. Сондықтан онда Жердегідей нақты вакуум алатын күрделі қондырғысыз-ақ тәжірибелер жүргізіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауға болады. Ай – Жердің табиғи серігі. Ол Жерге ең жақын тұрған аспан денесі. Оған бірінші рет 1969 жылы Америка азаматтары Н. Армстронг пен Э. Олдрин табан тіреп, аман-есен оралды. Сонымен қатар Кеңестер Одағы Ай бетіне өздігінен жүретін бірнеше «Луноход» автоматын бірінші болып қондырды. Олар Ай бетін суретке түсіріп, Жерге қайта оралатын қондырғыға Ай топырағының үлгілерін салып беріп отырды.

Ю. А. Гагариннің тұңғыш рет ғарышқа көтерілуінен бастап, астрономияның жаңа саласы – ғарышкерлік (космонавтика, грекше космос- ғарыш, наутик-кеме жүргізу) жедел дамып келеді. Космонавтика әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап зерттейді.

Аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейтін астрономия саласын ғарыштану (космогония) деп атайды. Космогония әлемдегі галактикалар мен жұлдыздар және басқа денелер қашан және қалай пайда болды, оларда қандай өзгерістер жүріп жатыр, деген сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ Әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы астрономия ілімін ғарышнама (космология) дейді. Әлемнің негізгі құрылымдары болып табылатын миллиардтаған галактикалардың ашылуы мен жұлдыздар мен планеталарға айнала қоймаған тұмандықтар мен бұлттардың табылуы осындай деректерге жатады.

Галактика деп бәріне ортақ бір центрден айналатын сансыз мол жұлдыздардың алапат үлкен жүйесін айтады. Аспандағы жай көзбен көрінетін самсаған 6000 жұлдыз Біздің Галактика деп аталатын бір ғана галактикаға жатады. Кейде «Сүт Жолы» деп те атайтын Біздің галактикада жай көзге көрінбейтін 200 миллиардтай жұлдыз бар. Оған аспан күмбезін белдеулеп жатқан, шашырап төгілген сүтке ұқсас, ақшыл жолақ та кіреді. Бұл жолақты Сүт жолы, ал қазақтар Құс жолы деп атайды.

  • Күн – Жерден орташа алғанда 150 млн. км қашықтықта орналасқан.

  • Ол осы Галактиканың кішігірім жұлдызы.

  • Жарық Жер бетіне секундна 300000 км жылдамдықпен 8 минутта жетеді.

  • Жарық бір жылда 9 460 528 405 000км жол жүреді. – осы қашықтық астрономияда бір жарық жылы деп аталады.

  • Біздің Галактиканың бір шетінен қарсы шетіне жарық 100 мың жылда жетеді. Әлемнің кеңдігі сондай, Біздің Галактикамен шамалас миллиардтаған галактикалар бар. Ал біздің галактикаға жақын көршілес екі галактика бар. Олардың бірін- Үлкен Магеллан Бұлты, екіншісін Кіші Магеллан Бұлты деп атайды. Біріншісінен жарық бізге 169 000 жылда, екіншісінен 180 000 жылда жетеді.

Өткен ғасырдың 20-жылдары Э. Хаббл галактикаларды пішіні бойынша үш топқа бөлген болатын:

1. Жұлдыздарды спираль бойымен орналасқан спиральдық галактикалар;

2. Эллипсоид пішіндес эллипистік галактикалар;

3. Белгілі бір пішіні жоқ бұрыс галактикалар.

Біздің Галактика спиральдық галактикалар қатарына жатады.



IV. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары: (10 минут)

Пысықтау.

  1. Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болған?

  2. Астрономия ғылымы нені зерттейді?

  3. Астрономияның қандай салалары бар?

Жұптық жұмыс:

Берілген сөздерден шағын эссе жазу.

Галактикалар

Біздің ғалам

Космонавтика

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру.

Жеке жұмыс «жалғасын тап» (10 минут)

  1. Астрономия…………….

  2. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі………..

  3. Біздің ғалам..........................

  4. Күнге ең жақын планета...................


V. сергіту сәті (3 минут)

1. Ұшады қанатсыз,

Зырлайды аяқсыз. (Зымыран).

2. Үш көзді батыр,

Жолды аңдып жатыр. (Бағдаршам).

3. Керек санды тересің,

Елге сәлем бересің. (Телефон).

4. Аспанда жүзеді, қанатын қақпайды,

Жерде де жүреді, бауырлап жатпайды. (Ұшақ).

5. Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,

Қара тұлпар жүр әрі – бері көшіп (Поезд).

6. Сымға асылып, жүр асығып,

Дыз-дыз етіп жүрегі,

Сымнан ұстап жүреді.

Өзіне адам мінеді.

Ол не, ал кім біледі? (Троллейбус).

7. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,

Есіркеп ешбір адам жемдемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Доғасын сымға сүйкеп, жол жөнейді. (Трамвай).

8. Мұздай мөлдір жұмыртқа,

Жарық берер ымыртта. (Электр шамы).

9. Самұрық құс самғады.

Көктен өтіп, айға жетіп,

Жеңілдеді салмағы. (Космос кораблі).

10. Баласының саны жоқ,

Ал өзінің жаны жоқ. Инкубатор


VІ. Кері байланыс. (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ) (3 минут)

VII. Үйге: §3. Мазмұны, өзін-өзі тексеру сұрақтары, 3-тапсырма.

VIII. Бағалау.

Галактикалардың барлығы да қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан пайда болады. Бұдан 15 миллиард жыл бұрын Әлем болмаған. Қазіргі ғаламат әлем тығыздығы шексіз үлкен, ал көлемі шексіз кіші нүктедей ғана белгісіз заттың жарылысынан пайда болған. Әлемнің бастауында тұрған жарылысты астрономияда «Үлкен Жарылыс» деп атайды.

Расында да, қазіргі жан-жаққа бытырай алшақтап бара жатқан галактикаларды кері қарай қайыра жинақтайтын болсақ , олардың 15 миллиард жылдан кейін бір нүктеде түйісетіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Міне, сондықтан әлемнің негізгі құрылымы – Галактикалардың жасы 12-15 миллиард жыл аралығын құрайды. Галактикалардағы жұлдыздардың жасы да бірдей емес. Олардың центріне жақын орналасқан жұлдыздар кәрі, ал шеткері орналасқан жұлдыздар жас жұлдыздар болып табылады.

Біздің Галактиканың жасы 12 миллиард жылдай. Күн оның спираль бұтағының шеткергі аймағында орналасқан. Күннің пайда болғанына 5 миллиардтай жыл болды. Оның құрамындағы элементтердің ядролық отындарының қоры тағы да 5-10 миллиард жылға жетеді.

Галактикадағы барлық жұлдыздар оның ядросын (центрін) айнала қозғалады. Күн Галактика центрінен 25000 жарық жылындай қашықтықта орналасқан. Ол Галактика центрін секундына 250 километр жылдамдықпен 480 миллион жылда бір рет айналып шығады. Бұл уақыт аралығын бір галактикалық жыл дейміз.

Көптеген жұлдыздарды төңіректеп олардың планеталары айналып жүреді. Күнді айналатын планеталар мен денелер толығырақ зерттелген. Олардың қатарын Күнге жақындарынан бастап санағанда мына сегіз планета құрайды:

1.Меркурий (Кіші Шолпан); 2. Шолпан; 3 Жер;

4.Марс (Қызыл жұлдыз); 5. Юпитер (Есекқырған); 6. Сатурн; 7. Уран;

8. Нептун. Күнді Нептуннан кейін айналатын 9 – планета саналатын – Плутонды кіші планеталар (астероидтар) қатарына қосайық деген келісім астрономдар арасында 2004 жылы қабылданды. Сонымен қатар Күнді төңіректеп, негізінен Марс пен Юпитердің арасында мыңдаған астероидтар («кіші планеталар») қозғалады. Олардың ең үлкені – Церераның диаметрі 1003 км. Астероидтардан кіші Күн төңірегіндегі кезбелерді кометалар (қазақша «құйрақты жұлдыздар»), ал олардан да кішісін метеориттер деп атайды. Кометалар Күнге жақындағанда оның қатқан тоңы мен мұзы еріп, буланады да, шұбатылған түтік тектес із қалдырады. Күн жалынының шарпуынан туған «күн желі» кометаның шұбатылған «құйрығын» үнемі Күнге қарсы жаққа үргілеп, бұрып отырады.

Аспан денелерінің бір-бірімен соқтығысуы- жиі болатын құбылыс. Әсіресе астероидтармен, кометалармен, метеориттермен кездесу көбірек орын алады. Планеталардың және олардың серіктерінің беттеріндегі үлкенділі-кішілі кратерлердің пайда болуы сондай соқтығысулардың салдары. Аса ірі соқтығысуларда Жердің айналу осі кенеттен үлкен бұрышқа бұрылып, жанатаулар атқылап, мұхиттардың топан сулары құрлыққа қарай жөңкілуі мүмкін. Міне, сондықтан астрономдардың бір бөлігі Жерге жақын қозғалатын аспан кезбелерін бақылаумен шұғылданады. Олардың қозғалу бағыттары туралы алдын ала болжамдар жасап, сақтандыру шараларын ұйымдастыруға жәрдемдеседі.